Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Салалас құрмалас сөйлем -

Салалас құрмалас сөйлем

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1403 | Размер: | Автор: гость
. Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Төменарық ауылы
№53 А.Д.Романов атындағы орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиеті пән мұғалімі
Жакипов Қуаныш Сатыбалдыұлы

Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: а) салалас құрмалас туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып,өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін салалас құрамалас дейміз.
Мысалы: Айгүл аттан түсіп еді,су қайта таязданып қалғандай екен.
Жер қара,күн жылы кезінде бұл қалада болған адам өзен ортасындағы арал орманды жақсы біледі,өйткені қаланың тұрғындары жазғы демалыс күндерінде бұл араға қауырт келеді.Салаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемдерінің баяндауыштары (түсіп еді,біледі) екінші жай сөйлемдерінің баяндауыштары сияқты (таязданып қалғандай екен,келеді) тиянақты,сондықтан олар тең дәрежеде (салаласа) байланысып тұр.
Құрамындағы жай сөйлемдер екі түрлі жолмен байланысады:
1.Құрамындағы жай сөйлемдері көбіне жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
2.мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып,,интонация арқылы байланысады.
Жаттығумен жұмыс: 96-жаттығу. Берілген мақал-мәтелдердің екінші сыңарын өздерің ойлап тауып,салалас құрмаласқа айналдырып жазыңдар.
Еңбек ерлікке жеткізер,............. Көз қорқақ,........... Еңбек түбі-береке,.........
Қоянды қамыс өлтіреді,....... Көп қорқытады, ......... Жалғыздың үні шықпас,....
Атаның баласы болма,...... Ат аяғынан семірер,.......... Ұста пышаққа жарымас,....
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық таладау жүргізеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: Салалас құрмалас сөйлемге мысалдар жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.