Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сөйлемнің айтылуы мақсаты мен сазына қарай түрлері -

Сөйлемнің айтылуы мақсаты мен сазына қарай түрлері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2128 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. ОҚО, Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы
А.Макаренко атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Барболова Зубайра Еркінбекқызы
Сыныбы: 11
Пәні: қазақ тілі

Ашық сабақ
Тақырыбы: Сөйлемнің айтылуы мақсаты мен сазына қарай түрлері

Жалпы мақсаттар Төменгі сыныптарда қазақ тілінен «Синтаксис» тарауы бойынша алған білімдерін қайта жаңғыртады, қайталайды.
Күтілетін нәтижесі: - Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін толық меңгереді;
- Тақырыпты, берілген тапсырманы түсініп талдайды;
- Алған білімдерін тест шешуде еркін қолданады;
- Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы дамиды;
- Оқушылар ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыланады.
Сабақтың түрі: 7 модуль ықпалдастырылған сабақ.
Сабақтың қолданылатын әдіс-тәсілдер, тапсырмалар 1. «Жағымды сөздер» (топқа бөлу тәсілі).
2. Топтық жұмыс. Постермен жұмыс.
3. Бейне сұрақ.
4. Мини тест.
5. «Серпілген сауалдар» стратегиясы.
6. Қорытынды. Кері байланыс.
Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, компьютер, слайдтар, постерлер, стикерлер, маркерлер, ойыншықтар т.б.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру 1. Сәлемдесу.
2. Жағымды көңіл-күй туғызу.
3. Топқа бөлу. Сәлемдеседі. Бір-біріне жағымды сөздер айтып, топқа бөлінеді.
ІІ. Жаңа сабақ 1. Постермен жұмыс. Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі. Олар белгіленген уақытта орындайды және қорғайды.
І топ–Хабарлы сөйлем
ІІ топ– Сұраулы сөйлем
ІІІ топ– Бұйрықты сөйлем
ІV топ–Лепті сөйлем

2. Бейне сұрақтар

3. Мини тест 1. 4 топ тапсырмаларды алады және орындайды. Топ басшылары жұмысты бақылайды:
1) оңай және қиын сұрақтар түзіледі;
2) бір бірінің сұрақтарына жауап береді;
3) керектісін дәптеріне жазып алады;
4)постерді тақтаға шығып қорғайды.

2. Бейне сұрақтарды тыңдайды және береді.
3. Мини тест шешеді және жауабын тексереді.
ІІІ. Бекіту: «Серпілген сауалдар» стратегиясы. Оқушылар ойыншықтарды лақтырып, бір-біріне сұрақтар қояды («Синтаксис» саласы бойынша)
ІV. Бағалау Мұғалім бағалайды. Өз ара бағалау (топтар бір-бірін бағалайды). «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы.
V. Қорытынды Мұғалім сабақты қорытындылайды. Стикер тарқатады. Оушылар сабаққа кері байланыс береді. Стикерлерді смайлик бейнеленген плакатқа жапсырады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.