Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сөз қадірін білейік -

Сөз қадірін білейік

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1586 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы, Атырау қаласы
№26 “Жұлдыз” балабақшасысының
ғылыми-жетекшісі
Суталиева Айғаным Жағыпарқызы
«Сөз қадірін білейік»
Мақсаты: Тіл мәдениетінің дәрежесін көрсету,тілдің тереңіне үңілу,құдіретін ашу.
Сөз өнері арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиешілердің шығармашылық-танымдық іс-әрекетін ойлауын
дамыту,танымдық белсенділігін арттырып,өз пікірін тұжырымдап
айтуға еркін сөйлеуге сайыстың маңызы зор.
Әдіс-тәсілі: Сайыс
Көрнекілігі:(А.Құнанбаев слайд)
( Қара сөз кітабы)
( Көрме)
1.Кіріспе сөз
2.Сайыс.Топ жетекшілерін сайлау
Топ жетекшілері өз аттарын қорғайды.
1.кезең-Абайдың қара сөздері
2.кезең-мақал-сөздің мәйегі
(Сурет арқылы сол сөзді байланыстырып мақал-мәтел айту)
3.кезең-«Жеті жұрттың тілін біл»
(Қазақ тіліндегі сөздің синонимдік қатары баламасын табу)
4.кезең «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
(жазылған сөздер бойынша сол сөздің мәнін ашу,сөзбен жеткізу)
5.кезең.Ой қозғау
1.Кіріспе сөз:
Сөз-адамның ең қадірлі,құнды қажеті,ұлттық байлығы.
Қандай да бір халық болсын оның жан-жақты жетіліп,мәдениетінің гүлденуі үшін,ең алдымен тілінің дамуы керек екендігі белгілі.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдануында « Тілдердің үш тұғырлығы» бағдарламасын ұсынды.
Ондағы мақсат-мемлекеттік тіл қазақ тілін,ресми тіл-орыс тілін және халықаралық тіл-ағылшын тілін халықтың неғұрлым көп бөлігінің меңгеруіне бағытталған.
Қазақ тілін балаларға тереңдетіп меңгертуде отбасымен тәрбиешілердің тығыз байланыста болуы да маңызды.
Себебі:баланың сөйлеп үйренуі көбіне,ата-ананың ықыласына байланысты.
«Сәлем сөздің анасы»дегендей тәрбие балабақшаға кірген босағадан басталады.Біз,әр бала топқа келгенде қандай да бір әсермен,қызуғушылықпен,өз тіл мәдениетімізбен ізгі сөздерді
« Қош келдіңіздер!»
« Ата-аналар үшін»
« Сәлеметсіз бе?»
« Қайырлы таң!»
« Көңіл-күйіңіз қандай?»
« Сәттілік тілеймін»
« Жолыңыз болсын»
« Сау болыңыз!»
Шын жүректен шыққан жылы сөздер,ата-ананың,баланың жүрегіне жол тауып,құлаққа жағымды,көңілге мейірімді ұялату керек.
Бүгінгі тәрбиешілер арасындағы сайысымыздың мақсаты Қазақ халқының ғұлама ойшылы,данышпан ақыны,қазақ ұлтын бүкіл әлемге паш еткен Абай атамыздың кейінгі ұрпағына мол асыл мұрасын,киелі сөзін қалдырып отыр.
Бұл жеке тұлғаның ата-бабаларының жақсы,ізгі қасиеттерінен өнеге тәлім-тәрбие алуына жол ашады.Қазақ тарихындағы,қала берді әлемге әйгілі дана да дара есімдерінің бірі-Абай есімі.
Абай жолы-халық жолы.
Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев «Алтын хакім Абайға» деген өлеңінде:
Шын хакім,сөзің асыл баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес
Қарадан хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан үні кетпес!-деген екен.
Орақ ауыз,от тілді жыраулар поэзиясының алыбы Асан Қайғы Сәбитұлы
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады,-деп сонау 15 ғасырда өмір сүрген ұлы бабамыз Асан қайғы тілдің өмірдегі орны маңызды екенін осылай түсіндіреді.
Міне,осыған байланысты бүгінгі шарамызда ой толғайық деп,осы айтылған тоқсан ауыз сөзімнің тобықтай түйіні ретінде сайысымызды бастаймыз!
2.Сайыс.Әділқазыларды сайлау
Тәрбиешілерді 2 топқа бөліп,топтарға ат қойдым.
1-ші топ «Талап»
Топ жетекшілерін сайлау.Топ жетекшілері өз аттарын қорғайды.
1.Топ.Біз тобымызды «Талап»деп ат қойдық.
Бұл сөздің мағынасы : талапшыл болу жақсы қасиет.Талаптансаң шықпайтын биік, алмайтын қамал жоқ.
2-ші топ «Қанағат»
2-топ. «Қанағат»деген де адамға тән жақсы қасиеттердің бірі деп ойлаймыз.Оның мағынасы барға риза болу,оны ұқсата білу.
Қазақта: «Қанағат-қарын тойғызар» «Азды қанағат етсең-көптен құр қалмайсың»деген ұлағатты ұғымдар бар.
Қазылар алқасы тәрбиешілердің білімін бағалап отырады.Бағалардың ең жоғарғы ұпайы саны-«5»
Әрбір дұрыс жауапқа «5» ұпайдан қойылады.
Қаз дауысты Қазбек биден:
-Дүниеде не қымбат?-деп сұрағанда:
-Алтын ұяң-Отан қымбат,
Құт-береке-атаң мен анаң қымбат.
Кіндік кескен елің мен жерің қымбат,
Ұят пенен арың қымбат,-деген екен.
Бүгінгі таңда ұятымыз бен арымыздың өлшемі болып тұрған туған тіліміздің тұғырын биіктету мына біздің қолымызда.
Олай болса,Абай атамыздың әрбір сөзін терең ұғынып,түсініп,оқи білейік.
1 кезең-Абайдың қара сөздері
1 топ. 38 қара сөз
40 қара сөз
14 қара сөз
2.топ. 18 қара сөз
42 қара сөз
34 қара сөз
Ал,маған мына бір сөз тіпті ұнады.19 қара сөз
«Сөз танымайтын елге сөз айтқанша,өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы депті бір хакім»дейді Абай.
Қалай тамаша айтқан,Абайдың
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез
Нұрын,сырын көруге
Көкірегінде болсын көз.
Ұлы бабамыз айтқандай білімдіден шыққан сөзді ұғатын біздер,талапты жастарға үлгі бола білейік әріптестер
2 кезең-Мақал-сөздің мәйегі.
Ата дәстүр абырой көтергенде,
О,киелі сөз сүйіктен өтер демде
Тоқталамыз енді біз көңіл бөліп,
Мақал мен мәтелдерге:
Суреттер арқылы өз ойларын мақал-мәтелдер айту.
3.кезең – «Жеті жұрттың тілін біл»
Біз өзіміздің ана тілімізді білумен қатар,өзге ұлт тілдерін де қатар меңгеруіміз заңды құбылыс.Өйткені,тіл-қарым-қатынас құралы.Қазақ,орыс,ағылшын тілін қаншалықты білетіндерін байқату.
Қазақ тіліндегі сөздің синонимдік қатары баламасын табу.
Әр топқа 5 сөзден 1-топ
1.Мұғалім-ұстаз-учитель
2.Жұмсақ-мамық-мягкий
3.Дана-данышпан-мудрый
4.Батыр-ер,ержүрек-батыл-герой
5.Аспан-көк-небо
2-топ.
1.оқушы-шәкірт-ученик
2.Әдемі-көрікті-сұлу,ажарлы-красивый
3.Мереке-мейрам-думан-праздник
4.Зат-нәрсе-предмет
5.Тәтті-дәмді-вкусный-сладкий
3 кезең-«Сөз тапқанға қолқа жоқ» Жазылған сөздер бойынша сол сөздің мәнін ашу.Сөзбен жеткізу
1 топ.
Нан, көрпе, бұлт, ғалым
2 топ.
Гүл, ет,,шахтер, теңіз
5.кезең.Ой қозғалу
1.Абайды әлемге танытқан кім?
( М.Әуезов)
2.Қанша мұрасы қалды?
(8мың жол өлең,3поэма,45қара сөз,140төл сөз)
3.Жырлайын,жылайын
Ағызып көз майын...
қай өленнен үзінді?
(Көзімнің қарасы)
2 топ.
1.Абайдың нешенші қара сөзі аяқталмаған
(46)
2.Абайдың табиғат лирикасына байланысты жазған өлеңдерін ата?1 өлеңінен үзінді айт?
3.Абайдың шын аты кім?
(Ибрахим)
4.Ситуациялық сұрақтар.
5.Рөлдік ойын
Шарты: іс-қимылмен көрсету,Адамның жүріс-тұрысы әртүрлі.Жүрісіне қарап та адамның көңіл күйін білуге болады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.