Меню
Назад » » »
Сөз құрамы
загрузка...

загрузка...
Мұғалім Карабалиева Қ.Қ.
Мектеп Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сынып 3
Пән Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы Сөз құрамы
Сабақтың мақсаты а) Сөз құрамы тақырыбын меңгерту арқылы алған білімін нақтылау мен түсіну икемділігін қалыптастыру.
ә) Өз бетімен жұмыстануға,қойылған міндеттерге сәйкес тапсырмаларды орындау қабілеттерін дамыту.
б) Алған ақпараттан қорытынды жасай білуге,белсенділік қарым-қатынас жасау,тәрбие алу икемділігін арттыру.
Сабақтың әдісі Көрнекілік,сұрақ-жауап.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялалар Дамыту,5 жолды өлең,білім беруді ізгілендіру
Сабақтың оқыту құралдары Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс Әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Күтілетін нәтиже
Ұйымдастыру бөлімі 1.Оқу-құралдарының дайындығын тексереді.
2. Оқушы қимылдарын бақылайды.
1-қатар жай отыр,
2-қатар сен де отыр,
3-қатар тез отыр.. 1. Сабаққа қажетті құралдарын дайындап,түгелдейді.
2. Қатар-қатар түзеліп,
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп,
Тіп-түзу боп тұрайық.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз.
Отыруға нықпа-нық,
Дайындалдық бәріміз.
Сабаққа даярлық ұйымдастырылады.
Оқушылардың зейіні сабаққа аударылады.
Негізгі бөлім
а) Өткенді қайталау Оқушыларға өткен сабақтарға байланыста топшамалар үлестіреді.
1.Сөйлем мүшелері деген не?

2. Бастауыш деген не?

3.Баяндауыш деген не?

4. Бастауыштан кейін қойылатын сызықша.

5. Тұрлаулы мүше деген не?

6. Тұрлаусыз мүшелер деген не?

7. Нұржан әкесімен театрға барды.Сөйлемдегі сөздердің байланысын тап.
8.Жалаң сөйлем деген не?

9. Жайылма сөйлем деген не?

10. Қаратпа сөз деген не?

11. Мәндес сөздерге мысал келтір.
12. Қарама-қарсы сөздерге мысал келтір.
13. Мағынасы әр түрлі сөздерге мысал келтір.
14. Сөз құрамы неден тұрады?

Сөйлемде нақты сұраққа жауап беретін толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.
Қимыл,іс-әрекеттің иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштар кім? не?кімдер?нелер? сұрақтарына дауап береді.
Бастауыштың ісін,қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді. Баяндауышқа не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.

Бастауыш та,баяндауыш та зат есімнен жасалса,бастауыштан кейін сызықша (-) қойылады.

Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дейді.

Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды.

Нұржан барды,әкесімен барды,театрға барды.

Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейді.
Тұрлалы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейді.
Біреудің назарын аудару үшін айтылатын сөздер –қаратпа сөз деп аталады.
Сұлу,көркем,көрікті,әдемі.

Кіші-үлкен,жуан-жіңішке,ұзын-қысқа,т.б.
Ара,қой,көрші,ер,бұрыш

Түбір,жұрнақ,жалғау. Бұрынғы алған білімдерін талдап,өзгелердің жауаптарын дәйектейді,өзгенің жауабымен салыстырады.
Жаңа сабақты меңгерту
ә) Ой қозғау 1-тапсырма (ҚБТ)
1.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін................ дейміз.
2. Түбірге қосылатын бөлшекті..............дейміз.
3. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны...........дейміз.

4. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны .............дейді. Модельдік жауап:
1.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір дейміз
2. Түбірге қосылатын бөлшекті қосымша дейміз.
3. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз.
4. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейді.

Бағалау шкаласы
«3» «4» «5»
Екі қатемен орындады Бір жауабы қате орындалған Барлығы толық,
дұрыс орындалған
Ақпаратты сұраққа жауап беру арқылы алады,өз іс-әрекетін бақылайды,тапсырманы тәртіппен орындайды.

Әр оқушы өз қатесін көріп отырып түзейді,бағалайды.
б) Жаңа материалды қабылдауға дайындық
в) Өз бетімен жұмыс

Сергіту сәті

Топпен жұмыс

5 жолды өлең құрастыру

Қорытынды бөлім

Көркем жазу
қия тұздық хоккейші

1-жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жазып,қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.
2-жаттығу.
Ребусты шешіп,сол сөздің түбірі мен қосымшасын тап.
Тақырыпқа байланысты мақалдар құрастыру.

Мынау-менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау-басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау-менің оң қолым,
Мынау-менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
2-тапсырма (ҚБТ)
1-топ.
Төмендегі сөздерді мағынасына қарай орналастырып,сөйлем құрап жаз.Бастауышты сөз құрамына талда.
1.Етікші,малшы,ғарышкер.
2. Сиыр,етік,зымыран.
3. Бағады,тігеді,ұшты.
2-топ.
Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.Асты сызылған сөздерді сөз құрамына талда.
1.Айша класқа кір.
2.Мұғалім сабақты түсіндір.
Балалар оны ынтамен тыңда.
3-топ.
Адасқан сөздердің орнын тап.Сөздерді сөз құрамына талда.
1.Құдық оқу қазғандай инемен.
2.Жердей болмас,туған жер.
3.Жоқ қорлықта сақтықта.

1.Не? Бүркіт
2.Қандай? (2сөз)
3.Не қылады? (3сөз)
4.Сөйлем құрау.
5.Мәндес сөз.

-Қандай тақырыпта әңгімеледік?
-Мысалдар келтір

Бағалау.
Үйге тапсырма беру. Бүркіт өз ұясын биік қияға салады.

Аңшылық адам баласының ең алғашқы күнкөрісінің бірі болған.Бүркіт-таулы өлкеде кездесетін жыртқыш құс.Бүркіт-ерлік,өжеттілік,қайраттылықтың символы болып есептеледі.
Бүркіт туралы мәлімет дайындайды.

Шешуі: достық
*Достыққа бірлік пен теңдік керек.
*Достықты асынан танымас,
ісінен таныр.

Модельдік жауап:
Етікші етік тігеді.
Малшы мал бағады.
Ғарышкер зымыранмен ұшты.

Модельдік жауап:
1.Айша класқа кірді.
2.Мұғалім сабақты түсіндірді.
3.Балалар оны ынтамен тыңдады.

Модельдік жауап:
1. Оқу-инемнен құдық қазғандай.
2. Туған жердей жер болмас.
3. Сақтықта қорлық жоқ.

Бағалау шкаласы
«3» «4» «5»
Екі қатемен орындады Бір жауабы қате орындалған Барлығы толық,дұрыс орындалған
1. Бүркіт
2. Жыртқыш,ірі.
3. Ұшады,аулайды,күнге тіке қарайды.
4. Бүркіт-жыртқыш құс.
5. Қыран

-Сөз құрамы

-Аңшылық,таулы,т.б.



Қарапайым құрылымдағы жазбаша қатынастың стандартты өнімдері нысанында өз ойын рәсімдейді.

Ұсынылған ақпаратты нақтылайды.

Қимылмен көрсетіп,орындайды.

Тапсырмамен жұмыстана отырып,өз ойын ұсынады,өзге оқушының жауабын дәйектейді.

Өз әрекетінің өнімін берілген өлшемдер мен тәсілдерге сәйкес бағалайды.

Білім алушылар топтық жұмыс тапсырмаларына сәйкес жауап береді. (әрекетті орындайды)

Өз жұмысын салыстырып,қорытынды жасайды.
Нақтылау мен түсінуге берілген сұрақтармен жұмыс істейді. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Сөз құрамы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 386 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar