Меню
Назад » » »
« Сәт сапар, Жас түлек!» мектеп бітіру кеші
загрузка...

загрузка...
Қарағанды қаласы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп интернаты
Сынып жетекшілері:Кишенова Г.Е Ажитаева Ж.Ш
« Сәт сапар, Жас түлек!» мектеп бітіру кеші
(Фанфар ойнайды)

2 жүргізуші сахнаға шығады.

1-жүргізуші: Өлшеулі ар-намыс пен нарқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың
Армысыздар, аяулы ұстаздарым!
Сенері сендерсіңдер халқымыздың.

2-жүргізуші: Өмір берер ертеңгі бағаларын,
Ұядан ұшпақ бүгін балаларың.
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,
Қош келдің, әкелер мен аналарым!
1-жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты қауым! Нығмет Нұрмақов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестат тапсыру құрметіне орай өткізілгелі отырған салтанатты жиынымызға ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
2-жүргізуші:
Шарықтасын жүректен асқақ әнім,
Тек биікте самғатам жыр қыранын.
«Азатпыз, Тәуелсізбіз, Еркінбіз!» деп,
Шырқайық Ұлы Отанның Әнұранын.
(Әнұран шырқалады)
1-жүргізуші: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің болашақтағы дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін негізгі тірек - білім беру ісі », -деп атап көрсеткен болатын. Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап, барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді.

2-жүргізуші: Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып келеді. Мектеп – ол болашақтың балауса сәттерінің куәсі болған, балдәурен бала шақтан - арман толы болашаққа жетелер – білімнің алтын шамшырағы.

1-жүргізуші: Ұлттық білім беру жүйесінде осындай сапалы білім беру арқылы ұлт игілігіне аянбай қызмет етіп келе жатқан, 80 жылдық тарихы бар Нығмет Нұрмақов атындағы білімнің алтын ұя шаңырағы бүгінде 32 түлегін қанаттандырып, жаңа өмір жолына самғатпақ.


2-жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болған,бәлкім, бәрімізде.
Қол соғып, қошеметті көрсетейік,
Түлектер келсінші деп ортамызға.

1-жүргізуші: Ендеше ұядан түлеп ұшқалы тұрған, мектебіміздің түлектерін
зор құрметпен ортаға шақырамыз.
(Музыка мен слайд ойнап тұрады, түлектер сахнаға шығады)

2-жүргізуші: Құрметті, Жас Түлектер! Сендерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін армандарыңа сүрінбей жетіңдер! Өйткені, сендер мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат қағып барасыңдар.
1-жүргізуші: Енді сендерді өмірлеріңде сан тарау жолдар күтіп тұр. Сол жолда әрбіреулерің бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресеңдер, достар! Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды мәңгілік жүректеріңде ұмытпай сақтаңдар.

2-жүргізуші:

11 жыл оқып, білімің түсті қорлана,
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген - өмірге берген жолдама. – дей келе түлектердің көптен күткен қуанышты, жүрек шымырлатар қимас кезеңі, 11 жыл төккен терінің жемісі, 11 жыл бойы білімінің белгісі – мектеп бітіру аттестатын алу кезеңі кезек келді.

1-жүргізуші:
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз береміз құрметпенен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей келе, осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді қамқорлығым деп түсінген мектебіміздің директоры Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері аттестат тапсыру рәсіміне Әшімов Есентай Мұқатайұлын және аттестатты беру туралы бұйрықты оқуға директордың оқу тәрбие жөніндегі орынбасары Нұрділдина Клара Хамитқызын ортаға шақырамыз!

2-жүргізуші: Міне, 11 жылғы еңбектеріңіздің жемісі - мемлекеттік аттестат бүгін қолдарыңызда. Бұл құжат - өмірдің жаңа кезеңіне басты жолдама. Үлкен өмір есігі айқара ашылғанда, қуаныш пен шаттықтарыңыз мол болсын деген ниеттеміз.

Екі жүргізуші кетіп қалады. 11-лердің өз бағдарламасы басталады.
Би. FlashMob (түлектер атынан)

********: Бүгінгі күні бәріміз өзіміздің алтын ұямыздан «өмір» атты ҰЛЫ ТАУДЫ бетке алып ұшып бара жатқанымызда айтар тілегім: қайда жүрсек те, қайда болсақ та, қанша жасқа келсек те бір-бірімізді ұмытпайық.
********: Әрқашан жадымызда есімімізді жаңғыртып жүрейік. Өйткені туған жеріміз ортақ, тіліміз, дініміз ортақ, оқыған мектебіміз, ұстаздарымыз ортақ, заманымыз, қоғамымыз ортақ, ең бастысы алтын шаңырақты, күміс уықты, киелі керегелі еліміз, арман – тілегіміз ортақ.
**********: Сондықтан қадірлі достар, Қорқыт бабамыз айтқандай «қара орманымыз шайқалмасын, қара тауымыз бүгілмесін, аққан дариямыз сарқылмасын, Түркі дүниесі түгел болсын!» Бұл тілектер, сыныптас достар, біздің бойтұмарымыз болсын

1-жүргізуші: Ән: «Туған жер» Орындайтын: Мақпал Жақия

2-жүргізуші:
Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір - деп

Мектебіміздің түлектеріне ыстық лебіздерін білдіріп, ақ баталарын беру үшін құттықтау сөз ұстаздарымызға сөз береміз. (аттары кетеді)

1-жүргізуші: Ұстаздарымыздың ақ тілегі қабыл болсын!

Мектебім- өмірдің алғашқы жол басы
Мекенім тәрбие, ақылдың жолдасы.
Аялап,өсіріп, түлеткен ақ ұям
Аяулы мектебім-білімнің ордасы.

2-жүргізуші: Қададың, мектебім білімнің қазығын,
Тәрбие тәлімнің өмірлік азығым.
Білімге, өнерге шексіз жол көрсеткен,
Ұстазым, мектебім - мәңгілік ұраным.

Осы шәкірттерді білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарға мың алғыс!

(Шәкірттер орнынан тұрып ұстаздарға құрмет көрсетеді.)

1-жүргізуші: Ұстаздар құрметіне орындалар ән «Ұстазым». Орындайтын мектеп бітіруші түлектер . Қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Білім сайысы- шыңдалу жолы. Осы өткір сыннан шыңдалып өтіп, әр түрлі пәндер бойынша білім додаларында «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып, озық шыққан түлектеріміздің жетістіктеріне зор құрмет көрсете отырып, мектеп атынан «Эрудит- 2014» номинациясын тапсыру рәсіміне кезек берейік.

1-жүргізуші: Мектеп бітіруші түлектерге «Эрудит- 2014» номинациясын тапсыру үшін ортаға директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Зәуреш Жұмағалиқызын шақырамыз.

2-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
*(Ата-аналарға сөз беріледі)
Ата-аналар комитетінің төрайымы Гүлзада ханымға және 11 а,б сыныптары атынан ата-аналарға сөз береміз.

1-жүргізуші: Қымбатты, Түлектер!
Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің.
«Сәт -сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін.


2-жүргізуші: Мектебін әрбір шәкірт сағынады,
Бұл өмір тек біліммен мағыналы.
Ұшырады сендерді болашаққа,
Нұрмақов мектебінің шаңырағы.

1-жүргізуші: Түлектердің сәтті жолы ашылсын,
Ақылына әлем халқы бас ұрсын.
Деген асыл ниетпенен, ағайын,
Ақ жолына ән шашуы шашылсын.

«Мектебім Нұрмақов» әні, орындайтын Әлішер, Айжан, Жәнібек.

2-жүргізуші: Осымен, 2014 жылғы мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыруға арналған салтанатты жиын мәресіне келіп жетті.
1-жүргізуші:
Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді .
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді
Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
2-жүргізуші
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын

1-жүргізуші: Алтын ұясынан қанаттанған түлектерімізді үлкен өмір жолына аттандыра отырып, ақ жол, сәт сапар тілейміз. Келешектеріңіз жарқын, шығар шыңдарыңыз биік болғай!

2-жүргізуші: Назарларыңызға рахмет!

1- жүргізуші: Келер күніміз шуақты болсын!

(Екеуі бірге айтады) Сау-саламат болыңыздар! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему « Сәт сапар, Жас түлек!» мектеп бітіру кеші можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 537 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar