Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сәкен Сейфуллин «Сыр сандық» (7-сынып) -

Сәкен Сейфуллин «Сыр сандық» (7-сынып)

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3611 | Размер: | Автор: Публикатор
.

Күні: 

Пәні: қазақ әдебиеті

 Атырау облысы Индер ауданы Кулагино орта мектебінің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі                       

Кенжегалиева Райхан Гиниятовна

Сабақтың тақырыбы:

Сәкен Сейфуллин «Сыр сандық» (7-сынып)

Сілтеме

Білім стандарты,сабақ жоспары

Жалпы мақсаттар

Оқушыларға «Сыр сандық» өлеңінде жырланған ақынның достық,адамгершілік, адалдық туралы ұғым-түсінігін ұғындыру

Оқыту нәтижесі

Сыни ойлауды дамыту.  Өлеңнің  мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады.

Негізгі идеялар

Теориялық білімді практикамен ұштастыру,ойларын тиянақты жеткізе білу.

Жеті модуль

    1,2, 3,4,5,6,7- модуль

Тапсырмалар

1.БҮҮ

2. Венн диаграммасы

3.Өлеңге СКТ жүргізу.

4. Мәтіндік талдау.

5. Түрткі болу сұрақтары

6. Ситуациялық  жағдаяттарды шешу. (Ой талқы)

7. «Досқа айтылар сыр»  тақырыбында ой толғау жазу.Өлеңді қарасөзге айналдырып  жазу.

Кейінгі тапсырмалар

Рефлексия

 

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

   Оқушы іс-әрекеті

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ бойынша  мұғалімнің жазбалары: І.Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Сынып оқушыларын түгендеу.

б ) Сынып оқушыларын кәмпит  қағазының түстеріне қарай топтастыру.(көк, қызыл,жасыл)

 

І топ: (қызыл)  ;ІІ топ: (жасыл);  ІІІ топ: (көк)

 

ІІ   «Қызығушылықты ояту» сатысы

Сәкен Сейфуллинннің «Тау ішінде »әнін тыңдатамын.

 

Түрткі болу сұрақтарын қою арқылы сабақ тақырыбын ашу.

 

Әннен нені ұқтыңдар? Қандай сезімде болдыңдар? Ән кімдікі?Бұрын –соңды естулерің бар ма? Ән қалай аталады? Неге бұл әнді тыңдадық? Біздің бүгінгі сабағымызға қатысы бар ма?

 

Жақсы, олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз да  С.Сейфуллин шығармашылығына арналмақ.

 

С.Сейфуллиннің өмірдерегімен танысып өтсек:

   Хронологиялық кесте арқылы: (қысқаша)

 

 

                                                 Сәкен Сейфуллин

 1)1894 жыл 23 мамыр Ақмола облысы Нілді болысында туған Шын аты-Сәдуақас.Әкесі Сейфолла-домбырашы,саятшы,ашық адам.Анасы Жамал-әңгімешіл,өнерге жақын жан.

  2)1905 жыл 11 жасында Нілді зауытының орыс-қазақ мектебінде.

3)1908-1913 жылдары Ақмола 3 кластық училищесінде.

4)1913-1916 жыл Омбы мұғалімдер семинариясында.

5)1914 жыл Қазанда «Өткен күндер» тұңғыш өлеңдер жинағы шықты.

6)1917 жыл «Жас қазақ» ұйымында,«Тіршілік газеті» редакциясында.

7)1918—1919 жыл Омбы лагерінде азап вагонында.

8)1922-1936 жыл Халық-ағарту қызметтерінде.

9)1936 жыл Әдеби қызметінде 20 жыл, Мәскеу қазақ өнері онкүндігінде.

10)1937 жыл  Халық жауы атанды.

11)1938 жыл 25 ақпанда Алматы түрмесінде атылды.

12)1957жыл 30 наурызда ақын ақталды.Халқымен қайта қауышты.

    

          Өлеңді  (Мovie  Мaker  бағдарламасы арқылы жасалған) компьютерден  тыңдату)

 

         «Мағынаны тану» сатысы:

 

                                           Ортақ тапсырма:

 

Мына  оқылған өлеңнен қандай ой түйдіңдер? Нені ұқтыңдар?(Әр топ өз ойларын постерге жазып, қорғайды)

Шырқ айналар шіркін тауық,

Жемің болса қолында,

Қайдағысы сені тауып,

Топырлайды жолында.

Досыңмын деп ант береді,

Жем іздеген жанама.

Жем таусылса жалт береді,

                                                                        Сенерлік дос, санама.

(Бұл жолдардан нені ұғуға болады? Бұл шумақтарда ақын нені меңзейді? Осы жолдарды  қалай түсіндірер едіңдер?)

 

 

Нағыз достар, бір-ақ қалып.

Шыңдап берік сүйіскен.

Бір-біріне сыр ақтарып,

Сыр түйінін түйіскен.

Әр адамның ішкі сыры,

Берік қойма сақталған.

Сол қойманың бір түкпірін,

Достың досы-ақ ақтарған.

 

 (Сәкен достыққа қандай баға береді? Нағыз дос қандай болуы керек дейді?)

Кейде ашуға сол түкпірді,

Іздейді жан жақынын.

Шертеді жан сырлы жырды,

Сырлас жанын шақырып.

Тыныс керек кейде жанға,

Кейде жанға ән керек.

Күй шертуге анда-санда,

Сырласарлық жан керек.

Ішкі сырды мысал етіп,

Біраз ғана жырлайын.

Суреттеуге тауға кетіп,

Суретті ептеп сырлайын.

 

(Сәкен де сағына сырласатын кімді іздейді? Іздеудегі мақсаты неде?

Сарыарқаның бір тауы бар -

Бір тауы бар сымбатты. -

Сол таудан сен сыр тауып ал,

Сыр тауып ал, қымбаттым.

Қалың зеңгер, құзды шаттар,

Құзды шаттар қалың ну,

Сарқырайды мұз бұлақтар,

Мұз бұлақтар у да шу.

Нуда бір шың тіп-тік сұңғақ.

Тіп-тік сұңғақ бір биік.

Шың суретті бейне жұмбақ,

Тұрғандай көп сыр жиып.

Шынды айналған кұзды шаттар,

Құзды шаттар ақкан су,

Сылдырайды мұз бұлақтар,

Мұз бұлақтар у да шу.

(Ақын мұңын кімге шағады?  Достықты неге теңейді? Бұл жолдардан ақынның «достық» атты киелі ұғымға қалай қарайтынын аңғаруға бола ма?)

 

Тыңда, достым, ойлап ал.

Түрлі сыр бар сол бір шыңда,

Сол бір шыңда қойма бар.

Қойма шыңның нақ басында,

Нақ басында кақпасы.

Алтын жазу кақ басында,

Қақпаның тас тақтасы.

Сол қоймада қымбат жасау,

Қымбат жасау сақталған.

Текшелеген сымдап жасап,

Сымдап жасап қақталған.

Бір сандық бар емес түрде,

Емес түрде көрнекті.

Бір түкпірде беті перде,

Беті перде өрнекті.

Бір сандық бар, ол сандықта,

Ол сандықта бір сандық.

Сырдың кілті қол сандықта,

Қол сандықта сыр сандық.

Сандық іші қызыл-жасыл,

Жасыл жібек перделі.

Толған қымбат сақтаулы асыл.

Асыл сым бар пернелі.

Сұлу жанды сұлу сүйген,

Сұлу сүйген сыршылым.

Жібек талдап түйін түйген,

Түйін түйген, түршілім.

Сыр сандықты ашып қара,

Ашып қара, сырласым.

Сым пернені басып қара,

Басып қара жырласын!

 

(Ақынның қойма деп отырғаны не? Ол қоймада не сақталады? Осы шумақтарды қандай мақал- мәтелмен түйіндеуге болады?)

Сұлу сымда перне әуені,

Перне әуені жыр айтар.

Көніл ашар тербеу әні,

Тербеу әні сыр айтар.

Шыққанбыз дос, шыңға талай,

Талай сырды ойланып,

Ақтарарлық алтын сарай,

Алтын сарай қойманы.

 

(Алтын сарай - жан сарайымыздағы  құпия - сырымызды қандай адам ақатар алады дейді?Осы жолдарды Жазира мен Жанболаттың орындауындағы  «Достарыма»  әнімен түйіндесек(әннен үзінді тыңдатылады)

 

1)Өлеңді құрылысына талдасақ:

 

СКТ жасау: (ауызша)

 

Шумағы:

Тармағы:

Бунағы:

Буын саны:(буын санындағы ерекшелікке тоқталу)

Ұйқасы:

 

 2) Ақын досқа  деген  жан тебіренісін қандай көркемдегіш құралдар арқылы беріп отыр? (тұрақты тіркестер,эпитет, метафора арқылы , тапқызу)

3) Венн диаграммасы арқылы:

Дос болам десең(Мұқағали Мақатаев)

Дос болам десең
Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым! 
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын. 
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын, 
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің? 
Досым аз менің...
Досым-ау менің, тапшы емін? 
Достарыңменен достастыр мені, асылым,
Достастыр мені?
Болайын құлың нақ сенің!

Досым, саған сенемін. Сеніп өтем! 
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен. 
Достық деген – адамның серігі екен, 
Достық деген- адалдық серігі екен.

Қыран күлкі-тамаша – бәрі осында, 
Отырмын думан-тойдың арасында. 
Береке бойдан асып жатқанымен, 
Олқы тұр көңілім менің, нанасың ба?

Ұйытқып жатыр көңілде құйын-дауыл, 
Неге сен келе алмадың жиынға бұл?! 
Жыраққа жалғыз мені жібермеші 
Жаныңа жаманшылық бұйырмағыр!

Әне, жұрт өзді-өзімен, сөйлеседі, 
Өзімсіп: – Ей! – деседі, – өй! – деседі. 
Шіркіндер-ай, даурығып тындар емес! 
Есіме ап, тост көтерсем, кейде сені.

Сенсіз көңіл қашан да хош тұрған ба? 
Сенсіз думан – қызылсыз бос қырман да. 
Өсіре ойнап ќайтемін, өсіре күліп, 
Сенің орның кұлазып, бос тұрғанда

              Сәкен «Сыр сандық»                                               Мұқағали «Дос болам десең»

 

 

 

 

 

 

 

                                                                      Ой талқы:

Досты іздеп табу керек пе?
Дос болайық» деп ұсыныс жасауға бола ма?

Адал досты амал достан қалай ажыратамыз?

 

III.Ой-толғаныс    сатысы           

Сабақта қандай сезімде болдыңыз?                

Сабақтан қандай әсер алдыңыз?

 

 

 

 

         БҮҮ

 

Білемін?

Үйрендім?

Үйренгім келеді?

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма: 1)«Досқа айтылар сыр»  тақырыбында ой толғау жазу.

                            2)Өлеңді қарасөзге айналдырып  жазу.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:   «Сыр сандық» өлеңі ой мен сезім терең қабысқан, өмір, достық, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан туған шығарма.
Ақын тек өз жайын, өз басының мұңын, өзінің арманын ғана айтып отырған жоқ, жалпы адамзатты ғана толғандыратын, жалпы адам баласын ойландыратын құндылықтарды жырлап отыр.
«Кімге обалым, айтыңдаршы
Қаным қайда төгілген?
Ат деген кім? Атқан қайсың?
Қабірім қайда төгілген»
Бұл- Сәкен ағаның даусы. Өкінішке орай, бұл сұраққа алдыңғы толқын аға ұрпақ та, кейінгі толқын біз де жауап бере… алмаймыз!…Бірақ, бір нәрсе анық. Нақақтан күйіп кеткен Сәкендей асыл ағаларымыздың обалы – опасыз суайттарда, екі жүзді көлгірлерде, «басыңа бұлт төнсе» іздеп таба алмайтын «көлеңке- доссымақтарда»». Олардың бойында оянбай қалған адамдық қасиеттеріне тамызық болып ояту – біздің адамзат алдындағы борышымыз. Осы жолда пана болар, алдымызға салар ағамыз бар.
Ол – қалың заңғар, құзды шатқа жарасқан тіп-тік шыңдай тәні де сұлу, жаны да сұлу, Сәкен аға, Сізсіз!

 

 

 

 

Бағалау    критерийлері                      

 Формативті бағалау- өздерінің сабаққа қалай қатынасқандықтарын жан-жануарларды көрсете,көтере отырып айтады.

               

           Критериалды  бағалау жүйесі (төмен-0; орташа-1; жоғары- 2)

1.Топ ішіндегі көшбасшылығы - 2

2. Сабақтағы  белсенділігі- 2

3.Шығармашылық қабілеті- 2

4.Жаңа тақырыпты меңгеруі- 2

5. Тапсырмаларды өз бетімен орындай алуы- 2

6.Өтілген тақырыптан ой – түюі - 2

7. Әдеби-теориялық білімінің деңгейі- 2

8. Өз ойын еркін жеткізе алуы -2

9.Сөзге шешендігі-2

10.Сыни тұрғыдан ойлай білуі-2

 

        Бағалау дихотомикалық  шкаласында өткізіледі.

Ең жоғарғы балл -20.

Балды бағаға айналдыру шкаласы:

 

0-50 %

51-74 %

75 - 89%

90- 100%

6-9

9-13

          13-16

             16-20

«2»

«3»

«4»

«5»

 

 

 

 

 

Дереккөздер және жабдықтар:               

Кейінгі  тапсырмалар немесе

Портфолио деректері

 

 

Оқушылардың орындаған шығармашылық тапсырмалары, жазған эсселері

 

 

 

Сабақты талдау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.