Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
С. Мұқанов  «Жылқы» -

С. Мұқанов «Жылқы»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1365 | Размер: | Автор: гость
. Тоқбергенова С.Т.
№25 т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: С. Мұқанов «Жылқы»

Сабақтың мақсаты: Төрт түліктің бірі жылқының ерекше қасиеттерімен таныстыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, топтасып жұмыс жасауға дағдыландыру, оқу дағдыларын жетілдіру.
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Сұрақ жауап» , «Ой қозғау» , «Мағынаны тану» топтық жұмыс, жұптық жұмыс, миға шабуыл, топтастыру стратегиясы, Ой түйіндеу.
Оқыту нәтижелері : Жылқы малының қасиетін түсінеді. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана алады. Оқушылар алған білімдерін тиянақтауға, пысықтауға өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады.Тақырып бойынша білім алады.
Көрнекіліктер:суреттер, слайд, стикерлер,плакат,маркер, АКТ
Ресурстар: Ана тілі оқулығы, әдістемесі.
Қосымша тапсырмалар: сурет салу, талдау

Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс - әрекеті Нәтижелер

2мин Ұйымдастыру кезеңі:
А)Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, көңіл-күйін білу.
-Балалар, бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр. Алдымен барлығымыз орнымыздан тұрып амандасайық.
Амандасу рәсімі:
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн: Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн : Сәлемдесіп аламыз.
Бүгінгі сабағымыздың мақсат- міндеті,
Мақсатымыз –білім алу
Міндетіміз – еңбек ету
Еңбектену арқылы
«5» -ке қолды жеткізу.
Оқушыларды топқа бөлу
Оқушыларды жылқы атауына қарай 4-топқа бө бөлу.
Сәлемдеседі, оқушылар түгел, көңіл-күйі жақсы.

Оқушылар жылқы атауына қарай топқа бөлінеді. Оқушылар сабаққа дайын
Ынтымақтасады
4мин Оқушылардың пікір алмасуын жүзеге асыру мақсатында. Жылқы атауы арқылы топтасты
1- топ Құлын тобы
2- топ Тұлпар тобы
3- топ Сәйгүлік тобы
4-топ Арғымақ тобы
Оқушылар өзін-өзі реттелуін іске асыру үшін сынып ережесін құруға ұсыныс жасадым.

.
Топтастыру ережесіне сәйкес өз топтарына орналасады. Топқа бөлу әдісін үйренді. Ережені құрудың әдісімен танысты.

6 мин 2.Үй тапсырмасын пысықтау
Миға шабуыл әдісі.
Сұрақтары.
1.Балалар бақшада не істеді ?
2.Серік не нәрсеге таңданды?
3.Картоп атауы қалай аталады екен?
4.Оны қалай емдеуге болады екен?
5.Картоп ауруын емдейтін сұйық қалай аталады?
Сонымен қатар тапсырманың орындалуына уақыт белгіледім.Топтағы оқушылар өзара бағалауды қолдана отырып, тапсырманың дұрыс орындалуына талдау жасау қажеттігін айттым.Үй тапсырмасын «Жұлдызша» арқылы бағалау. Әр топ мүшелері сұрақтардың жауаптарын біріге отырып, талқылап уақыттарын тиімді пайдаланды.

Оқушылар тапсырманың дұрыс орындалуына қарай өзара бағалады. Оқушылар үй тапсырмасын естеріне түсірді және уақытпен жұмыс жасауды үйренді.

Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасады.

7мин

3.Жаңа сабақ. «Қолдану»
Интербелсенді тақтадан С.М.Мұқановтың өмірімен таныстыру. Сабақтың тақырыбын «Ой қозғау» әдісі арқылы Жаңа сабақтың тақырыбын аштым»
Түсіну
Мінсем желдей еседі
Көңілің таудай өседі.
Алып ұшар алысқа.
Ер қанаты деседі «Жылқы» Оқушылар зейін қоя отырып, жаңа сабақты жұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың мән мағынасын түсінді.
Тақырыптың мазмұнын түсінеді және ашады.
АКТ жұмыс жасау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын түсінеді мағынасын ұғынды.

7мин

2мин

1мин Оқулықпен жұмыс
Іштей оқытып шығу.»Талдау:»
1-топ 1.Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылады?
2-топ 2.Жылқының адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсың ?
3- топ 3.Жылқы малына қатысты сөздер. Жылқы малынан алынатын өнім?
4-топ 4.Жылқы малының қасиеттері.Жылқы шаруашылығының пайдасы?
Оқушыларды смаиликтер арқылы бағалау.
«Білу»
Сөздік жұмыс «Қос» шөп шабу, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы отарға бағу кезінде көшіп қонуға ыңғайлы,тігуі, жығуы оңай баспана Мағынасын түсіндіру. Слайдтан көрсету.
Сергіту сәті.
Шаттық шеңбер арқылы бір-біріне сәттіліктер тілеу. Ақынның өмір баянымен толық таныса білді.
Оқушылар іштен тізбектей оқиды.
Сұрақтарға топпен бірлесе отырып жауап бере біледі.

Оқушылар «Қос» сөзінің мағынасын түсіне біледі.

Оқушылар шеңбер арқылы бір-біріне сәттілік тіледі. Оқу үшін ынталанды,сабаққа белсенділігі артты қызығушылық танытады.

Оқушылардың сабаққа деген белсенділігі артты, қызығушылық танытты.
5мин

Тақырыпқа байланысты түрлі тапсырмалар беремін.Тапсырманы орындауда 5 минут уақыт беремін
Жинақтау.
Мақал-мәтел айтып мағынасын түсіндіру.
1-топ Кестемен жұмыс жасау.
2-топ Жылқы жасына қарай қалай аталатынын тауып, жазу.
3-топ Жылқы малы туралы эссе жазу.
4-топ Жылқының пайдасы жөнінде пікірін дәлелдеу.
Әр топ тапсырмаларын тексеріп салыстыруын ұсындым. Әр топтың тапсырмасын бармақ арқылы бағаладым. Топ ішінде бір-бірінің ойын тыңдады, өз пікірін айтуға үйренді. Топ ішінде бір-бірінің ойын тыңдайды, өз пікірлерін айтуға үйренеді,бүгінгі сабақты толық түсінеді.
5мин Дәптермен жұмыс
1-топ.Еңбек туралы мақал жазу
2-топ.1 топтың тапсырмасын талдау.
3-топ.Суретпен жұмыс.
4-топ.Сөз жұмбақтар шешу.
Тапсырманы алғаш орындаған топқа «Бағдаршам» арқылы бағаладым. Әр топтың ұпайларын есептеп бағалайды. Бір-бірін бағалап үйренеді.

3мин Сабақты қорытындылау.
Жылдам жауап әдісі арқылы жаңа сабаққа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Оқушылар өздерінің сабақтағы белсенді қатысуына дұрыс жауаптарына іс-әрекеттеріне талдау жасап,мадақтайды. Ізденеді
2мин

1мин Бағалау.
Бағалау критерий бойынша сабақтың соңында оқушыларға баға қоямын.
Үйге тапсырма. Жылқы әңгімесін мәнерлеп оқып түсінік айту.
Кері байланыс. Оқушылар ұғынады тыңдайды, күнделікке жазып алады.
Сабақтан алған әсерлерін, ой пікірлерін жазып жапсырады. Оқушылардың оқуға белсенділігі қызығушылығы артты.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.