Меню
Назад » » »
Сөйлем және сөз
загрузка...

загрузка...
Ақмола облысы, Бұланды ауданы
Макинск қаласы мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі, жоғары санат
Еркенова Анар Ризабекқызы
Қазақ тілі 2 «А» сынып

Қазақ тілі Сынып: 2 «А» Күні:24.10.15 Мұғалім:Еркенова А.Р
Сабақтың тақырыбы Сөйлем және сөз
Мақсаты 1.Білімділік:Сөз бен сөйлемнің айырмашылығын,олардың құрылымын анықтайды. Оқушыда сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау: оқушыларды сөйлемді оқыған кезде дауыс ырғағын салыстыру арқылы оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. 2.Дамыту: тіл дамыту, рефлексиялық жаттығуларды, шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың байланыстырып,сауатты сөйлеуі дамиды. 3. Тәрбиелік:Өзін-өзі бағалауын жетілдіріп; өз біліміне сын көзбен қарай білуге,көркем,сауатты жазуға тәрбиелеу.Қайырымдылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Табыс критерийлері - өз ойларын толық,сауатты жеткізуге тырысады; - шығармашылық,логикалық тапсармалар арқылы ой-қиялдары дамиды; - пікірлерін айтады,топпен жұмыс істеуді,өзін-өзі бағалауды үйренеді;
Әдіс-тәсілдер Жеке жұмыс,топпен жұмыс,жұппен жұмыс,сұрақ-жауап,АКТ,диалогтік оқыту,миға шабуыл,түсіндіру,талдау,жинақтау,кластер,ойын.
Көрнекілік Сурет,үлестірмелі материалдар,интербелсенді тақта,бағалау парағы, А4.
Сабақтың түрі Ертегі сабақ
Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1-топ:әңгімелеу мәтіні 2-топ:сипаттау мәтіні 3-топ:пайымдау мәтіні (оқушыларға әрқайсысына үш түрлі мәтін беріледі)
оқушыларға әрқайсысына үш түрлі мәтін беріледі,оқушылар қабырағаға қарап мәтіндерін оқып,өз мәтіннің түрлеріне қарай өз топтарын тауып отырады
Үй тапсырмасын сұрау Үй жұмысы дәптерлерін тексеру 4-жаттығу, 76 бет
Қызығушылықты ояту Миға шабуыл «Бауырсақ» ертегісі Қоянның 1-тапсырмасы. 1.Дыбыс дегеніміз не? 2.Әріп дегеніміз не?
3.Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай білеміз?
4.Буын дегеніміз не?
5.й,ң,у әріптері қалай тасымалданады?
6.Қай уақытта сөз жуан н/е жіңішке айтылады?
7.Дыбыс нешеу?Әріп ше?
8.Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұраққа жауап береді?
9.Бас әріптен басталатын сөздер?
10.Дауысты,дауыссыз дыбыстың айырмашалағы?
Мағынаны тану Жаңа сабақ Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
«Бауырсақ» ертегісі Қоянның 2-тапсырмасы.
1.кітап,дала,суытты,көркем, жаңбыр,күшті, ағаш,дос,оқыды.
2.Кітапты күтіп ұста.Далада суық жаңбыр жауып тұр. Көк бие құлындады. Оқушылар сөз бен сөйлемнің айырмашылығы мен құрылымын талдап,ділелдейді.
Қасқырдың 1-тапсырмасы
Шығармашылық тапсырма

Сары
Түс
Күз
Ағаш
жапырақ
Берілген сөздерден сөйлем құрап жазу.Сөйлем құрғанда сөздердің өзгерісін түсіндіру,дәлелдеу.
Қасқырдың 1-тапсырмасы
Шығармашылық тапсырма

МЕНДОСЫМНЫҢҮЙІНЕКЕТТІ МБСАҒАТТАНКЕЙІНКЕЛЕМІН Айжанның жазғанын оқып,сөйлемді жазу ережесін Айжанға түсіндіру
Сергіту сәті «Қаражорға» биі
Ой толғаныс Аюдың тапсырмасы

Оқулықпен жұмыс
4-жаттығу. 1.Өлеңді мәнерлеп оқу. 2.Өлеңдегі тыныс белгілердің қойылуын түсіндіру. 3.Өзің жақсы көретін пәнің туралы жазу.
Түлкінің тапсырмасы
1-топ
Түлкіге арнап нүкте қойылатын
сөйлем ойлап жазыңдар
2-топ
Түлкіге арнап леп белгісі қойылатын
сөйлем ойлап жазыңдар
3-топ
Түлкіге арнап сұрақ белгісі қойылатын сөйлем ойлап жазыңдар
Топтық жұмыс.
Әр топ бауырсақты құтқару үшін түлкіге арнап сөйлем құру.
Үй тапсырмасы 6 - жаттығу 79 бет Күнделіктеріне жазады
Бағалау Кері байланыс (оқушылар рефлексиясы) Бүгін мен не үйрендім? Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Сөйлем және сөз можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 286 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar