Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сан есім -

Сан есім

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1468 | Размер: | Автор: гость
. Алым Маруа Тілешқызының,
“Қажымұқан атындағы жалпы орта мектебінің директоры
ОҚО, Ордабасы ауданы
Сабақ тақырыбы: Сан есім

1.Сабақтың мақсаты :
1.Білімділік:
Оқушыларға сан есім туралы түсінік беру, сан есімдерге сұрақ қою, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын табуға үйрету, ой қозғау стратегиясын пайдаланып, оқушыларды сұрақ қоюға үйретіп, сауатты жазуға дағдыландыру.
2.Дамытушылық: Ой өрісін дамыту
3.Тәрбиелілігі: Оқушыларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: тірек сызбалары, слайд, стикерлер, плакат, маркер, АКТ.
Әдісі: сын тұрғысынан ойлап талдау жасау, өз бетімен жұмыс, өз ойын қорғау, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Терезеге күн шығысқа қарап алақандарын жайып , күн жылуын алып бір-біріне беру.
Аспанға қараймыз,
Жұлдызды санаймыз.
Сабақтан бестік алып,
Қуанып тараймыз.
Оқушыларды 1, 2 санау арқылы топқа бөлу
«Хат келді» ойынын ойнату арқылы, топ басшысын сайлау
-Балалар, бүгін бізге ақ көгершін бірнеше хаттар алып келіпті, ол жай хаттар емес, сиқырлы хаттар. Ішіндегі сұрақтарға жылдам жауап берген оқушы тобының топ басшысы болып сайланады.
Сұрақтар:
1.Зат есім дегеніміз не? Оның сұрақтары қандай?
2.Зат есімнің көптік жалғауларын ата ?( -лар,-дар,-тар,-тер)
3.Негізгі және туынды зат есім дегеніміз не?
4.« Әке» сөзін тәуелде.
5.Етістік дегеніміз не ?
6.Дара және күрделі етістік дегеніміз не ?
7.Негізгі және туынды етістік дегеніміз не ?
8.Туынды етістіктің жұрнақтарын ата.(-ла,-ле,-та,-те,-да,-де)
9. Болымды және болымсыз етістік дегеніміз не?
10.Болымсыз етістіктің жұрнақтарын ата.( -ба,-бе,-па,-пе)
11.Сын есім дегеніміз не? Оның сұрақтары қандай ?
2.Үй тапсырмасын тексеру.
461- жаттығу
Сурет бойынша әңгіме кұру
3.Өткен сабақты қайталау.
Өткен сабақты пысықтау мақсатында оқушылармен «Математикалық бұлттар» ойынын ойнау.
-Балалар, бүгін біз математика еліне саяхат жасаймыз.
-Балалар, математика еліне бізден көмек керек екен. Күннің көзін бұлттар жауып тастапты, реттік номерлер жазылған бұлттардың астында сұрақтар жазылған сұрақтарға жауап берсек , жаңа тақырып ашылады.
Сұрақтар:
1.Зат есім дегеніміз не? Оның сұрақтары қандай?
2.Зат есімнің көптік жалғауларын ата ?( -лар,-дар,-тар,-тер)
3.Негізгі және туынды зат есім дегеніміз не ?
4.« Әке» сөзін тәуелде.
5.Етістік дегеніміз не ?
6.Дара және күрделі етістік дегеніміз не?
7.Негізгі және туынды етістік дегеніміз не?
8.Туынды етістіктің жұрнақтарын ата.(-ла,-ле,-та,-те,-да,-де)
9. Болымды және болымсыз етістік дегеніміз не?
10.Болымсыз етістіктің жұрнақтарын ата.( -ба,-бе,-па,-пе)
11.Сын есім дегеніміз не? Оның сұрақтары қандай ?
“Математикалық бұлттар” ойыны арқылы оқушылар өткен тақырыпты пысықтай отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашты.
4.Жаңа сабақ. Сан есім.
Жаңа сабақтың тақырыбын оқушыларға сұрақ- жауап әдісі арқылы түсіндіру.
---Балалар, жылдың неше мезгілі бар? ( төрт)
--- Көктем айлары нешеу? ( үшеу)
---Қазір қай мезгіл?( Көктем)
--- Сен нешінші сыныпта оқисың? (үшінші)
--Отбасыңда қанша адам бар?(Бес)
---Сенің досың нешеу?(екеу)
---Сен нешінші партада отырасың? (үшінші)
---Мен сендерге қандай сұрақтар қойдым? ( Қанша? Неше? Нешінші?)
--- Ендеше балалар, бүгін біз сан есімді бастаймыз?
Ұзын мойын,екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.
-Осы өлеңде қарамен жазылған сөз нені білдіреді? Кім сан есімнің ережесін өз түсінігі бойынша айтып береді.
5.Оқулықпен жұмыс.
Екі топтан бір-бір оқушы шығып тақтаға орындайды.
462-жаттығу.Мәтінді оқып, сан есімдерді тап. Сан есімдерді байланысқан сөздерімен бірге теріп жаз.
Үлгі : 12-25 грамм, екі апта, үшінші,төртінші апта, екі ай.
Ойын «Кім тез ойлайды?»
463- жаттығу
Құрамында сан есім бар сөздерді сөзбен айту
6бақан, дер5, 9құмалақ, с10а, 4бақ, жел90, 7су,
Күтілетін жауап: Алтыбақан, дербес, сона, желтоқсан, жетісу
І- топтың тапсырмасы :
464-жаттығу. Сөздерді сұрағына байланысты сәйкестендіру


465-жаттығу. «Венн диаграммасы»
Сызбадағы сөз таптарының өзгешелігін дәлелдеу

Постермен жұмыс:
Екі топтың топ басшысы келіп ортада жатқан сандарды таңдап алады. Өз топ мүшелерімен сол санға байланысты жағдайларды постерге стикер арқылы жабыстырады.
Үш қуат:
1.Ақыл. 2.Жүрек. 3.Тiл.
Үш жүз:
1.Ұлы жүз. 2.Орта жүз. 3.Кіші жүз.
Үш адамның ниеті бұзық:
1.Өтірік айту. 2. Сөзінде тұрмау. 3. Аманатқа қиянат жасау.
Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет:
1. Ақыл. 2. Ұят. 3. Сабыр.
Үш құсты өлтіруге болмайды:
1. Көкқарға. 2.Қарлығаш. 3. Байғыз.
Екі топқа да берілетін қорытынды тапсырма.
Семантикалық карта
Бөлімді және жаңа тақырыпты пысықтау мақсатында сематикалық карта пайдалану.
Сөз таптары Зат есім етістік Сын есім
Сан есім
Адам +
Қырық, үш +
Аласа, жасыл +
Отыр, жазды +
Бағалау:
Сабақтың басында топ басшыларға бағалау бланкісі берілген болатын , сол арқылы өз топ мүшелерін бағалайды.
Топ басшылар өз тобының мүшелерін сабаққа қатысуын бағалау парақшасы арқылы бағалап , өз топтарының жалпы балын айтады.
Бағалау парағы
Рефлексия. Оқушыларға стикерлер таратып, кері байланыс жасады.
Үйге тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.