Меню
Назад » » »
Сөздің дәлдігі – ойдың айқындылығы.
загрузка...

загрузка...
Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған
№30 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуллина Сандуғаш Шалхарбаевна

Сыныбы: 11
Сабақ тақырыбы: Сөздің дәлдігі – ойдың айқындылығы.
Мақсаты: Білімділік: шешендік өнер туралы алған білімдерін бекіту,
ойларын ортаға салып қорыту.Сөздің дәлдігі мен ой
айқындылығының маңызы туралы түсіндіру.
Дамытушылық: шешендік сөздерді оқыта отырып, оқушы
бойына көркем, әдеби сөйлеу өнерін дамыту, шығармашылық
ізденістерін арттыру.
Тәрбиелік: шешендік сөз өнерінің құдіретін сезінуге баулу және
туған елінің тарихын , әдеби мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: сөз әдісі, көрнекілік әдісі, сұрақ- жауап, әңгімелеу, ой
қозғау, жазылым, тыңдалым,тест, оқылым
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайд, тақта,
Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих, өмірмен байланыс
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі:
2 Үй тапсырмасын тексеру:
Тест сұрақтары
1 Шешендік сөздің түрлерін тап.
а) арнау, толғау, дау
б) жуан, жіңішке, ашық, қысаң
с) аралас, сабақтас, салалас

2 Құрмалас сөйлемді тап
а) Белгісіз солдат ағаш арасына сүңгіп кете барды.
б) Соқаның тісі тонға тисе , ауызың майға тиер.
с) Мен- бастауышы.

3 Қазақтың алғашқы биі кім болған?
а) Малайсары би
б) Төле би
с) Майқы би

4 Қосымшаның неше түрі бар?
а) 4
б) 2
с) 3

5 Шешендік арнау дегеніміз не?
а) бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл , бата
б) заттық мәселелерді зерттейтін әдет заңы
с) шешендік мақал, нақыл, мысал, жұмбақ

6 Сөздік құрам деген не?
а) Жалпы халыққа ортақ сөздер
б) Тілдегі сөздердің жиынтығ
с) Қолданыстан шығып қалған сөздер жиынтағы

7 Қазақ шешендік өнері неше кезеңнен тұрады?
а) 5
б) 6
с) 4

8 Тәуелденген сөзді анықта.
а) ұстазбын
б) ұстазға
с) ұстазым

9 Қазіргі шешендіктің түрлері қанша?
а) 3
б) 6
с) 5

10 Жақсыз сөйлемді тап
а) Сабақтан кешігуге болмайды.
б) Балалар кітанханаға кірді
с) Ауыл. Топталған адамдар.
Жаңа сабақ:
Ойдың айқындылығы сөз қолданыстағы дәлдікпен тығыз байланысты. Сөз қолданыстағы дәлдік сөйлеушінің тақырыпты қаншалықты меңгергендігімен, ойлау жүйесінің тереңдігімен, қазақ әдеби тілінің байлығы мен нормасын жетік білуімен өлшенеді. Сөз мағыналарын жақсы білген адам сөзді орнымен жұмсай алады. Сөйлеуші сөздердің табиғи мүмкіншіліктерін – тура мағынасын, көп мағыналылығын, синонимдік, антонимдік, оимонимдік қасиеттерін кең түрде пайдаланумен бірге, сөздерді ауыспалы мағынада, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді қыбын тауып қолдана білгені жөн.

Жаттығу жұмысы: 69-бет 48 – жаттығу
Ауыспалы бейнелі мағынада жұмсалып тұрған көп мағыналы сөздерді тауып,,дәптерге жазу. Омоним болатын сөздерден омонимдік қатар құру.
49- жаттығу.
Абайдың қарасөзіндегі синонимдік, антонимдік сөз қолданыстарын табу.
50-жаттығу.
Ауызша орындау.
Көп нүктенің орнына сөз қойып, өз ойларымен толықтыру. Баяндаманың тақырыбын қою.
51-жаттығу.
Шешендік сөздердегі фразеологизмдерді тауып, орнымен қолданғанын түсіндіру.

“Өткенге қарайық” Сөзжұмбақ
1 Достық сөзінің антонимі
2 “Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интелегент емес”- деген кім?
3 “Тіл байлығы, тіл тазалығы- ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі белгісі” – деген кім?
4 Жаңбыр жауса, жер жетім.
Басшы болмаса, не жетім?
5 Қазақтың ең тұңғыш саяхатшы ғалымы
6 Шешендік сөздің бір түрі?
7 “Шутка сөзін аудар”
8 Кіші жүздің биі кім болды?
9 “Искусство” сөзін аудар
10 “Құтты білік” жазба әдебиетінің авторы кім?
11 Тәуке ханның ордасында қазақтың әдет-ғұрып заңдарының жиынтығы қалай аталды?
12 Пікірталастың бір түрі
Соңында «Шешендік өнер» деген сөз шығады.

Сөйлем талдау, тақтамен жұмыс.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылдың 18- қаңтар айында қазақ халқына жолдауы берілді.Оның тақырыбы: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» дейді. Ендеше біз мына бір сөйлемге талдау жүргізейік. 3 оқушыны тақтаға шығарып синтаксистік, морфологиялық, фонетикалық талдау жүргіздіртем.
«Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек» .

Деңгейлік тапсырмалар. 3 оқушы тақтада талдау жұмысын жасап жатқан сәтте, сыныптың өзге оқушылары деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі.
Сергіту сәті.
Карточка 1
1 Дауысты дыбыс деген не? Түрлеріне ажырат
2 Тұрақты сөз тіркесі деген не? Мысал келтір
3 Жіктік жалғауларын ата. Мысал келтір

Карточка 2
1 Ықпал деген не , неше түрі бар, ата, мысал келтір.
2 Салт және сабақты етістік деген не? Мысал келтір.
3 Сөйлем мүшелері деген не? Неше түрі бар? Ата.

Карточка 3
1 Тәуелдік жалғауларын ата.Мысал келтір
2 Омоним деген не? Мысал келтір
3 Деректі және дерексіз зат есім деген не? Мысал келтір

Карточка 4
1 Есімшенің жұрнақтарын ата.
2 Салалас құрмалас сөйлем деген не?
3 Диалект деген не? Мысал келтір

Карточка 5
1 Табу.Мысал келтір.
2 Орфография мен орфоэпияның айырмашылығы неде? Мысал келтір
3 Осы шақ етістік. Мысал келтір.

Оқушылардың тілінің дамуын, бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенін байқау барысында “ Мектеп ережесі әрқашан сақтала ма?” – деген тақырыпта пікірталас ұйымдастыру. Оқушылар 2 топқа бөлініп, өз ойларын ортаға салады. төңірегінде сынып оқушылары жақтаушы топ және даттаушы топ болып, екіге бөлінеді де, пікірлерін ортаға салады.

Бекіту: Шешенге қойылатын талаптар
Қорытынды.
Оқушы білімін бағалау
Үйге тапсырма:
84 –бет 76- жаттығу
Берілген тақырыптар төңірегінде ой бөлісу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Сөздің дәлдігі – ойдың айқындылығы. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 510 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar