Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі -

Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3511 | Размер: | Автор: гость
. Күні: 11.12.2015ж
Сабақтың тақырыбы : «Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сақтардың ел үшін тәуелсіздік күресі туралы оқушыларға толық түсінік беру.
Дамытушылық: Сақ елінің тарихымен таныстыру арқылы оқушылардың ой-өрісіндамытып, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік мәні: Тәуелсіздіктің мәнін түсіндіре отырып, оқушыларды отан-сүйгіштікке, өз елінің тарихы мен ата-бабаларын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, ойындар.
Пән аралық байланыс:Ежелгі дүние тарихы.
Сабақтың көрнекілігі:Қазақстан картасы, слайд, электронды оқулық.
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушылар қатысын, оқу құралдарын тексеру.
3. Шаттық шеңбері.

II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақ меңгерту.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Қорытындылау.
Оқушылар з топқа бөлініп отырады.
1 топ Сақ тиграхауда
2 топ Сақ парадарайа
3 топ Сақ хаомаварга
3 топ капитандарын сайлайды.
Команда капитандары өз тобын таныстырады.

Үй тапсырмасы бойынша «Жұлдызды сағат ойыны»

Оқушылар алдарындағы алтын сандықтың ішіндегі сұрақтарды алып, сол жерде жауап беру.
1. Сақтар б.з.б қай кезеңде өмір сүрді ? ( 1 мың жылдықта)
2. Сақтар қандай шаруашылықпен айналысқан ?(мал шаруашылығы, өзен- көлдерден балық аулаған,егіншілік те дамыған.)
4. Геродот сақтарды қалай атады? ( Азиялық скифтер)
5. Сақтар мекендеген аймақтары ?
6. Грек тарихшылары сақтарды қалай деп сипаттады?( Досқа адал, дұшпанға қатал болған. Ең әділ, ең шыншыл халық деп есептеген.Батыр жауынгерлерді ардақтап құрметтеген)
7.Бейне сұрақ: «Ратайштар» деген кімдер?(Жауынгерлерді ежелгі үнді-иран тілінде ратайштар деп атаған. Яғни арбада тұрғандар)
6. Сақтарды аса жоғары құрметтеп, әлемдегі ең әділ ең шыншыл халық деп атаған кімдер? Гректер.
7.Сақтар туралы деректерді жазған кімдер?(Парсы шығармаларында және Грек- Рим авторларында)
8. Грек авторы Ктесий сақ әйелдері туралы қалай деп баяндайды?( «Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек береді, ұрысқа араласады деп айтқан)
9. «Сақ» сөзінің мағынасы парсы жазбаларында? (құдіретті еркектер деп түсіндірген)
10. Сақтардың батыстағы көршілес жатқан тайпалары кімдер?( Сарматтар)
11. Сақ тайпалары Қазақстанның қай жерлерін мекендеді?
12. Бейне сұрақ: Сақтардың патшайымы Томиристің өмір сүрген жылдары.
13. Сақ малшыларының арасында «сегіз аяқтылар » дегендер кездесті. Олар кімдер?
( соқаға жегетін екі өгізі барлар)
14. Сыйлық. Грек географы Страбон сақтар туралы не деп айтты? (сақтар жақсы шабандоздар болған. Олар садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген)
15.Сақ қоғамы неше топтан тұрды және олардың киімдері қандай түсте болды? (3 топқа бөлінген. Абыздар ақ түс, жауынгерлер қызыл түс, егіншілер мен малшылар сары немесе көк түс киген)
Дұрыс жауап берген оқушыларды марапаттап, смайликтер тарату.

Қызығушылықты ояту. Ой қозғау.
Оқушылыр, «Тәуелсіздік» деген сөзді қалай түсінеміз?
Міне балалар тәуелсіздік – бостандық, Дербес.Еркіндік, Азат мемлекет екенін білдік.
Қазақстан тәуелсіздікті қашан алды? Қандай тайпаларды білеміз?
Балалар жаңа сабағымыз
«Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі »
Жаңа сабақ жоспары:

1. Кир әскерінің басып кіруі
2. Шырақтың ерлігі
3. Александр Македонскийдің сақ жеріне жорығы

Сақтардың тәуелсізді үшін күресі туралы білу үшін алдымен мына бір бейне фильмге назар аударайық.
Жаңа сабақты түсіндіру. Слайдпен жұмыс.

Оқулық бойынша мәтінмен жұмыс жасаймыз.
Постер қорғау.

3 минут уақыт беріледі.

1-ші топ Кир( Кир патшасының сақ тайпасына жорығы)
2-ші топ Дарий ( Дарий жорығы)
3-ші топ Томирис ( А.Македонскийдің жорығының сәтсіздік болуы)

IV.Бекіту тапсырмалары
1.Үлгерімі төмен оқушыларға «Тарихи домино»
Шарты: Қиылған сөздерден сөйлем құрастыру.
Ұяшықтардан сұрақтар.
1. топ:Сақ тиграхауда
Сәйкестендіру тест.

1. Кир бастаған парсы әскерлері сақ (бзб 330 ж)
жеріне басып кіруі

2. I.Дарий сақтарға қарсы жорығы (бзб 490)
3. Марафон шайқасы (бзб 530)
4. Александр Македонскийдің сақ жеріне жорығы (бзб.519ж)

IІ-ші топ .Сақ парадарайа

Тарихи диктант

1.Бзб 530 жылы сақ жеріне............... бастаған парсы әскерлері басып кірді.(Кир)
2. Бұл кезде сақтардың билеушісі............................ еді.(Томирис)
3. Бірақ Томирис «әйел болсада жаудың шапқыншылығынан қорыққан емес» деп жазған Рим тарихшысы ................................................(Помпей Трог)
4. ......................сияқты жауынгерлердің арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалған екен.(Шырақ)
5.Ежелгі Грек тарихшысы ...............қолбасшы Александр Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазады.

III-топ. Сақ хаомаварга
Бұл кім? Тұлғаны тану.

Томирис-
Кир-
Шырақ-
I-дарий-
Спитамен-
Спаргапис-
Арриан-
Александр Македонский-
Сергіту сәті :Эльвин и Бурундуки

V. Капитандар сайысы
Кубизм стратегиясы:
Кубикти лақтыру арқылы ұяшықты таңдау. Ұяшықтағы сұрақтар ашылады. 50.30.20. ұпайлар

1. Томирис туралы не білесің?
2. Александрдың сақ жеріне жорығы қалай аяқталды?
3. Парсы патшасы I Дарийге қарсы шайқаста ерлік көрсеткен сақ жауынгері?

Қорытындылау
Доп лақтыру бір-біріне Сұрақтар қойып жауап алу.
Жаңа сабақтан алған білімдерімен көңіл күйлерін стикерге жазып, білім ағашына жапсыру.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Шырақтың ерлігі туралы эссе жазу.
Тест құрастыру.Қосымша іздену.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.