Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сөздердің байланысу түрлері -

Сөздердің байланысу түрлері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2069 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Т.Жайлыбаев ауылы, №90 «Абай» атындағы жалпы орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кошкарова Гулназия Джакудаевна

Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері
Сабақтың мақсаты: білімділік – сөйлем құрылысынан сөздердің байланысу түрлерін ажыратуға үйрету, сөздердің байланысу тәсілдері мен байланыстылығын білдірту; дамытушылық :логикалық тапсырмалар арқылы ойларын дамыту,практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;
тәрбиелік – лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.
Әдісі: баяндау,түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: сызбалар,үлестірмел карточкалар
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасын сұрау.
Ойын «Грамматикалық терминді таңдау». Терминдер: сөз,сөйлем,сөз тіркесі,синтаксис.
Оқушылар берілген терминдерден сабаққа қатысты термин сөзді анықтайды және оның қажеттілігін дәлелдейді.қажетті термин – сөз тіркесі.
- Сөз тіркесі дегеніміз не?
- Сөз тіркесінің қандай айырықша белгілері бар?
- «Қатені түзеу» ойыны.
Сөз тіркесі Қатесі Дұрысы
1.Ізгілік кілті Шылау арқылы
2.Көпір арқылы өту Интонация арқылы
3.Абай - ақын Орын тәртібі арқылы
4.Бақытты балалық Жалғау арқылы
5.Самал жел Орын тәртібі арқылы
6.Адамзатты сүю Жалғау арқылы
7.Білу үшін оқу Жалғау арқылы
8.Еңбектің сыйы Шылау арқылы
9.Қаныш Сәтбаев – ғалым Орын тәртібі арқылы
10.Ғажайып әлем Интонация арқылы
Шарты: сөздердің байланысу тәсілдерін дұрыс орналастыру.
- Сөздердің байланысу түрлерінің қандай тәсілдері бар?
- Сөздердің осындай тәсілдері арқылы байланысуы міндет пе,мақсат па?
Жаңа тақырып: Сөздердің байланысу түрлері.
Мақсат қою кезеңі.
«Бүгінгі тақырыпта нені білуіміз керек?»
Сұрақ барысында оқушылардың болжау пікірлерімен таныса отырып,сабақтың негізгі мақсатымен таныстырамын
Сабақтың мақсаты
1.Сөздердің байланысу түрлері.
2.Грамматикалық белгілері.
3.Сөздердің байланысу тәсілдерімен байланыс.
1.Қиысу.Мен көрдім ұзын қайың құлағанын. (Абай).
2.Матасу. Достық деген – адамның көрігі екен,
Достық деген – адамның серігі екен. (Мұқағали).
3.Меңгеру. Асқар белден күн нұры шашырады,
Шашырап ол да көлге бас ұрады. (Мұқағали)
4.Қабысу. Сұрғылт тұман дым бүркіп ... (Абай).
5.Жанасу. Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр (М.Әуезов)
Жаттығу жұмыстары
1-топ. «А» деңгейі – шығармашылық деңгей
Мәтінмен жұмыс.
Мен бақытты көрсем деуші едім.
Біздің қақпаның алдындағы үлкен жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді.
Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып: -Е,азаматтар,бақытты болыңдар, дейтін еді.
Менің бақытты көргім келді.
Мен сонан бері талай бақытты адамды көрдім.Талай бақытпен бетпе-бет кездестім,қазір өзім бақыттың құшағындамын.
Мен көруге құштар болған бақыт қазір мені де,менің жолдастарымды да көтеріп шаршатпай алға қарай алып бара жатқан сияқты.
Бақыт өмірмен қатар келмейді екен,өмірмен араласып,өмір болып келеді екен.Бақыт қолыңды алмайды екен,жүрегіңді алады екен.жүрегің бақытқа шомылып,сен өмірге өзімсініп кіріседі екенсің.Мен бақытты көрдім.
(Саттар Ерубаев).
«А» тобының жұмысы
1.Мәтіннамалық (текстологиялық) жұмыс
а) Мәтінде не абзац бар? ә) Жаңа ой қанша?
б) Қосымша ой бар ма? в) Қандай сөйлемнің түрлері кездеседі?
2.Композициялық-мәтіндік талдау
Шығарма неше бөлімнен тұрады? Жоспарын құр.
.Сөздердің байланысу түрлерін анықта.
а) Қиысудың мәтіндегі саны.
ә) Меңгерудің мәтіндегі саны.
б) Матасудың мәтіндегі саны.
в) Қабысудың мәтіндегі саны
г) Жанасудың мәтіндегі саны.
4.Сөздердің байланысу тәсілдерінің санын анықтаңдар.
2-топ. «Ә» деңгейі – танымдық деңгей
Көркем шығармалармен жұмыс(Абай,Жамбыл,Мұқағали өлеңдері)
- Абай,Жамбыл,Мұқағали кім? Олардың әдебиеттегі орны қандай?
- Абайдың,Жамбылдың,Мұқағалидың қай шығармалары матасу,қабысу,меңгеру тіркесі түрінде келген?
Тапсырма
а) Абай;Жамбыл,Мұқағали шығармалары бойынша сөздердің байланысу түрлерін табу.
ә) Жекелеген сөздерге математикалық талдау жасау.
б) Сөйлемдерге морфологиялық талдау жүргізу.
3-топ «Б» деңгей – мақсатты деңгей
238-жаттығу.
Ойлану сұрағы.
- Грамматикалық құрылым қиысудан басқа байланысу тәсілдеріне тән бе? Неге? неліктен?
- Қабысу мен жанасуды бір-бірінен қалай ажыратуға болады?
Үйге тапсырма. «А», «Ә» топтары ұсынылып отырған мәтіндегі ойды аяқтап жазады,сөздердің байланысу тәсілдерін анықтайды. «Б» тобы көркем шығармадан сөйлемдер жазып,талдау жасау.
Бағалау. Топ лидерлері арқылы оқушылар бағаланады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.