Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сөз қадірің - өз қадірің -

Сөз қадірің - өз қадірің

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3597 | Размер: | Автор: гость
. Батыс Қазақстан облысы
Бөкей Ордасы ауданы
Жәңгір хан атындағы орта мектептің
ұзартылған күн тобы тәрбиешісі
Тналиева Айгерім Елемесқызы.

Сөз қадірің - өз қадірің

Адамның адам болып тұлғаланып,кемелденуінде сөздің атқарған рөлі баға жеткісіз.Адамдар бір-бірімен сөз арқылы ұғысып, танысып, жақындасып, өзгені де сөзі арқылы танытады.Сөз адам үшін тәрбие құралы, білім – білік, мәдиниет,өнер бастауы,акыл-ой жәдігерлігі,әсемдік қазынасы. Білімпаздар айтқандар: Сөз қадірі адамның өз қадірі, сөзі құпсыздың өзі құпсыз деп бекер айтпаса керек.Қалай да сөздің адамға жағымды немесе жағымсыз әсері орасан зор екені даусыз. Біздің халқымыз жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады деген тамаша мақалы жылы да жағымды сөйлеудің қаншалықты керемет күшке ие екендігін аңғартады. Орынды сөйлеу, қисынды сөйлеу ол да бір дара бақыт. Ұқыптылық атаулының ішіндегі ең жақсысы ұқыпты сөйлеу деген ұлыларымыз, сыпайы ,келісті сөз сөйлеушінің абыройын арттырады, жақтастарын көбейтеді, көптің ықыласына бөлейді.
Әсем сөйлеуге көп тыңдап, көп оқып, халықтың ауыз әдебиетін, әсіресе айтқыштық пен терең ойдың інжу маржандары мақал,мәтелдерді жетік біліп, сырына үңілу, кітапты көп оқу арқылы жаттығып, төселеді. Халықтағы ақылды адам сөзді нақылдап айтпайды.Бір айтпаса нақылды ақылсыз айтпайды деген тұжырым содан шыққан.Сөйлеудегі ең жақсы қасиет ой пікірін қысқа әрі дәл айтып жеткізушілік. Алтын, күміс, гаухардың қымбат саналуы олардың аздығы,тазалығы десек, қысқа, қоспасыз, ұғымды сөз де қадірлі.Орыстың аса шебер жазушысы А.П.Чеховтың қысқалық таланттың сыңары деуі де сондықтан.Әйтеуір сөйлей алады екем деп, тасыраңдамай, абайлап сөйлеу , ақылдылық, көпшілдік, инабаттылық белгісі.Өзің опық жеп,өкініп жүрмеу үшін,өзгенің жанына жазықсыздан жара тусірмеу үшін байқап, бағамдап сөйлеудің мәні ерекше зор. Дөрекі де анайы ауыр сөз, дүт мінез бен тұрпайы қылық тәрбие көрмеген әдепсіздікке жатады. Аузына келгенің айту наданның ісі, алдына келгенің жеу хайуанның ісі демекші тәрбиесі аз адамдар мәнсіз, орынсыз, дөрекі сөздердің ауыр зардаптар келтіретініңде шаруасы болмайды.Жас ұрпақты ондайлардан бойын аулақ ұстап, қандай жағдайда да сұрқия сөздерді қолданбауға тәрбиелегеніміз абзал.Ашық-шашық, қора-қопсы, есік-тесіктен итте, мысықта, мал да кіріп шыға береді.Сол сияқты қақпақ қойылмаған ауыздан да, ақ ит кіріп қара ит шыға беруі мүмкін. Хайуаннан артық сөзімен адам,былапыт сөйлесе оданда жаман,-деген ақын Сағди Шерази тұжырымына қосылмасқа болама ? Қолдан келсе, ауыздан біреудің көңілін қалдыратын суық, жаман сөз емес, адамның мерейін өсіріп, жанына жылы тиетін әдепті сөз шыққанына не жетсін.Сөйлеуге қатысты әдептіліктін тағы бір түрі орынды әділ сөзге тоқталу. Сөз қадірін танып, мойындау да ірілікті, кісілікті білдіреді.Қазіргі

таңда оқушыларымызды дөрекі сөйлеп, лас сөздерді айтып жатқаның өз көзімізбен көріп құлағымызбен естіп жатамыз.Тіпті бір үйден тұрып тәрбиеленіп жатқан біздің қыздарымызда ұстаздарындай тәрбиешілерді, аналарындай түн ұйқысын төрт бөліп бағып жатқан,түнгі күтушілерімізді, дәмді тамақ пісіріп, алдарына ас беріп жатқан апаларымызды сыйламай, дөрекі сөйлеп өз
қадірлерін жойып, әдептіліктен асып баратырған қыздарымызда аз емес. Бір үйде тәрбиеленіп жатсада олар бір-біріне ей,сен деп дөрекі тіл қатып, боқтап жатқанда іште қынжылатынымызда өтірік емес. Сіз деп сыпайы сөйлеудің мәдениеттілік,ізеттілік қана емес,қарым-қатынасқа жұмсақтық,жайдарлық дарытатын күш екенін, жылы шырай тек салемдескенде ғана емес,адамдарға тіл қатқанда,сөйлескенде де керек нәрсе екенін түсінсе екен деймін біздің қыздарымыз. Әйгілі ақын Р.Ғамзатовтың «сөйлеуге үйрену үшін адамға екі жыл керек,ал тіліне ие болуға 60 жыл керек , - дейтін әзілінде үлкен өмір шындығы терең мән бар. Іші-пысқандықтан , зеріккендіктен басқаны әңгімеге тартып,көп-жерді сөз етіп, ғайбат-өсек айтып, құмарынан шығатындар да кезігеді. Ол уақытты босқа өткізетін әрі адамдар арасына жік салатын, әділдік, туралық жолынан тайдырып аздыратын зиянды әдет.Бүгінгі баяндамамды академик-жазушы З.Қабдоловтың сөзімен аяқтағым келеді. «Көп біліп, дөп сөйлеген - шешен, аз біліп, көп сөйлеген-мылжың,деген әдемі түйінмен аяқтағым келеді.
Көп сөйлеп уақытымызды бос өткізгенше, өз уақыттарынды тиімді пайдаланып,білімдерінді шындап үлкен-үлкен биік шындардан көрінсендер деп тілейміз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.