Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сабаққа  мақсат қоюдың бірнеше тәсілдерінің мінездемесі -

Сабаққа мақсат қоюдың бірнеше тәсілдерінің мінездемесі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1789 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: Сабаққа мақсат қоюдың бірнеше тәсілдерінің мінездемесі

Сабақта мақсат қоюдың 20 тәсілдерін қарастырдым. Олардың әрқайсысына тоқталып өтейін:

1.Тірек етістіктері арқылы сабақтың мақсатын анықтау
Мұғалім сабақтың тақырыбымен таныстырып, тірек етістіктері арқылы сабақтың мақсатын анықтауға ұсынады(білу, анықтау, жалпылау, бекіту, дәлелдеу, салыстыру, қорытындылау,жүйелеу, т.б.)

2. Түсінікпен жұмыс жасау.
Мұғалім оқушыларды тақырыппен таныстырып, әрбір сөздің мағынасын түсінуге ұсынады, түсінбеген сөздерді сөздіктерден анықтайды.

3. Сұрақтар арқылы сабақтың мақсатын анықтау.
Мұғалім сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, оқушыларға сұрақтар қою арқылы сабақтың мақсатын анықтауға ұсынады.
- Сабақта мен не білемін?
- Нені үйренемін?
- Алған білімді мен қайда қолдана аламын?

4. Көмекші сөздер арқылы сабақтың мақсатын толықтыру
Мұғалім сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, оқушыларға көмекші сөздер арқылы сабақтың мақсатын анықтауға ұсынады
- Мен қайталаймын...
-Мен білемін...
-Мен үйренемін

5. Ойды аяқтау тәсілі.
Көмекші сөздер арқылы оқушылар сабақтың мақсатын анықтайды:
- Қайталайық...
- Еске түсірейік...
- Білейік...
- Тексерейік...
- Үйренейік...

6. Тақырыпты сұрақ ретінде көрсету.
Мұғалім сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында сұрақтарды қояды, ал оқушылар осы сұраққа жауап беру үшін жоспар құрастыруы керек

7. “Эпиграф”
Оқушыларға тақтаға жазылған мәтін беріледі, ал оқушылар осы мәтін сабақтың тақырыбымен қалай байланысты екенін анықтауы керек

8. “Топтастыру”
Бұл тәсіл оқушылардың есту және көру қабілеттері арқылы жүргізіледі. Оқушыларға заттар, қалыптар, суреттер, фотолар қатары беріледі. Осы қатарды топтарға бөлу арқылы сабақтың тақырыбын анықтауға болады.

9. “Артығын шығару”
Бұл тәсілде оқушылар сабақта жалпылау сараптамасын жасап, артығын тауып, шығарып, өз ойларын дәлелдеу керек.

10. “Айқын көрініс” тәсілі
Көптеген біркелкі сөздер, сандар, фигуралар арасында біреуі түспен немесе көлемімен айқындалады. Көру қабілеттері арқылы оқушылар алыстан ең бірінші соған көңіл аударады.

11. “Кластер”
Мұғалім оқушылармен бірігіп жаңа тақырып бойынша кластер құрастырады. Кластер арқылы сабақтың мақсаты мен міндеттері анықталады.

12. “Өткен сабақтың қиыншылығы” тәсілі
Сабақтың соңында оқушыларға орындауға бір тапсырма беріледі, бірақ оқушылар бұл тапсырманы орындай алмайды, себебі олардың бұл тақырып бойынша білімдері жеткіліксіз болады. Жұмыс келесі сабақта жалғасады. Қиыншылықтарды шешу-келесі сабақтың мақсаты болады

13. Ынталандыру диалогы
Мұғалім оқушылармен әңгімелесу барысында оқушыларды олар әлі білмейтін, қиындық туғызатын сұрақтарға білдіртпей әкеледі, осы кезде қиыншылық жағдай туады, бірігіп осы сұрақтарды талқылау арқылы мақсат ұсынылады

14. “Қиыншылық туғызатын жағдай”
Оқушы сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау үшін нақты бір сұрақтарды кездестіргенде, сонда ол өзінің білімі жеткіліксіз екенін анықтайды.Мұғалім қарама-қайшы мәліметтері бар таратпа материал тарады. Оқушылар өз бетімен қиыншылық туғызатын жағдайды, сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтайды.

15. Шешілмеген үй тапсырмасы
Мұғалім оқушыларға үй тапсырмасын берген кезінде бір тапсырма оқушыларда қиындық туғызады. Келесі сабақта үй тапсырмасының қиындығын талқылаған кезде жаңа сабақтың мақсаттары анықталады.

16. Практикалық теориясы
Мұғалім теорияны оқушыларға практика арқылы көрсетеді

17. Оқушылардың өз мақсаттарын анықтауда оқыту материалының қаншалықты маңызды екенін түсінуі
Сабақтың басында:
- Сабақта не білгіңіз келеді?
- Не үшін білу керек?
Сабақтың соңында:
-Сабақ барысында қандай қиыншылықтар кездесті?
-Әркім өз жұмысыңызды бағалайды

18. Білім беру міндеттерін сабақтың тақырыбымен түрлендіру
- Мәліметтік: біз нені үйренеміз?
- Іс-әрекеттік: қалай үйренеміз?
- Қызығушылық: бұл бізге не үшін керек?
- Коммуникативті: қайда және кіммен?

19.Көрнекіліктерді пайдалану (аяқталмаған кесте)
Сабақтың басында оқушыларға аяқталмаған кесте беріледі, олар кітапты пайдаланып, өз бетімен кестені толтыру керек, осының негізінде сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

20. “Соңына қалдырылған жорамал”
Тақтамен жұмыс уақытында, оқушылармен сұрақтар арқылы қайталау кезінде танымдылық мақсат анықталады
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.