Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сан есім.  Ыбырай Алтынсарин  «Атымтай Жомарт» әңгімесі -

Сан есім. Ыбырай Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2967 | Размер: | Автор: Публикатор
. Кәсіби қазақ тілі пәні

Сабақтың тақырыбы: Сан есім.
Ыбырай Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: студент жастардың сан есім туралы білімдерін толықтыру, халықтың ұлттық өлшем бірліктерімен таныстыру арқылы олардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру

Дамытушылық: жаманнан жирендіріп, жақсы істерге баулу, сұлулықты, әдемілікті бағалай білуге тәрбелеу;

Тәрбиелік: тез шешім қабылдауға, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа баулу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, тест, криптограмма, графикалық диктант, деңгейлік тапсырма.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың көрнекілігі: плакт, компьютер, интерактивтік тақта, көркем суреттер.

І. Сабақты ұйымдастыру:

Студенттермен амандасу, олардың назарын сабаққа аудару


ІІ. Өткен тақырыптарға шолу:

1. «Адамға мінездеме» атты тақырыпта досына мінезедеме беру

2.Семантикалық карта

№ Сапалық сын есім Қатыстық сын есім Күрделі сын есім
1 Қалалық
2 Биік
3 Үлкенді-кішілі
4 Әдемі
5 Бауырмал
6 Бидай өңді
7 Тұнық
8 Қой аузынан шөп алмас
9 Бойшаң
10 Көк көйлекті
11 Қызыл
12 Көшпелі

3.«Менің жұбымды тап»

1 4 7
2 5 8
3 6 9

1.Ағайынды –– бауырлас, аталас, қандас, туыстас.
2.Әдепті –– инабатты, ізетті, ибалы, ілтипатты.
3.Әшекейлі –– нақышты, оюлы, өрнекті

4.Апалы-сіңлілі –– әпкелі–сіңлілі
5.Үйлі-күйлі –– балалы-шағалы
6.Ұсақ-түйек –– майда-шүйде, уақ-түйек

7.Ағаштан түйін түйген –– он саусағынан бал тамған, бес аспабы сақадай сай.
8.Тонның ішкі бауындай –– арасынан қыл өтпейді, айрандай ұйып отыр.
9.Аузынан ананың сүті кеппеген –– бесіктен белі шықпаған, бесік табы арқадан кетпеген.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Криптограмма арқылы жаңа сабақтың тақырыбын тапқызу

Грамматикалық тақырып
7 6 11 12 7 14 9
Лексикалық тақырып
6 1 4 9 1 6 17 15 2 9 6 8 1

1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
1 2 3 4 5
т о ғ ы з

2.Күшейткіш үстеулердің тіркесуі арқылы жасалатын шырай түрі
6 7 4 8 9 6 10 4
а с ы р м а л ы
3.Ары қарай бөлшектеуге келмейтін сын есім
11 12 13 14 5 13 14
н е г і з г і

4.«Шашасына шаң жұқпайды» деге тұрақты тіркес қандай мағына береді?
15 16 17 8 14 18
ж ү й р і к

1.Слайд формасында сабақ түсіндіру











№1 тапсырма. Мына мәтінге қажетті сөздерді пайдаланып, толықтырыңыз.
1.Бірер ... артық кетіпті. 2.Бір ... ұныңыз неше тұрады? 3.Мына пальтоны ... ... қысқартсаңыз. 4.Абай ауылы осыдан ... ... жерде тау баурайында орналасқан. 5.Екі елдің арасы ... ... жол.
Керекті сөздер: сынық сүйемдей, мысқал, ат шаптырымдай, бір күндік, қадақ.

3.МӘТІНМЕН ЖҰМЫС. Ы.Алтынсарин «Атымтай Жомарт»
Атымтай Жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-ұсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бір күні өзінің жақын, таныстары сұрады дейді:
- Жомарт, Құдай берген дәулетіңіз бар, ашқа - тамақ, жалаңашқа - киім, үйсіздерге - үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? - деп.
Жомарт айтты дейді:
--Төрт түрлі себеп бар. Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өнебойы әдет етсең көңілге жел кіргізеді; сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп, көз салмай, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын. Екіншісі: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін. Үшіншісі: күн сайын өз бейнетіммен таңнан бір-акі пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен. Төртіншісі: кұдайтағаламның берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын,- деді.
4.Жаттығумен жұмыс
272-жаттығу. Берілген сан есімдерді құрамына қарай бағана бөліп жазыңыздар.
Отыз, он алты, елу, тоқсан, жүз алпыс жеті, бір мың тоғыз жүз сексен төрт, жиырма, елу бес, миллион, жетеу, жетпіс бірінші.

№2 тапсырма. Мамандыққа сәйкес мына мәтін бойынша графикалық диктант жазу
1.Теміржол арқылы тасымалдайтын жүктер 11 топқа бөлінеді. 2.Теміржол көлігімен тасымалданатын жүктің 3\4 бөлігін көмір, мұнай, құрылыс материалдары құрайды. 3.Қазақстанның вагондар паркінің 35% -ға жуығы жеке меншікте. 4.Бұл вагондағы терезенің саны –– жетеу. 5.Теміржол Қазақстанда ХІХ ғасырда пайда болған. 6.Вагонға кірген соң, төрт-төрттен бөлініп, купеге жайғастық.

Оқушының білімін, іскерлік пен дағдысын қалыптастыру және бекіту:
1.Кластер арқылы
2.Венн диаграммасы

Есептік сан есім ұқсастықтары Болжалдық сан есім
1.Заттың нақты санын білдіреді.
2.Қанша? Неше?
3.Бір сөзден ғана не екі сан есімнің тіркесуі арқылы жасалады. 1.Сан есім
2.Өздерінің арнайы сұрақтары бар. 1.Заттың санын болжалдап білдіреді.
2.Нешеге жуық? Қай шамалы?
3.Жұрнақтар жалғану арқылы, сан есімнің септеулік шылаулармен
тіркесуі арқылы, сан есімнің қосарлануы арқылы

Сабақты қорытындылау:
Білімді толықтырмаған әр күн –– сіз үшін текке кеткен және қайтып оралмайтын күн деп есептеңіз. (К.С.Станиславсий)

Үйге тапсырма беру:
Қазақтың сандарға қатысты даналық сөздерін жазып келу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.