Меню
Назад » » »
Сөз таптары.
загрузка...

загрузка...
Абдрасылова Катшагуль Уалихановна,
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі.
Отырар ауданы
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары.



Сабақтың мақсаты: а) білімділігі;
Сөз таптары туралы білімін тиянақтау, сөйлем ішінен
сұрақ қою арқылы сөз таптарын ажырата білуге үйрету,
сауаттылығын арттыру.
ә) дамытушылығы;
Тапсырмаларды орындау арқылы оқушының сын
тұрғысынан ойлауын, сөздік қорын, шығармашылық
қабілетін дамыту.
б) тәрбиелігі;
Топпен жұмыс істеу арқылы бір-біріне көмек беруге
баулу, достық қарым-қатынасын нығайту.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, семантикалық карта, Венн диаграммасы
Сабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап, ой-қозғау, интербелсенді әдіс.
Сабақтың түрі: топтық жұмыс
Сабақтың пәндік байланысы: ана тілі, математика, бейнелеу
Уақытты меңгеру: «Проблеманы айқындау» кезеңі - 13 минут
«Проблема шешу» кезеңі – 12 минут
«Проблема шешімін қолдану» кезеңі – 20 минут
І. Проблеманы айқындау кезеңі
1) Топқа бөлу ойсергек
Оқушылар шағын топқа түс таңдау арқылы бөлінеді.
І-топ «Өркен» тобы
ІІ-топ «Алау» тобы
ІІІ-топ «Ұлан» тобы
ІҮ-топ «Зерде» тобы
Ана тілі- біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
2). Үй тапсырмасын пысықтау, 37-жаттығудың орындалуын тексеру.
Бәйге сұрақтары
1) Сөз дегеніміз не?
2) Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді?
3) Түбір мен қосымша дегеніміз не?
4) Қосымша нешеге бөлінеді?
5) Жұрнақ жалғау дегеніміз не?
6) Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
ІІ. «Проблема шешу» кезеңі «Ой қозғау» әдісі

Сөз таптары туралы не білесіңдер?



Тапсырма: Оқулықтағы 40-жаттығуды орындау. Мәтін тапсырмасын бір оқушы дауыстап оқиды.Сөздерді мағыналарына қарай топтап айтып, оларға сұрақ қой. Әр топтағы сөздерге қойылатын сұрақтың әр басқа болуы неліктен деп ойлайсың?
Ұшты, көк, жұлдыз, жаңбыр, іні, екі, қырық, орналасты, биледі, ащы, домалақ.

41-жаттығу. Кестені толықтыр.

Зат есім

Жалқы есім

...
Баянауыл
... Жалпы есім

адам
...
өзен
Негізгі зат есім

көл
...
орын Туынды зат есім

...
достық
...

Сергіту сәтін өткізу.
Бір,екі, үш саусақтарды ашамыз,
Бір, екі, үш бармақтарды жазамыз.

43-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, тәуелдеулі зат есімді табыңдар.

Бәрі бар.
Даламызда бәрі бар,
Іздегенің табылар.
Малы, дәні, кені бар,
Бәрінен де жақсысы
Кең пейілді елі бар.

44- жаттығу. Ребусты шеш. Ребустың шешуіндегі сөзді жекеше, көпше түрде
үш жақта тәуелдеп жазыңдар.


Тест сұрақтары:

1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
а) 4 ә) 7 б) 9
2. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
а) Кім? Қандай? Не? Нелер?
ә) Кім? Кімдер? Не? Нелер?
б) Қандай? Қай?
3. Сөздердің қайсысы зат есім?
а) оқушы
ә) әдемі
б) оқыды
4. Зат есім дегеніміз нені білдіреді?
а) Заттың санын
ә) Заттың атын
б) Заттың қимылын

ІІІ. «Проблема шешімін қолдану» кезеңі
Топтық жұмыс:
І-топ Сөзжұмбақты шешу.

1. Аузымен сурет салады,
Демімен ағаш жарады. (Аяз)
2. Суда сайрандайды,
Құрғақта қайраңдайды. (Балық)
3. Қарнында бір көлдің балығы,
Немесе жандының алыбы. (Кит)
4. Ол келсе орман шулайды,
Толқын теңіз тулайды.
Қуса, өзін қуады,
Ешкім оны қумайды. (Жел)
5. Қызыл қазық,
Таңсық азық. (Сәбіз)
6. Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ,
Тұяғы бейне болат алмас пышақ.
Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі,
Шарықтап көкті кезіп түнде ұшар. (Үкі)
7. Екі желім
Күйдің көрігі,
Әннің көлігі. (Домбыра)

ІІ-топ «Семантикалық карта»

Сөздер
Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Парта
Оқушылар
Дәрігер
Кітаптар

ІІІ-топ. «БББ стратегиясы»

Білемін
Білдім Білгім келеді
Кім? Кімдер?
Не? Нелер?
Сұрақ қай заттың атын білдіреді? Сұрақ қою арқылы сөз таптарын ажырата білдім. 9 сөз табы туралы білгім келеді.

ІҮ- топ «Венн диаграммасы»

Зат есім Етістік

Топтық жұмыс. Оқушылар берілген тапсырманы қалайша орындайтындығын топ ішінде талқылайды, бір-біріне кеңес береді.
Жариялау. Әр топтан бір оқушы шығып, қорытынды жасайды.

Бағалау:
І-топ ІІ-топ ІІІ-топ ІҮ-топ

Үйге тапсырма: 42 - жаттығу.

Сабақты қорытындылау (кері байланыс)
- Сабақ ұнады ма?
- Бүгін біз не үйрендік және бұл білімді қалай қолданамыз?
- Сабақта қандай тапсырманы орындаған кезде қиналдыңыздар? Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Сөз таптары. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 303 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar