Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
С.Сейфуллиннің «Аққудың айрылуы»  поэмасы -

С.Сейфуллиннің «Аққудың айрылуы» поэмасы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1768 | Размер: | Автор: гость
. Саркарова Дилдара Курбановна,
№2 Хамза атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллиннің «Аққудың айрылуы» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:
Оқушыларға С.Сейфуллиннің « Аққудың айрылуы»поэмасының негізгі мазмұнын түсіндіру.Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін пысықтау. 2.Тәрбиелік.
Оқушыларды табиғатты аялау сезімін нығайту. Шынайы гуманистік адамгершілік көзқарасын шыңдау.Поэмадағы сұлулық,тазалық идеясы ретінде алынған бейне-аққуды мысал ете отырып,сұлулыққа тәрбиелеу, пәктікке үйрету.Тыйым сөздерінің мәнін оқушыларға түсіндіре отырып, инабаттылыққа, жарасымды қимылға, сыпайылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту.Өзіндік іс-әрекетін, шығармашылығын,сөйлеу тілдерін дамыту,өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру,ойын тұжырымдату,қиялдату,ойын,пікірін еркін айтуға үйрету.
Міндеттері:
1.Поэманың мазмұнын өздігінен меңгереді.
2.Топпен бірге жұмыс істеу арқылы мәдениеттілікті,ауызбіршілікті үйренеді.
3.Еркін пікір айту,өз ойын қорғауға болатынына көзі жетеді және соған әрекет жасайды.
Сабақтің түрі:Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы.
Сабақтың көрнекіліктері: «С.Сейфуллин» плакаты,портреті,венн диограммасы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар. Біз де ұйықтап жатқан жүрегімізді әдебиет сабағында ояту үшін әнмен бастаймыз «Менің Қазақстаным» әні.
1.Сәлемдесу,түгелдеу.
2.Сабақтың барысы туралы түсінік беру.
3.Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ.Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
«Негізгі идеяны суреттеу.»стратегиясын пайдалана отырып,параққа салынған көлдің, аққудың,жүректің,мылтықтың суреттерін тақтаға ілу.

Тақтадағы суреттердің мазмұны не туралы екенін ойлауды,тұжырымдауды, топпен ақылдасуды тапсырма етіп беріледі.Топтан бір оқушы өз ойларын көпшілікке айтады.

Мағына тану.
Бұл кезде «Джиско№1»стратегиясынан пайдаланады.
Әр топта поэманың әр бөлігін оқушы жеке-жеке оқып танысады.Сол поэма бойынша топтасып,өз түсініктерін ортаға салып,топтан бір оқушы поэманың мазмұнын айтып береді.
«INSERT»стратегиясынан пайдаланамын.Онда оқушылар түсініксіз болған жерлерін пікірлеседі. Шешілмеген сұраққа мұғалімнің өзі жауап береді.Сөздік жұмысы жүргізіледі. «Еркін жазу» стратегиясы бойынша жұмыс жүргізіледі.Поэманың соңы немен аяқталады.Мергеннің өмірін жалғастыру.Оқушылар ойдан әңгіме құрастырып,өз пікірлерін жазады.Оқушылар жазған әңгімелерін оқып,жазғандарын тақтаға іліп қояды. Поэма толық талқыланып болғаннан кейін «топтастыру»стратегиясынан пайдаланамын.

Ой толғау. «Пікірсайыс» стратегиясы бойынша пікірсайыс өткізіледі.
Аққуды неге киелі құс деп айтамыз? Осы сұрақ бойынша өзара пікір таласады.
1.Мерген үшін аққуды ату қажет пе?
2.Аққулар арасында махаббат бола ма?
3.Поэманың қандай тәрбиелік мәні бар?
Осы сұрақтар бойынша оқушылар екі топқа бөлініп,дәлел келтіру арқылы,бір топ қарсыласады,біреуі жақтайды.Оқушылар өздеріне қажетті деректерді дәптерлеріне жазып алады.
Сабақты қортындылау: «Аққуды атпа,досыңды сатпа»мақал арқылы оқушыларға аққудың киелі құс екендігін,аққуды атпау керек екендігін,атқан адам міндетті түрде құдайы мал беру керектігін,бермеген жағдайда қайғыға ұшырайтындығы туралы түсінік беріп өтіледі.
Үйге тапсырма:
1.Поэманы оқып, мазмұнын әңгімелеу.
2.Аққуға байланысты өлең шығару. «еркін жазу стратегиясы.»
Қорытынды:
Оқушыларды берген жауаптарына қарай бағалау.
Сабақтың өтілуі туралы оқушылардың пікірін тыңдау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.