Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сөз таптары. Зат есім -

Сөз таптары. Зат есім

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1682 | Размер: | Автор: гость
. ОҚО, Шымкент қаласы
№107 Ю.Сареми атындағы мектеп-
гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі Исманова Гулбахор Валихановна
Тренер: Болганова Айгул Маликовна
Нұрбек Қасым Темирбекұлы

Мерзімі: 29.10.2014
Уақыты: 1120 – 1205
Сыныбы:11-«Д»
Пән атауы: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім
Сабақтың мақсаты: Морфология саласы және сөз таптарының жасалуы туралы мағлұмат алу. Сөз таптарын бір-бірінен ажырата алуға соның ішінде зат есім, оның түрлері, жасалу жолдарын дұрыс пайдалана білуге, кез келген мәтіннен және тест сұрақтарында сөз таптарын нақты анықтау, дұрыс жауаптарын табу;
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ, Оқытуды басқару және көшбасшылық
Стратегиялық іс әрекет: Слайдтар, « Кластер» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Семантикалық карта» әдісі, «Сәйкестендіру», «Таңдау», «Толықтыру» тесті
Уақыт өлшемі Жоспар мазмұны Мұғалім іс әрекеті Оқушылардың іс әрекеті Ресурстар
2 мин І. Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңбері» Мұғалім «Шаттық шеңбері»нде оқушылармен амандасып, оларға сәттілік тілейді.Біздің бүгінгі сабағымыздың басты мақсатымыз алдымызда тұрған маңызды белес ҰБТ – ге өзіміздің дайындық деңгейімізді анықтау, түрлі тапсырмаларды орындау арқылы білімімізді пысықтау. Оқушылар «Шаттық шеңбері»нде бір-біріне ізгі ниеттерін білдіреді.
3 мин Топқа бөлу
Стикерлар арқылы Мұғалім оқушыларға фонетика, лексика саласына байланысты сөздер жазылған стикерлер таратады.
Фонетика: Дыбыс, әріп, буын, үндестік заңы, орфография, орфоэпия.
Лексика: Сөз, сөздің тура мағынасы, сөздің ауыспалы мағынасы, синоним, омоним, антоним. Оқушылар стикерлер таңдап алып, сөздердің қай салаға тән екендігіне байланысты «Фонетика», «Лексика» деп 2 топқа бөлінеді. Әрбір топ өзінің топ басшысын сайлайды. «Фонетика», «Лексика» саласына байланысты сөздер жазылған түрлі-түсті стикерлер
7 мин Өтілген тақырыптарға шолу жасау
«Кластер» әдісі Мұғалім флипчарт таратады және тапсырманы топтарға түсіндіреді. «Фонетика», «Лексика» тобы мүшелері флипчарттарға осы салаға байланысты тақырыптарға кластер құрады және топтан 2 оқушы ортаға шығып топ атынан өздерінің тақырыбын қорғайды. Интерактив тақта, ноутбук, оқулық,
дәптер,
қаламсап

10 мин Негізгі бөлім(жаңа сабақ)
Морфология. Сөз таптары.
«Миға шабуыл» әдісі
І. Мұғалім экранда сөздер көрсетеді.
Зат есім: кім? Не?
Сын есім: қандай? қай?
Сан есім: қанша? Неше?
Есімдік:
Етістік: Не істеді? Қайтты?
Үстеу: Қайда? Қашан?Қалай?
Шылау:
Одағай:
Еліктеу сөздер:
Мұғалім 2 топтың тапсырма орындауын қадағалайды.
ІІ. Мұғалім экранда сөз таптары туралы мәліметтер көрсетеді. І. Оқушылар экрандағы сөздерді белгілі сұрақтарына қарай ажыратып, теріп жазады.
«Фонетика» тобы: Зат есім, сын есім, үстеу, одағай, еліктеу сөздер.
«Лексика» тобы: Сан есім, есімдік, етістік, шылау.

ІІ. Оқушылар экрандағы мәліметтер арқылы сөз таптары бойынша білімін толықтырады.
Ноутбук, интерактив тақта,
дәптер,қалам

17 мин Сабақты бекіту
«Семантикалық карта» әдісі
Таңдау тесті

Толықтыру тесті.

Сәйкестендіру тесті. І. Мұғалім оқушыларға семантикалық карта таратады.

ІІ. Экранда 2 топқа бөлек тақырыпқа сай тест тапсырмалары көрсетіледі және қолдарына парақшалар таратылады.

ІІІ.Мұғалім экранда сөз таптарына байланысты ережелерді көрсетеді.

Сөз таптары және оған байланысты сөздер жазылған парақшалар таратылады. Топ мүшелері семантикалық картаны толдырады.

Оқушылар өздері сұрақтардың ішінен тек дұрыс жауапты белгілейді және келесі топпен парақтарын ауыстырып, экрандағы дұрыс жауаптарды тексереді.
14-15-«5». 11-13-«4». 8-10-«3»

Мұнда окушы қалдырып кеткен бос орынды грамматикалық ережелерге байланысты сөз немесе сөз тіркесін айтып толықтырады.
Мұнда екі бағанада орналасқан фактілерді, мысалдарды, сөздерді бір - бірімен мағынасына, мазмұнына сәйкес топтастыру керек. Оқулық, дәптер,қалам, интерактив тақта,
Тапсырмалар жазылған парақшалар

2 мин Бағалау.
Мұғалім сабақ басында топ басшыларына нақты критерийлер бойынша бағалау парақшаларын таратады. Топ басшысы нақты критерийлермен бағалау парақшасын толдырып отырады.
Бағалау парақшалары
2 мин Үйге тапсырма 1.Сөз таптарын қатыстырып «Менің келешекте таңдаған мамандығым» тақырыбында эссе жазу.
2. Үй тапсырмасына бүгінгі тақырыпқа байланысты 25 сұрақтан тұратын тест құрап келуді тапсырады. Оқушылар берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарайды. Оқулық, дәптер, калам,

2 мин Рефлексия.
«Тілектер мен ұсыныстар» себеті Мұғалім оқушылардың тілектері, ұсыныстарымен танысады. Оқушылар өздерінің сабақ жайлы тілек, ұсыныстарын стикерлерге жазып, «Тілектер мен ұсыныстар» себетіне жапыстырады. Түрлі-түсті стикерлер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.