Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сәндік –қолданбалы қолөнер  бұйымдарын  дайындау шеберлігін  дамыту -

Сәндік –қолданбалы қолөнер бұйымдарын дайындау шеберлігін дамыту

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1567 | Размер: | Автор: Публикатор
. Абилхасова Айгуль Сейдахметовна,
«Бөген» жалпы орта мектебінің Физика-технология пәндері мұғалімі.
Бәйдібек ауданы

Сабақтың тақырыбы: : Сәндік –қолданбалы қолөнер
бұйымдарын дайындау шеберлігін дамыту

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік:оқушылардың теориялық білімін жетілдіру, сөздік қорын шығармашылық бағытта дамыту.
б)Дамытушылық: оқушыларды ою-өрнекті ажырата тани білуге, бұйымға үйлесімді етіп, пайдалана алуға үйрету.
в) Тәрбиелік: ұқыптылыққа, еңбекке баули отырып тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: қалыптар, тоқыма жіптер, №10 жіп, қайшы, тірек –сызбалар, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
а).Ұйымдастыру кезеңі.
ә).Үй тапсырмасын пысықтау Т С Қ
б).Сабаққа қажетті заттарды дайындау
в). Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

Жаңа сабақ:
Еңбек сабағын халықтық педагогикалық ұштастырудың маңызы зор. Сапалы білім беру мен тәрбие жұмысын жүзеге асыруда мектептің тірегі ұстаздың біліктілігін, шеберлігін, әдістемелік даярлық жұмыстарын жетілдіру алдыңғы кезекті іс. Еңбек оқушылардың ең бірінші өмірлік қажетіне айналу үшін еңбектену талабын адамның бойында қалыптастырудың маңызы зор, себебі бала өзі ынта қойған еңбекпен шұғылданып, бейімділігі мен мүддесіне сай келетін және моральдық қанағат беретін іспен шұғылданған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Бұл міндеттерді шешу еңбекті дұрыс таңдап алумен аса тығыз байланысты.
Қазақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшағы Орта Азия халықтарының және орыс халқының қолөнерімен де ұштасып жатыр. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір қасиетін жоймай, қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес.
«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген халық даналығын басшылыққа ала отырып, еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келе жатқан ұлттық өнерінің тегін тектеп, болмысын тану, оны асыл тарихтың рухани көш керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы болып отыр. Ата-бабамыздың рухани мұраларын жоғалтып алу тіпті қиын емес, ал оны жандандыру, жаңаша құрастыру көп жағдайда қолдан келе бермейді.
Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерімізді өткен ғасырларда жоғалтып ала жаздап, еліміз егемендік алғалы өз мәдениетімізді, дәстүрімізді қайта жандардырып, қазақ қолөнері қайтадан ел арасына, білім ордаларына бірте-бірте тамаша үлгілермен еніп, оқушыларға жан жақты білім мен тәрбие берумен қатар жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр.
Тоқу өнері-қазақ халқының ежелден қолданып келе жатқан дәстүрі. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі-тоқу. Тоқумен айналысқанда адам жеке басына қажет нәрсені жасау үшін ғана тоқымайды, сонымен бірге осы тоқу үстінде түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігі, түрлі тоқу әдістері оның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіне қабілетін дамытады. Соған орай тоқу ісі де басқа істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді.
Тоқу үшін таза жүн, мақта, вискоза, сондай-ақ жүн мен синтетика аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Тоқыманың оң және теріс жағы болады. Өрнекті түсіндірмелерде тақ қатарлар тоқыманың оң жағы, жұп қатарлары теріс жағы болып есептеледі.
Тәрбиелі мәні- қолөнер әсемдікке талпындырып, мәдени мұраны қадірлеуге, дәстүрді сыйлауға және күнделікті тұрмыста әсемдікке ұмтылуға тәрбиелейді.
Бүгінгі «Сәндік –қолданбалы қолөнер бұйымдарын дайындау шеберлігін дамыту» тақырыбындағы сабағымызда тоқылатын заттың өрнегіне, жіптің тоқылуына қарай 56 шеге қағылған рамаларды қолданады. Жұмыс барысында техника қауіпсіздік ережесіне сай отыру қажет.
1.Шегелермен ұқыпты жұмыс істеу.
2.Қайшы, ине құралдарын ұқыпты пайдалану

Тоқыма жіптерінің түрлері: фабрикадан иірілген жіп, қолдан иірілген жіп.

Мына технологиялық карта арқылы жұмысты бастаймыз.

қ/с Операция саны Құрал-жабдықтар Графикалық кескінделуі
1 Дайын рама 56 шеге қағылған

2 Жіп түстерін дайындау Жіп түрлерін анықтау




3 Көк сары жіпті рамаға керу

Қайшы, жіп

4 Қызыл жіпті рамаға керу Қайшы, жіп

5 Қызыл жіппен көк жіпті түйіндеу Қайшы, жіп түрлері

6 Көк жіппен гүл тоқу Қайшы, жіп

Жұмыс барысында көзді, қолды тынықтыру үшін топтық жарыстар өткізейік.
1-топ. «Шеберлер»
2-топ «Тоқымашылар»
3-топ «Өнерпаздар»

1. Үш топ еңбек туралы 5 мақал-мәтел айтады.
2. Сөзжұмбақ шешу
1.Жіптен тоқылатын түкті бұйым (Кілем)
2.Жүннен басылатын төсеніш (сырмақ)
3.Түрлі түсті жіптен тоқылатын қолөнер түрі. (кесте)
4.Мата қиындыларынан тігілетін өнер түрі. (құрақ құрау)

қ/с Төсеніш атауы Не істейді? Қалай дайындайды?
1 Ал...ша Иіреді,тоқиды, бояйды
2 Т...рме Бояйды, өрнектейді, әшекелейді
3 Б...стек Илейді, тұтынады, көркемдейді
4 К...лем Тоқиды, шалады, өрнектейді, қырқады
5 Тай...ері Сырады, илейді, тұтынады
6 Құр...м ки....3 Тоқиды, бояйды, оюлайды
7 С...рмақ Тігеді, сырады, бояйды
8 .... екемет Басады, оюлайды, пісіреді.

Киіз кілем

Алаша сырмақ

Арқан тұскиіз

Текемет тоқыма

Сабақты қорытындылай келе, графопроекторды қолдана
отырып, тест сұрақтарына жауап беру.

1.Қолмен тоқу өнеріне қандай өнерлер жатады?
1.Кілем, алаша, ши, шарф, шұлық
2.Киіз, сырмақ, ағаш өңдеу
3.Зергерлік, кесте, көркемдеу
2.Шұлық қандай өрнек бойынша тоқылады?
1.Айқас өрнегі, шахмат өрнегі
2.Резина өрнегі,оң теріс
3.Абажурлы өрнек, ағылшын өрнегі
3.Жүннен есілген жіптің түрлері?
1.Көген жіп
2.Арқан жіп
3.Тұсау жіп
4.Байырғы жіптің түрлері?
1.Жүн
2.Қағаз
3.Капрон
5.Ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киім?
1.Тақия
2.Сәукеле
3.Айырқалпақ

6.Киізден сырып оюлап жасалған төсеніш.
1.Тұскиіз
2.Сырмақ
3.Көрпе
9-сыныпқа кәсіптік бағдар бере отырып, осы сабаққа
байланысты мамандық түрлерімен танысу.
Мамандық түрлері.
1.Жіп иіруші 2.Сатушы
3.Сатушы 4.Тоқымашы
Бағалау.
Үйге тапсырма:
Келесі сабаққа керекті құрал-жабдықтарды әкелу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.