Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Сағат », «Минут» -

«Сағат », «Минут»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2022 | Размер: | Автор: гость
. Оракеева Акмарал Ашировна ,
М. Ломоносов атындағы мектеп- гимназияның бастауыш сынып мұғалімі.
Оңтүстік Қазақстан Облысы Түлкібас ауданы

Пәні: Математика Сыныбы: 2 «В» сынып
Сабақтың тақырыбы: «Сағат », «Минут»
Жалпы мақсат: Уақыт өлшемдерімен таныстыру,сағат, минут, жайлы түсінік беру.Сағатқа қарап уақытты білуді үйрету Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дереккөздері Ә.Б.Ақпаева,Л.А. Лебедева,математика 2-сынып «Алматыкітап»2013жыл 79-80 бет.

Күтілетін нәтижелер; Сағатқа қарап уақытты біледі,уақыт өлшем бірліктерін ажыратады,Уақытты үнемдеуді үйренеді,шығармашылық қасиеттері дамиды.
Әдіс тәсілдер: Топқа бөлу, топтық жұмыс, талдау, сұрақ жауап, шығармашылық жұмыс,
Құрал жабдықтар. Жазып өшіру құралы,топқа бөлу үшін түрлі-түсті тапсырмалар шляпалар,түрлі-түсті шляпалар,сағаттар ,сағаттың моделі,себеттегі жұлдызшалар,дәптер .
1.Қызығушылықтарын ояту
Бағдарлау-мотивациялық кезең Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Тапсырмалар жүйесі Бағалау критериясы бойынша әрбір дұрыс орындалған тапсырма 1 ұпаймен саналады
А)Ұйымдастыру кезеңі (7-минут)
-Сәлеметсіздер ме балалар?
-.Ал кәнекей балалар,әдеттегідей топқа бөлініп,орнымызды табайық.Мына үстелдің үстіндегі кез-келген өздерің таңдаған шляпаларды алып,орнымызға жайғасайық.

-Жарайсыңдар.
-Ал енді шляпалардың бетіндегі жапсырылған тапсырмаға назар аударыңдар
Мұғаліммен амандасады.Үстелдің үстіндегі шляпалар арқылы топқа бөлінеді.Топ басшысын сайлайды.Сайланған топ басшы басына шляпасын киеді.Тапсырмаларды орындап,сұраққа дұрыс жауап берген оқушы ұпайларын жинайды.
Шляпада жазылған тапсырмаларды орындайды.
(Өткен тақырыптар бойынша пысықтау) 1 ұпай-қанағаттанарлықсыз
2 ұпай-қанағаттанарлықтан төмен
3 ұпай-қанағаттанарлық
4 ұпай-қанағаттарлықтан жоғары
5 ұпай-жеткілікті,жақсы,бірақ,әлі жақсы емес
6 ұпай-жақсы
7 ұпай-өте жақсы
8 ұпай-үздік деседе болады
9 ұпай-үздік
10 ұпай-өте үздік
Б)Психологиялық дайындық.
Сергіту сәті.(2 минут) Сыныптағы психологиялық ахуалды жөндеу үшін.
«Көңілді күн»бейне роликті көрсетемін. Оқушылар өлең айтып ,би билейді. Бейне көрінске қарап орындайды.
Кәнекей балалар алақанмен үш рет қол соғамыз.
Оқушылар қол соғу арқылы сабақтың келесі кезеңіне өтіп отырады.
В).Брейншторминг(7минут миға шабуыл) 1.1 жылда неше ай бар?
2.1 айда неше күн бар?
3.- 1 аптада неше күн бар?
4.1 тәулікте неше сағат бар?
5.1 сағатта неше минут бар?
6.1 дм неше см бар?
7.1 ғасырда неше жыл бар?
8.Сағаттың неше тілі бар?
9.Сабақтың ұзақтығы неше минут?
10.Сабақтың арасындағы уақытты қалай атайды?
Тапсырманың жауабын жазып өшіру құралына жазып көрсетеді. Логикалық тапсырмалар .
.
105 сабық кітапшасынан(қосымша сабақтарды пысықтау)

.

..
11. Мағынаны тану(5минут) А) Ал енді балалар сіздер өмірде кездесетін қандай сағаттың түрлерін білесіңдер?
-Уақыт немен өлшенеді?
-Таңертең аналарың сіздерді сабаққа тұрғызу үшін неге қарайды?


-Жарайсыңдар балалар.
-Ендеше бүгін біз өздерің жауап берген сұрақтарыңды негізге ала отырып ,уақыттың жаңа өлшем бірлігі---Сағат,Минутпен танысамыз ......

Б)Сағатта үш тіл бар екенін білдіңдер.Енді білімізді практикалық жұмыспен дәлелдейік . Әр топқа тапсырмалар беремін . Слайд Оқушылар жауап береді.
Балалдың жауабы тыңдалған соң
Балалар оқулықпен жұмыс жасайды.79-80 беттегі тапсырмаларды ретімен орындайды.Слайд

1.Бірнеше сағаттың әртүрлі уақытты көрсетіп тұрған бірнеше тапсырманы орындайды.Слайд
2. 1 минуттың ішінде екі таңбалы сандарды жазу.

12.76.25.98.76.25.34..25.95.32.....

Дәптермен жұмыс.Күннің ретін жазу.
1.-------------------------------------

2. ------------------------------------

3.-------------------------------------
111.Ой толғау(5 минут) Ауызша сұрақтарға жауап беру.
А)Камила әжесінің үйінде 1 ай және 3 күн болды.Камила әжесінің үйінде барлығы неше күн болды?
-Ә)Асқар жазда Алакөлде 1 ай және 1 апта демалды.Асқар Алакөлде барлығы неше күн демалды?...
Оқушылар қолдарындағы жазып өшіру құралдарымен жауапты жазып көрсетеді.Дұрыс жауап берген оқушы ұпайларын жинап отырады. 105 сабақ тапсырмаларынан.
1V. Рефлексия Не үйрендік? Не білдік?(Сызба құрастыру)сұрақтары бойынша өздерінің күн тәртібіне күнделікті уақытын жазу. Күн тәртібі. Уақыт.
1.Ұйқыдан тұру
2.Жаттығу
3.Таңертеңгілік жуыну
4.Ертеңгілік ас
5.Мектепке дәріс алу
6.Түскі ас
7.Демалу,ойын ойнау,таза ауада қыдыру.
8.Түстен кейінгі ас.
9.Үй тапсырмасын орындау
10.Кешкі ас
11.Әртүрлі пайдалы жұмыстармен айналысу
12.Кітап оқу ,теледидар көру,т.б
13.Жатар алдында жуыну
14.Ұйықтау. Күнделікті орындап жүрген уақытына сүйеніп жасау.



V.Бағалау Оқушылардың жинаған жұлдызшаларының санына қарай ұпай сандарын санап бағалау. Жинаған жұлдыздарын санайды.Бағаларын күнделікке қойдырады Формативті,және жиынтық бағалау.

V1.Үйге тапсырма 82 бет .№5 тапсырма Математика оқулығы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.