Меню
Назад » » »
Сөйлем және сөз
загрузка...

загрузка...
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылы
№147 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Маханова Акмарал Итеновна

1. Қазақ тілі. «Сөйлем және сөз» 2 сынып.
2. «Озық ойлы оқушы» сыныптан тыс жұмыс.
3. «Ө дыбысы мен әрпі» 1 сынып.

Қазақ тілі 2-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және сөз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:сөйлем және сөз тақырыбы бойынша 1- сыныпта алған білімдерін еске түсіру; сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құраcтыра б3лу дағдыларын арттырып ,байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Дамытушылық:сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелілік:білімге құштарлық сезімдерін ,еңбекшілдікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:оқулық, «Әріптер әлемі» ертегісіне арналып салынған сурет,тірек сызба,тыныс белгілері, слайд-суреттер.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,топтастыру,еркін жазу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а)Психологиялық дайындық.
Оқушылар орнынан тұрады.
Мұғалім: - Екі көз не үшін керек?
Балалар: - Бір жақсылықты көру үшін.
Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек?
Балалар: - Ақыл – кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: - Екі қол не үшін керек?
Балалар: -Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: -Екі аяқ не үшін керек?
Балалар: -Шетте жүрсең, Туған жерге жету үшін.
ә) сабақтың мақсатымен таныстыру
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды жақсы тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек. Бүгінгі сабақта сөйлем және сөз туралы білімімізді жетілдіреміз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) – Үйге қандай тапсырма берілді? (5 - жаттығу)
Оқушыларға жазып келген әңгімелерін оқыту.
ә) Өткен тақырыпты бекіту
- Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз? (сөйлем)
-Сөйлем нелерден құралады?
- Сөйлемнен не құрастырамыз?
- Олай болса мынадай бір мәтінді тыңдап көрейік.

ІІІ. Жаңа сабақ.
"Әріптер жемісі» ертегісін баяндау арқылы проблемалық сұрақ қойып,сабақтың тақырыбын логикалық ойлату.
Ерте заманда әріптер барлығы бірге өмір сүріпті.Олар барлығы бір түсті болыпты.Тату – тәтті өмір сүріпті.Бір күні қатты дауыл соғады.Желдің қатты соққаны соншалық әріптердің барлығы жан – жаққа шашырап ұшыпты.
А,ә,е,и,о,ө,ү,ұ,ы.і.э,ю,я – дыбыстары күнге қонып күйіп қып – қызыл болыпты.
Б,в,г,ғ,д,ж,з, -дыбыстары ағашқа қонып(ұяң) болып қалыпты.
К,қ,п,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ – дыбыстары ағаштың діңіне қонып( қатаң) болыпты.
Л,м,н,ң,р,й,(у) – дыбыстары бұлтқа қонып( үнді) болыпты.
Олар күні бойы қайғырып – жылап,» Не істейміз?» дейді.Ең жоғарыда тұрған дауысты дыбыстар болған соң, бәрін көріпті.Ортақ шешімге келеді екен.
Бұларды біз бітірейік-деп, келіседі.Одан кейін олар әріптерден буын,буыннан сөз құрапты.
-Ал сөзден кейін не құрайды? - Әрине, сөйлем.
III.Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу.
Қарашаның жиырма екісі.
Сынып жұмысы.
Сөйлем және сөз.
1 – жаттығу. Сөздер мен сөйлемдерді оқу.
Сөздер: кітап,дала,суытты, көркем, жаңбыр, күшті, ағаш, дос, оқыды.
Сөйлемдер: Кітапты күтіп ұста. Далада суық жаңбыр жауып тұр. Көк бие құлындады.

әріптерден құралады

дыбыстан құралады буыннан құралады

СӨЗ
санның атауы нәрселердің атауы

қимылдың атауы

3-жаттығу. Қайрат сабақтан келгенде ,үйден жазылған қағаз тауып алды.Оны кішкентай қарындасы Айжан жазыпты. Қайрат не жазылғанын түсіне алмады.Айжанның не жазғанын оқып көріңдер.
МЕНДОСЫМНЫҢҮЙІНЕКЕТТІМБІРСАҒАТТАНКЕЙІНКЕЛЕМІН
Дұрыс сөйлем: Мен досымның үйіне кеттім.Бір сағаттан кейін келемін.
-Айжанның жазуын оқу неге қиын болды?
- Ол сөйлем жазудың қандай ережелерін білмейді?
-Әр сөйлемде неше сөз бар?

сөздерден құралады соңына тыныс белгісі қойылады
СӨЙЛЕМ

бірінші сөзі бас әріптен сөздер бөлек жазылады
бастап жазылады

белгілі бір ойды білдіреді
IV.Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.
V.Оқулықпен жұмыс. 4-жаттығу.
-Өлеңді дауыс ырғағын келтіріп оқу.
-Жақсы көретін пәндері туралы сұралады.
-Қай сөйлем сұрау мағынасында айтылып тұр?
- Қай сөйлем көңіл -күйді білдіреді?
-Қай сөйлем хабарлауды білдіреді?
Ереже: Сөйлемнің соңына не нүкте (.) , не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.
VI.Ойын. " Артық сөзді тап" Неге ол сөз артық деп ойлайсың? Дәлелдеуге тырыс.
а) Шәй,сүт,нан,айран,кітап,сыр,кәмпит,балық,май.
ә) сөйледі,жазды,отырды,Асқар,оқыды.
б) қызыл,жасыл,сары, қағаз,қара, көк, күлгін.
в) алты,он, жиырма, тақта, тоғыз,сегіз, тоқсан.
VII.Шығармашылық диктант. Сөздерден бір сөйлем құрастырып жазыңдар.

-Сөздерді мағынасы бойынша қалай байланыстыратындарыңды айтыңдар.
VIII.Жаңа сабақты қорытындылау.
1.Сөз неден құралады?
2. Сөйлем дегеніміз не?
3. Cөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылады?
IX.Бағалау кезеңі:
X.Үйге тапсырма: 5 – жаттығуды орындау, 78-бет.

Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ө дыбысын сөз ішінде дұрыстанып оқуға жаттықтыру.
Дамытушылығы: Сауатты жазуға, оқуға, сздік қорын молайтуға баулу.
Тәрбиелілігі: Мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай ? сұрағына дұрыс жауап беруге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, әріптер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:
Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру
Ө дыбысы қай буында кездеседі?
2. Әр оқушыға тізбектей оқыту.
3. Рольмен әңгімелеу
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау
ІҮ. Өткен сабақтан алған білімін бекіту:
-Төрт түліктерге нелер жатады?
-Түйе, қой, сиыр, жылқы.
Төрт түлік атасы не деп аталады?
-Түйе атасы –Ойсыл қара.
Сиыр атасы -Зеңгі баба.
Жылқы атасы-Қамбар ата.
Қой атасы-Шопан ата.
-Төлдер қалай аталады? -Бота, қозы, бұзау, құлын.
Мақал-мәтел айтуға жаттығу. Жұмбақ шешу.
Сөз атасы-мақал. Бір беткейде екі көл. (көз)
Жақсы сөз-жарым ырыс. Күміс қасықтың
Өтірік айтпа, ұрлық жасама. Асты алтын (Тіл мен сөз)
Жағасы құрақ,
Мөлдір суат. (көз)
-Қандай суат? –Мөлдір суат.
- Қандай ? сұрағына жауап болатын сөздерді табу.
Сергіту сәті.
- Буындық, дыбыстық талдау жасау.
Көже, көрік, көкек, сөз, төл, шөже, көлік, көмек, көз, төл, көл.
- Өлең жаттауға жаттығу
- Дәптермен жұмыс: Үлгі бойынша берілгенді жазу.
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
Біз бүгінгі сабақта өткен сабақтан алған білімімізді пысықтадық.
-Дауысты дыбыстарды атау
- дауыссыз дыбыстарды атау
-Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Сөйлем және сөз можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 402 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar