Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сабақ  беру  үйреншікті  жай  шеберлік  емес,ол  үнемі  жетілдіруді  қажет  ететін  үнемі  жаңаны  табатын  өнер -

Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес,ол үнемі жетілдіруді қажет ететін үнемі жаңаны табатын өнер

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1563 | Размер: | Автор: гость
. Шымкент қаласы №77 А.Асқаров
атындағы мектеп-лицейінің
тарих пәнінің мұғалімі:
Даурбаева МейрамкульЕргешқызы
“Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес,ол үнемі
жетілдіруді қажет ететін үнемі жаңаны табатын өнер”
Ж.Аймауытов.
Мұғалім біліктілігін арттырып, үнемі ізденісте жүру керек
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2012 жылғы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауындағы жетінші бағытты «Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі», яғни «оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу» - деп атап көрсеткен.Қазақстан Республикасының болашақ азаматтары мен азаматшалары сауатты, білімді, жан-жақты, ойлары ұшқыр, талапшыл, ізденімпаз, көшбасшы бола білуіне өз үлестерін қоса білетін ұстаздар да өз білімдерін жетілдіріп, оқытудың жаңа әдіс-тәсілі бойынша оқыта отырып жеке тұлға қалыптастыру қажет. Сонда ғана мұғалім өз мамандығының нағыз шебері екендігін дәлелдей алады. Білім сапасын жоғарғы деңгейде көрсетіп, жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына өз үлесін қосады. Заман талабына сай білім беру үшін әр мұғалім біліктілігін арттырып,үнемі ізденісте жүру керек деп ойлаймын. Менің ойымша,ұстаз болу үшін,мейірімді,жылы жүректі,шәкіртінің жан дүниесін түсіне алатын,оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты ұстай алатын,өзіне нық сенімді жан болу қажет.
ХХI ғасырда жаңа технологиялар көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқанда, оқушыларымыз да сол технологияларды үздік игеретін,заман талабына сай шәкірттерге білім беру қажет.Сондықтан да, мұғалім мамандығына талап жоғары болады. Әр адам үкілеп, әлпештеп өсірген ұл мен қызын мектепке жетектеп әкеліп, мұғалімге зор сенім артады.Үкілеген үміттеріне үлкен жауапкершілікпен қарау - біздің борышымыз.Мен үш айлық курс оқу кезінде көп нәрсе үйрендім.Мұғалімдердің ұстанымы мен көзқарастары, іс-әрекет пен шешім қабылдау барысында жүзеге асатынындығын ұғындым. Менің алға қойған мақсатым- өмірге құштар, терең білімді, жан- жақты құзырлы оқушы дайындау.Сондықтан,мен осы алған теориялық білімімді іс жүзінде қолданатын болсам,білімді де, шығармашыл ұрпақ дайындап шығатыныма нық сенімдімін !
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.