Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сөйлем және оның түрлері. -

Сөйлем және оның түрлері.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3496 | Размер: | Автор: гость
. АБДРАХМАНОВА А. Қ.
Үлкен Шаған жалпы білім беретін
орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі.
Батыс Қазақстан облысы,
Зеленов ауданы,
Үлкен Шаған ауылы
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және оның түрлері.
Сабақтың мақсаты: сөйлем түрлерін еске түсіру.
Күтілетін нәтиже:
-сөйлем түрлерін ажырата біледі;
-сөйлем түрлеріне анықтама бере алады;
-сөйлем түрлерін қайталауға берген тапсырмаларды өз беттерінен орындай алады;
-тиісті тыныс белгілерін қоя біледі;
-көркем жазу дағдысы жетіледі;
-сөздерді мағынасына қарай топтастыра алады;
-балама сөздер келтіре алады;
-топтық жұмыс кезінде өз-өзін бағалай алады.
Бағалау:
-сөйлем түрлерін ажырата алудан;
-әрқайсысына анықтама бере алудан;
-көркем,сауатты жазу дағдысынан;
-сөздердің мағынасын түсініп,қолдана білуден;
-балама сөздермен жұмыс жасау алудан.
-сөздерге дыбыстық талдау жасай білуден.
Типі: қайталау сабағы
Әдісі:сұрақ-жауап, практикалық, көрнекілік, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: түсіндірме сөздік,графопроектор, карточкалар,прайслист, бағалау стикерлері.
барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Қызығушылықты ояту.Ой қозғау.
«Артық сөзді тап» ойын-жаттығуы.
Монитордан сөздер тобын оқып,артық сөзді тауып,оларды дәптерге көркем жазады.
1.көркем,көрікті,келбетті,сұлу.
2.жусан,қызамық,өлең,бетеге.
3.к,қ,с,п,й,т
4.лақ,түйе,сиыр,қой,жылқы.
5.тату,тәуелсіз,егемен,толерантты.
6.Мариан,Алатау,Тянь-Шань,Алтай
-Жазылған сөздердің алғашқы дыбыстарын қарындашпен сызып шығыңдар.
-Қандай сөз шықты?
ІІ. Жаңа сабақ.
-Ендеше,біз бүгін сөйлемнің түрлерін еске түсіріп,оған берілген бірнеше тапсырмаларды орындап көреміз.
-Алдымен мына сұрақтарға жауап берелік.
1.Сөйлем дегеніміз не?
2.Сөйлемнің қандай түрлері бар?
3.ба,бе,ма,ме,па,пе шылаулары сөйлемнің қай түрінде кездеседі?
4.Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің айырмашылықтароы қандай?
5.Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
Тыныс белгілерінің арнау-айтысы:
Саягүл:Ей,кішкентай ғана нүкте!
Сенің осы керегің жоқ-ау түкке!
Альбина:Мен сөйлемнің соңында тұрам,
Солында емес,оңында тұрам.
Сөйлемдердің жігін ажыратып,
Кідіріс белгісі ретінде тұрам.
Саягүл:Ауызыңды ашып, сұрайсың да тұрасың,
Беліңді жазып, қашан тіке тұрасың?
Батырлан:Маған ең алдымен шылау керек,
Олар жазылуы тиіс бөлек,
Екіншіден сұрау есімдіктері керек,
Сөйтіп,ел-жұрттан жинаймын дерек.
Саягүл:Сен неге айқайлай бересің,
Сөйлемге қандай мағына бересің?
Саят:Мен текке айқайлай бермеймін.
Қуанып,күле білемін.
Кейде өкініп,режісем де
Көтеріңкі,көңілді жүремін.
Мағынаны тану.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Сәби туралы ой өлеңі. Дауыс ырғағымен оқу.
-Сәби сөзіне қандай балама сөздер келтіруге болады? Орнына қойып қайта оқып көрелік
/нәресте,перзент,бөпе,балақай/
-өлеңді іштей оқу;
-хормен дауыстап оқу;
-сұрақ-жауап:
-өлеңде адамның қай аты кездесті?
-Тоқтар деген кім?Батыр деп қандай адамды айтады?
-өлеңде қандай сөйлемдер бар?
-1-2 оқушы өлеңді дауыс ырғағымен оқиды.
Топтық жұмыс.
2-жаттығу.
І топ.Әр сөйлем карточкаларға бөлек-бөлек жазылады.Топтың алты оқушысы 6 сөйлемді көшіріп,алманың орнына тиісті тыныс белгісін қояды.
ІІ топ.Жаттығу ішінен екі лепті сөйлемді тауып,көшіреді.Сол екі сөйлемді сұрақ белгісін қойып,сұраулы сөйлемге айналдырып жазады.
І топ.3-жаттығу.Жаңылтпашты жатқа жазу,тиісті тыныс белгісін қою.
ІІ топ.6-жаттығу.Қаратпа сөзді тауып,қаратпа сөзі бар сөйлемдерді ғана жазады.Диалог дайындайды.
Екі топқа 5-жаттығу
Топ жұмыстарын стикерлермен бағалау.
ІІІ.Қорытынды.
Графикалық диктант.+,- таңбасымен таңбалау
Сұрақтар монитордан оқылады:
1.Сөйлем тиянақты ойды білдіреді.+
2.Сұраулы сөйлемнен кейін сұрақ белгісі қойылады.+
3.Сөйлемнің алғашқы сөзі кіші әріппен жазылады.-
4.Сөйлем буыннан құралады.-
5.Сөйлем айтылуына қарай 4-ке бөлінеді-
Графикалық диктант тексеріледі.5,4 балл жинаған оқушылар аталады.
Толғаныс.Карточкамен топтық жұмыс.
І топ. «Егемен» сөзіне фонетикалық талдау жасайды
ІІ топ.Түсіндірме сөздіктен «егемен» сөзіне анықтама жазып береді,сол сөзді пайдаланып сөйлем құрайды.
ІҮ.Бағалау.Прайслист арқылы өзін-өзі бағалайды,стикерлер саналады,балл ескеріліп,жалпы мұғалім бағасы күнделіктеріне қойылады.
Ү. Үйге тапсырма.4-жаттығу,42-бет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.