Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сан есім -

Сан есім

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1630 | Размер: | Автор: гость
. Ш.Қ.О Глубокое ауданы
Алтайский кенті
«Жаңа Ертіс орта мектебі»
Мынгынова Жадыра Зангыновна
Сынып:2
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:1.Сөз табын оқыту барысында логикалық ойлау мәдениетін дамыту,сан есім туралы түсінік беру,мәтіннен сан есімді таба білуге үйрету.2.Оқушылардың ақыл-ойын,байқағыштық қабілеттерін,каллиграфиясын жетілдіру,сөздік қорын,күнделікті сөйлеу тілін дамыту.3.Еңбекқорлыққа,әдепті,ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Типі:Аралас
Түрі:Дәстүрлі
Әдіс-тәсілдері:ауызша,сұрақ-жауап,көрнекілік,түсіндіру,оқулықпен жұмыс,тірек-сызба,жекелей,тақтамен жұмыс,ойын.
Принциптері:көрнекілік,бірізділік,ғылымилық.
Пән аралық байланыс:математика,бейнелеу,музыка,ана тілі.
Алатын орны:1 сабақ
Ұйымдастыру:Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Кезекші есебі.
Үй тапсырмасын тексеру:-Үйге қандай тапсырма берілді? Қайталап келдік пе?
Өткенді қайталау:-Мынау не?Киіз үй.
-Киіз үйдің жабдықтарын ата.

1.Зат есім
2.Сын есім
3.Етістік
4.Сан есім
Ережені сұрай отырып,жабдықтарын көрсету.

Жаңа сабаққа әзірлік: Жаңа тақырыпты «Ойлан,тап» кестесі арқылы шығару.
200+40=240 (с) 50+30=80 (е)
90-80=10 (а) 230+10=240 (с)
100+80=180 (н) 400-20=380 (і)
100+70=170 (м)
-Ал балалар кілт ашылды.Қандай сөз шықты?
-Сан есім
401-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Екі көзің не үшін керек?
-Жақсыларды көру үшін.
-Екі қолың не үшін керек?
-Елге көмек беру үшін.
-Сан есімді тап,ереже құрап көрейік.
Жаңа сабақ: санын
ретін

қанша?неше?нешінші? бес,жүз,мың,он бес
Дәптермен жұмыс: «Таза жазу минуты» Сс әрпін жазу.
«Суретті диктант» Мен суретті көрсетемін, сол бойынша диктант жазамыз.
(екі алма,бір жылқы, бес алма, төрт машина т.б)
-Жұмбақ шешуді ұнатамыз ба?
Жұмбақ
Тоғыз белдеу, қос жібек
Екі мұрын,бір шүмек. (домбыра)
Домбырамен таныстыру,дәптерге жаздыру.
Сергіту сәті: «Кім көп біледі?» ойыны.Сан есімге байланысты мақал-мәтел айттыру
Бекіту:-Балалар ойын ойнағанды жақсы көреміз бе?
1. «Орамал тастамақ» орамалды бір-бірімізге лақтыру арқылы сан есімге байланысты сөйлем құрау.Сан есімді атау.
2. «Алтын қақпа» ойыны
Тас қақпа-1 аптада неше күн бар?
Күміс қақпа – 1 тәулікте неше сағат бар?
Алтын қақпа – 1 сағатта неше минут бар?
Алтын сандық- 1 жылда неше ай бар?

3. «Жалғастыр»
Сан есім Сын есім Зат есім
Он бес, алты.... сары,үлкен.... гүл,кітап...
4. «Жұмбақ сөз»
1 2 8
б е с
5 10 8
б о с


6 9 60
а т а
9 6 8
т а с

Қорытынды:-Сонымен балалар, сан есім дегеніміз не?
-Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Не білдің?
Үй тапсырмасын беру: ереже жаттау,сөйлем құрау. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.