Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сақ тайпалары -

Сақ тайпалары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1955 | Размер: | Автор: гость
. Сәтбаев қаласы № 3 ЖОББМ
тарих пәнінің мұғалімі
Сулейменова Молдир Болатбековна

Сабақтың тақырыбы: Сақ тайпалары
Сабақтың мақсаты:
. Сабақтың мақсаты:
1.Сақтардың басқару ісі, сақ патшалары,сақтардың парсылармен соғысы,тәуелсіздік
үшін күрес жолында аянбай ерлікпен шайқасқан ержүрек жауынгерлері туралы түсіндіру.
2. Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін арттыру
3.Оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтуге үйрету, елін,жерін сүйетін отансүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топпен
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап
Көрнекілік: Сақтар туралы слайд,кластер
І. Ұйымдастыру
ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Тақырыпты ашу. Қызығушылықты ояту.
Бірегей халықпыз бір қара тамыр,
Сақтардан басталады ата дәуір.
Қаны мен жанын берген туған жерге,
Бар қазақ бір-біріне туыс бауыр
2.Бағалау парағы
3.Кластер.
4.Мәтін оқу.(5 минут)
5. Мұғалімнің сөзі.(5 минут) Археологиялық мәліметтер бойынша сақ тайпалары Қазақстан аумағын б. з. б. VII-IV ғғ. мекендеген. Сақ тайпалары әр түрлі аталған. Сақтарды ежелгі грек авторлары «Азиялық скифтер», парсы ескерткіштерінде «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сақтарда негізінен әскери қоғам болды. Сақтардың этномәдени ареалына көптеген тайпалар кіреді. Олардың нақты санын белгілеу мүмкін емес, грек деректерінде – даилар, массагеттер, исседондар, т. б., парсы деректерінде – сақ-хаомоварга, сақ-тиграхауда, сақ-парадарайа деп аталады.
Сақтардың антропологиялық типі еуропеоидты болды. Сонымен қатар моңғолоидтық элементтердің етек жаюы күшейді. Батыс Қазақстандағы савромат-сарматтар сақтарға туыстас келді.
Сақтардың қоғамдық құрылысы. Алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезеңі.
Бүкіл тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі – бас қолбасшы болды. Олар тайпаны да басқарып отырды. Әр көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалады, тайпа атынан келіссөз жүргізіп немесе келісімге келіп отырды. Тайпа одақтарының көсемдері ру мен тайпа арасында жайылым және көшуге қажетті жер бөлу ісімен айналысып, осы жерлерді пайдалану ережесін анықтады. Сонымен қатар олар жер дауын шешіп, рулар мен тайпалар арасында қақтығыс туып кетпеуін қадағалады. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене қатысты және еркектермен бірге соғысты. Тіптен олардың кейбіреулері тайпа көсемдері болып та сайланды
Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болды. Демек, сақтар мемлекет құру ісінің табалдырығында тұрды. Бұл құбылыс отырықшы халықтарға қарағанда, көшпелілерде кешірек пайда болды.
Сайланып қойылған көсемдердің қолына азаматтық және әскери билік шоғырланды, әскери жасақтар құрылды. Сақ бірлестігін хан басқарды. Әрбір тайпа бірлестігің өз ханы болды. Хан мұрагерлік жолмен сайланды. Егер хан өлсе, оның орнына ұлы, ал кәмелетке толмаған немесе мүлде болмаған жағдайда ханның ең сенімді әйелдерінің бірі ел басқарды.
Хан елбасы, ел мен жердің иесі, бас қолбасшы саналған. Ханның жанында ірі-ірі тайпа басшылары және әйгілі батыр-қолбасшылардан тұратын хан кеңесі жұмыс атқарған.
Маңызы бар мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Малға жеке меншік пайда болды. Соғыс негізінен тайпа көсемдері үшін пайдалы еді. Осылай мүлік теңсіздігі шықты. Тұтқындар құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді. Бұл кезеңдегі құлдардың көбі ер адамдар болды.
Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш тобы ерекшеленді: жауынгерлер, абыздар және басқа қауым адамдары (малшылар мен егіншілер). Әрбір қоғамдық топтың дәстүрлі өз түсі болды. Жауынгерлердікі – қызыл, абыздардікі – ақ, өзгелердікі – сары және көк.
Шаруашылығы. Сақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығының 3 түрі болды:
көшпелі мал шаруашылығы Батыс және Орталық Қазақстанда өріс алды.
қыстық және жаздық қоныстарды қажет ететін жартылай көшпелі мал шаруашылығы — Алтай, Тянь-Шань тауларында, Жетісу, Шығыс Қазақстанда көп тарады.
отырықшы мал шаруашылығы (жартылай егіншілікпен айналысқан). Шаруашылықтың мұндай түрі Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Келес, Шу өзендерінің аңғарында дамыды. Сақтар жылқы, қой, түйені өте көп өсірді, ал ірі қара (сиыр) саны аз болды.
Сырдария өзенінің аңғарында егін шаруашылығымен айналысты. Бидай, тары, қарабидай өсірді. Егінді канал арқылы суарды.
Сақ заманында доңғалақты көлік түрлері дамыған. Мұндай арбаларға өгіз, ат және түйелер жегілген. Соғыс және аңшылыққа арналған күймелер, негізінен, екі доңғалақты болған. Сақ тайпалары қосалқы кәсіп ретінде аңшылықпен және балық аулаумен айналысқан.
6.Даталар сөйлейді
Б.з.б. І мың жыл Далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу, аңдық стильдің пайда болуы
Б.з.б. 484-423 ж Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен тайпа
Б.з.б. 530 ж Сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлерінің басып кіруі
Б.з.б. 519ж Геродот Б.з.б. 7ғ Кир қайтыс болған соң 11 жылдан кейін парсылар қайта шабуыл жасады.
Б.з.б 529ж Александр Македонскийдің сақтармен шайқасы
Б.з.б 519 -518ж Томиристің және оның ұлы Спаргаписстің парсы патшасы Кирмен соғысы
Б.з.б 330-327 І Дарийдің Тиграхауда сақтарымен соғысы
7. 1Томирис
2Дарий
3Шырақ
4Спаргапис

8.Сәйкесін тап
Гректер Қауым мүшелері
Парсылар Құдіретті еркектер
Ирандықтар Теңіздің арғы жағындағы сақтар
Парадария Азиялық скифтер
Тиграхауда Әскери - демократиялық
Хоумаварга Абыздар
Сақ қоғамының сипаты Шошақ бөрікті сақтар
Қызыл түсті кигендер Жүйрік атты турлар
Ақ түсті кигендер Жауынгерлер
Сары, көк түс кигендер Хаома сусынын дайындайтын сақтар

1. Кир пат-ң сақтарға жорығы
2 .Томирис патшайым өмір сүрген жылдар
3 .Дарий патшаның сақ-ға жорығы
4. Е.Зұлқарнайынның сақ жеріне жорығы

Симантикалық карта, мағынаны айыру; + -
Шаруашылығы
Территориясы
Сақ атаулары

1.Тиграхауда
+

2.Жетісу
+

3.Көшпелі және
отырықшы
+

4.Мал шаруашылығы +

5.Хаумоварга

+

6.Парадарайа
+

Сақтар туралы жазған грек тарихшысы –Геродот
Александр Македонскийдің тарихшысы-Аррионмиристің ұлы
Томиристің ұлы- Спаргапис
Дарийге қарсы күрескен сақ батыры-Схунха
Томирис пен Кирдің шайқасы туралы баяндаған Рим тарихшысы-Помпей Трог
Сақ батыры Шырақтың ерлігін суреттейтін грек тарихшысы-Полиэн
Македонскийге қарсы күрескен сақ батыры-Спитамен
Сақ әйелдерінің ержүректігін баяндайды-Ктесий
Арал өңірінен табылған ескерткіштер
Бәбіш молда Көлемі жағынан Шірік Рабат қаласынан сәл кішірек. Мықты қорғанысы: мұнаралары, дуалдары, айнала қазылған орлары болған. Қазба кезінде қыш күйдіретін пеш, ұн тартатын қол диірмен тастары, азық қалдықтары, үй жануарларының сүйектері, көптеген қыш ыдыстар табылған.
Шірік Рабат Шірік Рабат қаласы апасиактардың астанасы болған. Апасиактар су жағасын мекендеген сақтар. Шірік Рабат қаласының орны қазіргі Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде, Қызылқұм шөлінде орналасқан. Ұзындығы 800 м, ені 600 м болып келген жазық төбеде орналасқан қала 42 гектар жерді алып жатыр. Шірік Рабат қаласының бекініс қамалы бір жағынан ғибадатхана, екінші жағынан атақты адамдарды жерлейтін орын болған.

Қорытынды.
Бағалау:
Үйге тапсырма: параграфты окып, такырыптың соңындағы сұрақ-тапсырмалар бойынша дайындалып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.