Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сағынады Мұқанды сыздап жүрек! -

Сағынады Мұқанды сыздап жүрек!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1421 | Размер: | Автор: гость
. Шымкент қаласы Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектебінің кітапханашы
Жұмабек Күлжанар
Сағынады Мұқанды сыздап жүрек!

Кештің мақсаты: М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршендігінің сыры неде екенін таңыту, түсіндіру, сезіндіру, шығармашылығының музыкамен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына үсыну.
Дамытушылығы: оқушының жан-жақты ойлауын, іздеуін дамыту, өлеңге деген ынтасын арттыру.
Тәрбиелігі: Адамгершілікке, Отанды сүюге табиғатты аялауға оларды ұмытпай есте сақтауға уйрету.

Өткізу барысы:
1жүргізуші: Қайырлы күн, өнер сүйер қауым, өлең сүйер қауым, қадірменді көрермен!
Білемін бір керемет күн туады,
Жан-жағым жаннаттайын құлпырады.
Шықпақ болып шындыққа ұмтылады,
Құлпыдағы жүрегім бұлқынады – деп жырлаған жыр дүлділі, қазақ өлеңінің аспанында ерекше жарқыраған жұлдызды, ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған «Сағынады Мұқанды сыздап жүрек» атты әдеби –музыкалық поэзия кешіне қош келіңіздер!

2-жүргізуші: М.Мақатаев Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Ақын өзінің шынайы таланты, сырға толы, тұнық та мөлдір жырлары арқылы халықтың жүрегіне жол тапқан. Мұқағали мұрасы бүгінде туған халқының қажетіне жарап рухани азығына айналып отыр. Қазақ же рінің Райымбек Бабамыздай киелі әулие батыр өмір сүрген таңғаларлық табиғаттың саф ауасын жұтып, өзінің өр талантымен, ұлылығымен танылған Мұқағали туғн жерін тамсана жырлайды.

Әділіктен айырмай еш бақытын,
Түсіндіре жырлаған бар жақұтын.
Халқын, тілін қастерлеген Отанын,
Өлең аты аталар «Үш бақытым»

Айдана: «Үш бақытым»
Асылжан: «Оңай сөз ғой Отан деген!»

1-жүргізуші:
Батар күн, келеркүн, атар таң, шығар күн,
Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын!
Осы мен осылай мәңгілік тұрармын,
Осы мен сірәда өлмейтін шығармын.
Жақындық сеземін,
Жерден де, аспаннан,
Жылылық сеземін,
Мұздардан, тастардан.
Өмірім сірә да әріден басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған.
Осы мен өлмейтін, өлмейтін шығармын,
Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын, - деп жырлаған ақын өз өлеңдерінің халқымен мәңгі жасайтынын сезгендей екен.

2-жүргізуші: «Маған нағыз баға беретін келешек ұрпақ! Нағыз бағалаушылар алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді. Мен өзім жайында мынаны айтам: мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын», - деген екен ақын өз күнделігінде. Елім егемендік алып, келешек ұрпақтың білімі де, ақылды балалары менің жырларымды оқып сусындар, бағасын берер деп келер ұрпаққа сенм артып, елінің болашағынан үлкен үміт күткен еді. Ендеше, біз бүгін артына өшпейтін өнеге, тозбайтын, таусылмайтын мұра қалдырып кеткен ақын жырларын қайта оқып, ақын жүрегіне үңілгенді жөн көрдік.

Ботакөз: Сезім
Маржан: Махаббатты бағала
Нұршат: Өлең деген тумайды жайшылықта
Думан: Жүрек демін алғанда
Лаура: Халқым барда

1-жүргізуші: Ақын поэзиясы талай жүрекке от берді, бозбаланың жыры, бойжеткеннің сыры болды. Оның жыры оқырманмен бірге шаттанды. Бар қазақтың жүрегіне жол тауып, ұлтымыздың мәңгі өлмес асыл мұрасына баланып, музыка қазынасына айналады. Ендеше Мұқағали поэзиясымен қалай сырласқанын тыңдап көрейік.

Жансая: «Поэзия!»
Ақмарал: «Сәби болғым келеді»

2- жүргізуші: Махаббат мәселесі-мәңгілік тақырып.
Әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әрқалай шығарады. Мұқағали сезімінде жасандалық жоқ. Махаббатта бір қуанып-бір ұміт, бір өкініш-бір күндік болатындағы жасырын емес.
Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат қызық мол жылдар.
Ақырын-ақырын шегініп, алыстап кетті-ау, құрғырлар-деген Абай атамыздың сөзін еске ала отырып, «Махаббат лирикасы» атты көріністі қабыл алыңыздар.

Көрініс: «Махаббат лирикасы»

1-жүргізуші: Мұқағали Мақатаевтың ұрпақтары ешқашан ұмытқан емес. Мұқағали бір ғасырда бір келетін, қазақ поэзиясының мақтанышы хас талант иесі. Иә, жақсы жырды, ақынды таңдай білсек, қорғай білсек, халқымыздың рухани өзегі, сана байлығы толыға түсері анық. Ақиық ақынның әрбір өлеңін қымбат қазынамыздай сақтап, оқуымыз керек. Ол-біздің міндетіміз. Олай болса, құрметті қонақтар Хантәңірдің биік шоқтығындай болған ақын өлеңдеріне кезек берейік.

Сапарбек: Май махаббат
Жанерке: Мен сені ұнатамын
Жансая: Сезім
Гүлжанар: Махаббат па?

1-жүргізуші: Белгілі ақын апамыз Фариза Оңғарсынова республикалық «Қазақстан пионері» журналында бас редакторлық қызметте жүрген кезінде, бір күні редакция хат бөлімінің қызметкері 5-6 хат әкеліп береді. Арасындағы біреуі тым қалыңдау екен. Балалардың, ата-аналардың әдеттегі жіберетін хаттарына ұқсамайды. Сыртына адресін қазақша жазыпты да, соңғы жағына адресін көрсетпей тек шиырып қол қойыпта. Фариза апамыз ашып қараса, қолмен жазылған өлең «Фариза, Фаризажан, Фаризақыз!» - деп басталатын ағыл-тегіл шумақтар екен. қай уақытта да қиналғанда ақын өзінің тілін ұғатын, жанын түсінетін нағыз ақынды іздейді. сондай қиын сәтінде Мұқағали Фаризаны есіне алып, оған арнап өлең жазыпты.

Сұлтан: Фариза
Бақытжан: Дос

1-жүргізуші: Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкте қалықтайды. Ақынның сөзіне жазылған әндер-бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Кезек Мұқағалидін Сарыжайлау әніне білейтін бишілерімізге беріледі. Қабыл алыңыздар!

Би: «Сарыжайлау»

2-жүргізуші: Ана-өмір сыйлаушы, бала-бағбаншасы.
Арулар-асыл жандар.
Оларға деген махаббат, сүйіспеншілік сезімі-жырдың алтын арқауы. Ана туралы, әйел туралы жырламаған ақын кемде кем. Соның ішінде Мақатаевтың әйел туралы жазған өлендері ерекше. Әйелдің әдемілігінде, сүйкімділігінде керемет жырлап өткен ақын.

Нұрахмет: «Ана»
Сапарбек: «Әйелдер-ай!»
Бақытжан: «Еркектер!»

1-жүргізуші: Мұқағали қайтыс болар алдында ауруханаға түседі. Сол туралы қысқаша көріністі қабыл алыңыздар!

Көрініс: «Аурухана!»

2-жүргізуші: «Ақынның ақындығы атақта емес, ақынның ақылдығы арда ғана, - деп арым-өлеңім деген мұратпен ғұмыр кешкен ақиық Мұқағали халқына «бірге туған жан дүниесі» өлеңдерін қалдырды. Ол табиғатпен, тағдырмен, бәрімен адал сырласты, оның өлендері бүгінде шаршағанға әл, шөлдегенге нәр, сұйгенге сырлас, мұнайғанға мұндас боп адалдық, татулық белгісін тербеп тұр.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім
Жыр жазсам, оған жұртым елендестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, - деп ақынның өзі айтқанда, Мұқағали мұралары ешқашанда өлмек емес.

1-жүргізуші: Бүгін міне жырмен басталған күн де соңына жетті. Біз сіздермен мерейлі мерекеде көтеріңкі көңіл күймен қоштасамыз!

Сания: Ән
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.