Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар -

Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1447 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар бойынша жалпы сипаттама туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру.
Дамытушылық: Сабақ барысында студенттердің ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Интербелсенді тақта, слайдтық көрсетілімдер, ҚР Конституциясы, оқулық, қосымша әдебиеттер, кесте, сызбалар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: өзіндік ізденіс, пікірталас, ойды дамыту, талқылау, түсіндіру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
IV. Жаңа сабақ.
V.Жаңа сабақты бекіту
VІ. Үйге тапсырма, бағалау.
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесіп, тізіммен түгелдеу.
2. Сынып тазалығына көңіл бөлу.
3. Назарларын сабаққа аудару.

Мемлекетіміздің Ата заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете білуі тиіс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан Заңды білу – заман талабы.
Дүниеге келген әрбір адамға құқықтары мен бостандықтары беріледі. Әрбір адамның міндеттері бар.
«Миға шабуыл»
«Баптар сөйлейді»
1. Азаматтардың қандай құқықтары мен бостандықтары білесіздер?
2. Азаматтардың міндеттері жайында не айтасыздар?
3. Құқық қабілеттілік қай уақытта пайда болады?
4. Әрекет қабілеттілік қай уақытта пайда болады?


Әлеуметтік құбылыс
192-бап қарақшылық
Жеке адамға қарсы қылмыстар ұрлық188
Адам Кеше Меншікке қарсы қылмыстар Тонау191
Қоғам Қылмыс
Бүгін экономикалық қылмыстар
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар
Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. жеке-жеке сұрау
2. топтық жұмыс
3. ҚР Конституциясымен жұмыс.
4. ҚР Қылмыстық Кодексімен жұмыс

Үйге берілген тақырып «Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар» бойынша үй тапсырмасын сұрау.
Студенттер өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар:
1. Терроризм 255- бап
2. Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру 256-бап
3. Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу 257- бап
4. Адамды кепілге алу 261-бап
5. Бандитизм 268 - бап
6. Теңіз қарақшылығы 271 - бап
7. Сапасыз құрылыс 278 - бап
ІҮ. Жаңа сабақ:
Жаңа сабақ мақсаты: Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері
1.Жаппай тәртіпсіздіктер 241 - бап
2. Бұзақылық 257 – бап
3. Тағылық 258 – бап

Мемлекет- қоғамдық тәртіпті сақтауға, адамдардың тыныштығын, олардың заңды мүдделері мен құқықтарының бұзылмауына ерекше мән береді. Осыған орай Қылмыстық Кодекстің жекелеген тарауы мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздігімен бірге қоғамдық тәртіпті реттеуге, қорғауға арналған.
Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері
- Жаппай тәртіпсіздіктер 241 - бап
- Бұзақылық 257 – бап
- Тағылық 258 – бап

1. Жаппай тәртіпсіздіктер.
Осы қылмыстардың топтық обьектісі – қоғамдық тәртіп.Себебі, көрсетілген қылмыстардың кез келгенін істеу арқылы обьект ең алдымен қоғамда қалыптасқан тәртіпке қол сұғады. Қоғамға қарсы көрсетілген қылмыстардың тікелей обьектісі де болады.
Қосымша тікелей обьектісі – адамдардың денсаулығы, ар- намысы, адамгершілігі, меншігі де болуы мүмкін.
Қылмыстың бұл құрамдарын анықтау не үшін керек?
Осы құрамдардың әрқайсысына жеке- жеке талдау жасайық:
Жаппай тәртіпсіздіктер (241- бап) (Қылмыстық Кодекспен қарау, бапты талдау)
Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың бірі – жаппай тәртіпсіздіктер болып табылады.
Жаппай тәртіпсіздік деп – қоғамға қауіпті әрекеттердің күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылыс заттарын қолданумен, сондай- ақ олардың өкімет өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан әрекеттерін айтамыз.
Жаппай тәртіпсіздік обьектілерді қиратумен, өртеумен, көлік, коммуникация, байланыс жүйелерінің бірқалыпты қызметін бұзумен, мүлікті жоюмен ұласып, мұның арты жаппай адам шығынына әкеліп соғуы мүмкін.

Жаппай тәртіпсіздіктің тікелей обьектісі – қоғамдық тәртіп,
Қосымша тікелей обьектісі – адамдардың өмірі, денсаулығы, мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік болады.
Объективтік жағынан бұл қылмыс – жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру б/таб.

Жаппай тәртіпсіздік – формалдық қылмыс құрамына жатады. Қылмыстық Кодекстің 241 – бабының диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Егер жаппай тәртіпсіздік кезінде кісі өлсе, денеге ауыр жарақат келтірілсе, онда кінәлінің әрекеті қылмыстардың жиынтығы (Қ К – тің 96,103 баптарында) бойынша сараланады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады.Кінәлі адам жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыратынын, оның заңды көрсетілген әрекеттермен жалғасатынын сезеді және соны істеуді тілейді.
Қылмыс субъектісі – 16 жасқа толған, жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырған немесе басқарған адам.
Кез келген мемлекеттің ҚК қатаң жаза белгіленген.
Енді ҚК тен осы баптарды қарайық.
Жаппай тәртіпсіздіктер (241- бап) (Қылмыстық Кодекспен қарау, бапты талдау)
Жаңаөзендегі оқиға.
(Компьютермен қарау -Вай фай арқылы -Жаппай тәртіпсиздіктер деп табамыз)
2011 ж. 16 желтоқсаннан 17 сіне қараған түні
Бұл тәртіпсіздік барысында 86 адам зардап шекті, 13 адам қаза тапты. Бұл тәртіпсіздіктер басталған сәттен бастап мемлекет төтенше жағдай режимин енгізіп және кезек күттірмейтін шаралар қабылдады.
16 желтоқсан күні тәртіпсіздікке қатысушылармен тонаушылардың – 70 адамы,
18 желтоқсан – 60 адамы ұсталып, қамалды.

2.Бұзақылық (257 - бап)
Бұзақылық – қоғамдық тәртіпке, азаматтардың тыныштығына зардабын тигізетін, қайсыбір жағдайларда, одан гөрі ауыр қылмысқа итермелейтін қауіпті құқық бұзушылық. Бұзақылық жасаған адам қоғамдық тәртіпті, адамгершілік салтты өрескел бұзатын, көбінесе себепсіз немесе сәл себепті пайдаланып қоғамды мейлінше сыйламаушылықтан көрінетін, қоғамдық тәртіпке ашық қарсыласуымен, өзін айналасындағыларға қарсы қоюымен, әдейі жасалған әрекеттері арқылы көрініс табады.
Қылмыстың тікелей объектісі – қоғамдық тәртіп(бөтеннің мүлкі), ал қосымша объектісі – адамның денсаулығы, ар- намысы немесе меншігі болып табылады.
Қоғамдық тәртіп дегеніміз – қоғамдық тыныштықтың, азаматтардың, қоғамдық орындардағы лайықты мінез – құлқының, ұйымдардың, мекемелердің немесе жеке көлік құралдарының бір қалыпты жұмысының, азаматтардың жеке басына қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Объективтік жағынан – бұзақылық қоғамды анық құрметтеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс – әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық әрекеттер арқылы сипатталады.
Тәртіпті тым өрескел бұзушылық арқылы жасалған бұзақылық ұсақ бұзақылықтан ерекшеленеді.
Денеге орта немесе ауыр жарақат келтірілген жағдайда кінәлінің әрекеті қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады. 257 б 1 тарм
Қорқыту – жәбірленушінің сана сезімі мен еркіне әсер ететін түрде күш қолдану әрекеттері, сабаймын, өлтіремін т.б
Ботеннің мүлкін жою немесе бүлдіру - материалдық залал келтірілуі мүмкін.
Бұзақылық қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, әдетте, қоғамдық орындардан (көшеде, көліктерде, мекемелерде, қоғамдық тамақтандыру немесе көпшілік орындарында ) басқа бейтаныс адамдарға, жас балаларға, келіп кетушілерге қарсы жария түрде жасалады.
Субъективтік жағы – тікелей қасақаналықпен істеледі.Адам өз әрекеттері арқылы қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, қоғамды көрінеу құрметтемегендігін біледі және осы әрекеттерді істеуді тілейді.
Яғни оның мақсаты- қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, жәбірленушіге күш көрсету, қорқыту, оның бойына қорқыныш туғызу, мүлкін жою, бүлдіру болып табылады.
Қылмыстың субъектісі –жалпы, 16 жасқа (257 – б,1 тармағына сәйкес), және 14- ке (257-б, 2,3 тарм) толған есі дұрыс адам.
Мысалдар вай файмен карау

3.Тағылық (258 - бап)
Бұзақылықтың заты- бөтеннің мүлкі, тағылықтың заты – үйлер, өзгеде ғимараттар, қоғамдық орындардағы мүлік болып табылады.
Тағылықтың объектісі- қоғамдық тәртіп, қосымша тікелей объектісі – адамгершілік нормалары болып таб.
Объективтік жағынан – үйлерді немесе өзгеде ғимараттарды жазулармен, суреттермен н/е қоғамдық адамгершілікті қорлайтын іс – әрекеттермен, сол сияқты көлікте немесе өзгеде қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіру арқылы сипатталады.
Үйлерді, өзгеде ғимараттарды (кітапхана, музей, кинотеатр, театр және т.б) қорлау олардың қабырғаларына қоғамдық адамгершілікке жат жазуларды жазумен, суреттерді салумен жүзеге асырылады. Әдетте олар ұятсыз, әдепсіз сөздер жазу арқылы жасалады.
Тағылық қылмысы формальды- материалдық құрамға жатады. Қылмыс кейбір реттерде, заңда көрсетілген әрекеттерді, жүзеге асырған уақыттан бастап, ал басқа жағдайларда істелген іс – әрекеттерден материалдық залал келтірілген уақыттан бастап аяқталған деп табылады.
Субъективтік жағынан тағылық қылмысы – тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам үйлерді, ғимараттарды қорлағанын, мүлікті бүлдіргенін сезеді және солай әрекет жасауды тілейді.
Қылмыстың субъектісі жалпы – 14 жасқа толған, есі дұрыс кез- келген адам.
Ү. Жаңа сабақты бекіту:
1. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері
- Жаппай тәртіпсіздіктер 241 - бап
- Бұзақылық 257 – бап
- Тағылық 258 – бап
2. Казустарды талдау. Студенттерге жекелей үйлестіріледі.
3.Пікірталас
« Менің студент ретіндегі міндеттерім» пікірталас.
ҮІ. Үйге тапсырма:
Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. Қосымша мысалдар қарастыру, талдау.
Бағалау: Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды мадақтап, бағалау.

БЕКІТЕМІН
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
_______________ /Руденко В.О./
Сабақ жоспары
Пән: Қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу әдістері
Тобы: ПД-22 «Құқық қорғау қызметі»
Уақыты: 9.30 – 10.20
Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар бойынша жалпы сипаттама туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру.
Дамытушылық: Сабақ барысында студенттердің ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар : Жаңа тақырыпты қоғаммен байланыстыра отырып түсіндіру. Жаңа техника құралдарымен жұмыстану.
Сабақтың әдісі: өзіндік ізденіс, пікірталас, ойды дамыту, талқылау, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: ҚР Қылмыстық құқығы, Қылмыстық іс жүргізу құқығы, Қылмыстарды саралау теориясының негіздері, Жаза тағайындаудың теориясы мен негіздері
Оқыту құралдары: Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім., ҚР Конституциясы
Сабақтың барысы: Оқытушының қызметі Студенттің қызметі
1. Ұйымдастыру бөлімі Аудиторияны сабаққа дайындау, сабақтағы студенттерді тексеру, жаңа сабақты түсіндіруге кірісу Кезекшілік қызметін тексеру
2. Үй тапсырмасын тексеру -сұрақтар қою арқылы
-топ бойынша сұрақ қойып, тапсырмалар беру арқылы Берілген сұрақтарды уақытылы орындау
3. Жаңа материалды түсіндіру Жаңа сабақтың маңыздылығын, өзектілігін түсіндіру
Жаңа сабақ бойынша мағлұматты меңгеру
4. Жаңа материалды бекіту Тақырыпқа сай мысалдар келтіре отырып, сұрақтармен бекіту. Тапсырманы орындау, түсінбеген жерлерін сұрау
5. Үй тапсырмасы.
Қорытындылау. Бағалау. Тақырыпқа сай берілген сұрақтарға дайындалып келу Берілген тапсырманы келесі сабаққа орындап келу
Оқытушы: Шуюншбаева РС
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.