Меню
Назад » » »
Сәкен Сейфуллин. Қызыл шұнақ
загрузка...

загрузка...
Төлеби ауданы Леңгер қаласы № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қалдыбаева Раушан Амангельдиевна. Әдебиеттік оқу. Сәкен Сейфуллин. Қызыл шұнақ. 3 «В» сынып

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. Қызыл шұнақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың Сәкен Сейфуллин туралы түсініктерін кеңейту "Қызыл шұнақ" өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу,оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру,елестету,есте сақтау,өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін,сөздік қорын,тілін,мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Әр маусым ерекшелігін байқата отырып, табиғат сұлулығын тануға,қоршаған орта мен өмірлік болмысты табиғат құбылыстарын бақылау арқылы салыстыру.
Сабақтың түрі: топпен жұмыс
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: С. Сейфуллиннің портреті, жыл мезгіліне байланысты суреттер,жұлдызшалар, дидактикалық материалдар, интерактивті тақта арқылы жүргізу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а)Психологиялық дайындық
II.Топпен жұмыс. Оқушылар 4 топқа бөлінеді
Көктем тобы: Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі,
Жан-жануар,адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаз тобы: Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда...
Күз тобы: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Қыс тобы: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

II . Үй тапсырмасын сұрау
1.Мәтіннің авторы кім?
2.Мәтінде қардың қандай түрлері айтылған?
3.Боранға тап болған Абайдың жай күйін сипаттап айт.
4.Мәтіннің үшінші азат жолын қайталап, ат қой.
5.Үсінуден қалай сақтануға болатынын айт.

III. Жаңа сабақ.(Сұрақ-жауап арқылы түсіндіріледі)

1.Қазір қай мезгіл?
2.Қыста қандай өзгерістер болады?
3.Қыс мезгілі несімен қызық?
4.Қыс мезгілі дегенде ойымызға не түседі? Жалпы қыс туралы не білеміз?
5.Олай болса,бүгін біз <<Қызыл шұнақ>> деген өлеңімен танысамыз.
Балалар, мына суреттен көріп отырған қазақтың аса көрнекті ақыны,жазушысы,белгілі қоғам қайраткері С.Сейфуллин туралы не білеміз?

1-топ Ақынның өмірбаяны туралы не айтамыз?

2-топ Ақынның қандай шығармалары, өлеңдері бар?

3-топ Ақынның өлеңдерінен үзінді оқиды?

4-топ Үш бәйтерек туралы өз пікірің?



С.Сейфуллиннің "Қызыл шұнақ" өлеңін мәнерлеп оқыту, мазмұнын ашу.

Ақынның "қылшылдап,жалаңдап,ысқырып,санын сабалап,аузын ашып" деген сөздерін оқығанда қандай сезімдер пайда болды?

IV.Ой шақыру



VII.Ой қозғау.Деңгейлік тапсырмалар


V. Деңгейлік жұмыс

А -Қыс мезгіліне байланысты сурет салу керек

В -Қыс келбетіне эссе жазу

С -4 шумақты өлең шығару

Сергіту сәті
Түн болды,
Таң атты,
Жел соқты,
Қар жауды,
Боран соқты,
Боран басылды.

VI. Дәптермен жұмыс

Сөздік жұмысын жүргізу.
Қызыл шұнақ - бет қаратпайтын аяз, үскірік.

VII. Сөзжұмбақ шешу

I. Қыстың соңғы айы. (Ақпан)

II.Қыс болса құрыа өрнегін
Салады небір өрнегін. (Қырау)

III.Көкпе жапқан қақпақ
Сіресіп тұр -
Қатты -ақ. (Мұз)

IV.Табаныма байладым
Қос таяқпен айдадым.(Шаңғы)

VIII.Сабақты қорытындылай отырып "Қызыл шұнақ" өлеңі қай мезгілге жатады?

Топтастыру

IX.Үйге тапсырма: С.Сейфуллиннің "Қызыл шұнақ" өлеңін жаттау

X.Оқушыларды бағалау Бағалау парақшалары.

Сәкен Сейфуллин Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Сәкен Сейфуллин. Қызыл шұнақ можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: ggggggggggggggggdfsf
Көрсетілім: 316 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar