Меню
Назад » » »
Сөйлем. Суретпен жұмыс.
загрузка...

загрузка...
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Суретпен жұмыс.
а) Оқушылардың сөйлем туралы түсініктерін бекіту. Сурет бойынша жұмыс істей білуге үйрету. Сөйлем құрастыру дағдыларын жетілдіру.
ә) Бір - бірімен қарым - қатынасқа түскен кезде орынды сөйлеуге, әр сөзді дұрыс қолдана білуге үйрету, ана тілін құрметтеуге, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
б) Ауызекі сөйлеу тілдерін, ойлау жүйесін дамыту. Жылдам, әдемі жазу дағдыларын қалыптастыру. Өз пікірін дәлелдей білуге үйрету.
Типі: білімді бекіту.
Әдісі: сұрақ - жауап, жаттығу жұмысы, көрнекілік.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Біз бақытты баламыз
Ойнап, білім аламыз.
Қазақ тілі пәнінде
Оқып, жазу жазамыз
Дем алу жаттығуы:
1 слайд (( Қол жылту))
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыстың қай айы?
-Айнала қандай?
-Қар қандай?
-Ал мұз ше?
-Ауа қандай?
-Терезелерде не бар?
Қыс қандай болады? (қарлы,боранды,аязды)
Ал ендеше, далада жүргенде , қолымыз тоңып қалды деп ойлайық, қолымызды жылтайықшы.
Саусақ жаттығуы
2 слайд ((Қолғап))
Өткен тақырыптарды еске түсіру
Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
Дыбыс дегеніміз не?
3 слайд
Дыбысты айтамыз, естиміз.
Әріп дегеніміз не?
4 слайд
Әріпті көреміз, жазамыз.
5 слайд
Әріп деген не десең?
Ол – дыбыстың таңбасы.
Оқып, біліп үйренсең,
Боласың сен сауатты.

Дыбыстар неше топқа бөлінеді?
Екі топқа
Қандай топтар?
Дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар
Дауысты дыбыс дегеніміз не?
Ашық , созылып айтылатын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз?
Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
Қысқа және қысылып шығып айтылатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз
Дыбыстардан не құралады?
Дыбыстардан сөз, буын құралады, буындардан сөз құралады.
Сөздерден не құралады?
Сөздерден сөйлем құралады.
Соңғы сабағымызда сөйлем туралы айтқамыз . Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлем сөздерден құралады. Сөйлемдегі сөздер бір – бірімен бөлек-бөлек жазылады. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
6 слайд
Мысалы: Күн суық. Балалар далада ойнады. (сөйлем бас әріптен басталып жазылады, сөйлем соңында нүкте қойылады)
Сергіту сәті
1. Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір шынығып алайық
Шаңғы салып аяққа
Тауға қарай барайық
Шаршап кеттім апыр, ай
Орнымызды табайық.
Көркем жазу
Жұмбақ шешу

Жапалақтап жауады,
Жердің бетін жабады.
Бұл не аппақ мақтадай?
Қанеки, кім табады? (Қар) 7 слайд
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? ( қыс) 8 слайд

Қар қандай дыбыстан басталады?
Қ дыбысы
Қ дыбысына қандай сөздер білесіңдер?
9 слайд
Қоян, қалам, қарбыз.
Қ дыбысы қандай әріппен белгіленеді?
Қ әрпі
10 слайд
Ендеше дәптерімізге қ әрпін жазып шығайық.
2,3 деңгей 4 деңгей
Қ әрпін жазып шығамыз Қ әрпін теспе қағазынан басамыз
Бархыт қағазынан басамыз
Буындық диктант
2 деңгей 4 деңгей
қа қо қу қи оқ Қ әрпін жазып шығамыз
3 деңгей
Қа буынын басып шығады
Дыбыстық талдау
2,3 деңгей 4 деңгей
Ақ, қыс, қар сөздерін әріптер кассасында жазу, ауызша қар сөзін талдау Қ әрпін әріптер кассасынан табады

Жаңа сабақ (2,3 деңгей оқулықпен, ал 4 деңгей жеке карточкалардағы суреттермен жұмыс жасайды)
Оқулықпен жұмыс.
-Балалар, қазір біз сендермен суретпен жұмыс жасаймыз. Ол үшін оқулықтың 87 бетін ашамыз. 3 жаттығу.
Тапсырманы Жандосқа оқыту. Екінші рет өзім оқып талдаймыз
Суретке қараңдар . сұраққа жауап жазыңдар.
Бұл жылдың қай мезгілі? Балалар қайда келді? Олар не істеді? Кім құлады? Ит қайтті?
Балалармен суретті талдау.
Балалар енді осы құрастырған сөйлемдерімізді дәптерге көшіріп аламыз.
Көшіріп алмастан бұрын жаттығу орындаймыз.
Сергіту сәті
1,2,3 Бойға жинап күш
Дәптерімізді ашамыз
Қолға қалам аламыз
Әсем етіп жазамыз
11 слайд
Дәптермен жұмыс
2,3 деңгей 4 деңгей
Тақтадан көшіреді
Сұлбамен жұмыс.
Карточкалар
Балалар сырғанаққа келді. «Кім бірінші» ойыны
Қ А С Т У М
« Шанасын тап » ойыны тақтада орындау
Балалар осы әріптерді қызыл, көк үйге орналастырады.

Сабақты қортындылау. Музыка 12 слайд «Қаршықтар » ойыны
Сабақта балалар біз бүгін не істедік? Өткен тақырыптарды қайталадық. Сурет бойынша дәптерімізге сөйлемдер жаздық. Суретте қандай жыл мезгілі бейнеленген? Балалар қыс мезгілінен кейін қандай жыл мезгілі келеді? Жақсы көктем келеді екен. Көктемде ауа райы жылы болады . Төбемізде жарқырап күннің көзі шығады.
Рефлекция
Жақсы балалар сендерге сабақ ұнады ма? Енді көңіл -күйлеріңді күннің көзімен көрсетіңдерші.
13 слайд Күннің көзін сыйлау.
Бағалау . Мадақтау .
Үйге тапсырма беру.
87 беттегі ережені жаттап келесіңдер. 2,3 деңгей , ал 4 деңгей дәптердегі жеке тапсырмаларды орындап келеді Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Сөйлем. Суретпен жұмыс. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 384 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar