Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сандар сырына саяхат -

Сандар сырына саяхат

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2607 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Тақырыбы: Сандар сырына саяхат

Мақсаты: Оқушыларға санның шығу тарихынан бастап, олардың қай мемлекетте қалай пайда болғандығына ерекше көңіл аударту, оның ішінде қазақ халқының сандарға қатысты киелі, қасиетті ұғымдарын ашып көрсету арқылы сандар туралы мәлімет беру.

Тәрбиелік мәні: Оқушылардың өзін-өзі басқаруға, ізденуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке жетуге ұмтылуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Газеттер, плакаттар, нақыл сөздер, интерактивті тақтадан «Білгенге маржан» және «Қанатты сөздерде-сандардың қолданылуы» атты сызбалар, түрлі шарлар.

Залды безендіру: «Сандар сырына саяхат» тақырыбы жазылған. Апталыққа арналып шығарылған газеттер, оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық жұмыстары, түрлі-түсті шарлармен безендірілген. Математикалық нақыл сөздер жазылған.

Салтанатты жиынға қатысушылар:

1. 5ә , 5в, 5ғ, 5г, 6г сынып оқушылары.
2. Көрермендер
3. Мектеп ұжымы және ата-аналар.

Жоспары
І. Кіріспе: Пән мұғалімі Искакова Дина
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Сандар тарихы (5ә сынып оқушылары)
2. «Математика-шетсіз, шексіз-дария жыр» (5ғ сынып оқушылары)
3. Сандар сырына саяхат(5Ә сынып оқушылары)
4. Математика қандай ғылым? (6г сынып оқушылары)
5. «Ғажайып үштік» сайысы. (5ә, 5ғ, 6г сынып оқушыларының 2012 жылы 15 қаңтарда парламент мәжілісіне өткен үш партиялардың арасындағы білім сайысы).
ІІІ. Қорытынды: Пән мұғалімі
1. Коммиссия мүшелері мен мектеп әкімшілігіне сөз беру.
2. Оқушыларды марапаттау.

«Сандар сырына саяхат» атты математикалық апталығының ашылуы.
1. «Жаса, Қазақстан» өлеңі айтылады.

1-жүргізуші: Уа, халайық!
Бәріне бірдей жар салайық,
Математика тілін үйренем деушілерге,
Математика тілін білсем ойы барларға,
Математика сырын білмек баршаға,
Бүгін болатын апталығымыздың ашылуын арнаймыз.
2-жүргізуші: Ғылымдардың көш басшысы атанғансың,
Евклид, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа,
Жасықтан емессің сен, қаталдансың.
«Ақыл,ойды тәртіпке» келтіретін,
Нағыз пән-математика атанғансың!
1-жүргізуші: Уақытында математика сырын түсінбей, кейіннен уысымызға түсірмей қалмас үшін, бүгінгі таңда математикамен сырласып, сандарменнен мұндасып қалу үшін өткізілгелі отырған апталықты бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші: Кіріспе сөз. Математика пәні мұғалімі Искакова Дина апайға беріледі.
Кіріспе.
«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің бағдарламасында: «Көп ғасырлы мәдениеттің тіршілігі топырақта тыныстап жатса,тарихи өткені шырынмен қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады» –дей келіп, « Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып -бағамдауға болады. Демек, Қазақстанның мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатына екі түрлі міндет жүктелді: бірі: - өзіндік этникалық мәдениетті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін нығайту, екінші жағы- төл мәдениетті оңтайлы өрістете отырып, жалпы адамзат мәдениетіне ену үшін тиімді жағдай жасау». Ендеше ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына, күнделікті тұрмыстағы атқаратын роліне тоқтала отырып, тұжырым жасау әрбірімізді қызықтырары сөзсіз.
Сондықтан біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан жағымызға карасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым он сан болмаса телефонда соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.
Ежелгі түркі халықтары туралы айтар болсақ, түркі халқының күн көрісі, өмірі малмен өлшенгенің білеміз. Көне түркілер әуелі табиғи сандарды меңгеруді басқа халықтар сиақты ұзақ уақыт бастан кешкен. Бір санын үйрену үшін саннан бұрын заттың белгілерін, қасиеттрін салыстырғанын олардыңң бізге жеткен халық педагогикасынан- ақ байқаймыз. Мысалы, Ай,Күн-біреу, өзі де біреу. Осы бір санынң сөздік баламалары-жеке, дара, жалғыз, сыңар, жалқы, саяқ деген ұғымды білдіреді. Екі санын да осы тәріздес меңгерген, ол санның сөздік баламалары-жұп, қос, егіз болса, жұптан тұратын ұғымдар-екі көз, екі құлақ, , қол мен аяқ болған. Сонымен бірге сан, сансыз, қыруар, көп, мол деп санауға болмайтын заттарды атаса, ол заттардың ең кішкентай, титімдей, бір тамшы, бір мысқыл, құтымдай десе, енді бірде жазықтарды-даладай, ат төбеліндей, түйнектей, алақандай десе, судың мөлшерін-терең, таяз, бөлшек ұғымдарды - жарым, жарты деген.
Әлемдегі бүкіл түркі халықтарының отаны –Ұлы дала, ол даланың иесі-көне түркі елінің шаңырағын шайқалтпай отырған қазақ елі. Түркілер саудадағы айырбас кезінде өз дене мүшелерін жиі қолданған екен. Мысалы, бір қарыс, сүйем, кере қарыс, табан, бір елі, екі елі, бір шымшым, бір шумақ. Міне, осы өлшемдер бойынша, матаны-шынтақ, бой, ал ұзындықты-шақырым, бие сауым, сүт пісірім, ет асым жер, көз көрім жер деп өздерінің күнделікті тұрмыстарында пайдаланған. (интерактивті тақтадан «Білгенге маржан» рубрикасы көрсетілді. Сандарды пайдалану үшін саннан бұрын заттың белгілерін, қасиеттерін салыстырып, бізге жеткен халық филасофиясынан байқаймыз.)
Білгенге маржан
1.Ұзындық өлшемдері:
1) елі ≈ 2 - 2,5см (орта шамадағы бір саусақтың ені);
2) Сере ≈ 10-12см (аздап ажыратылған төрт саусақ ені);
3) Тұтам ≈ 8-10см (жұдырық ені);
4) Сынақ сүйем ≈ 13-15см (бүгілген сұқ саусақ пен басбармақ арасындағы қашықтық);
5) Сүйем ≈ 17-20см (көсілген бес бармақ пен сұқ саусақ арасындағы қашықтық);
6) Қарыс ≈ 20-22см ( көсілген бес бармақ пен ортанша саусақ арасындағы қашықтық);
7) Кез ≈ 70-75см (саусақтардың ұшынан иыққа дейінгі ара қашықтық);
1 кез ≈ 7-9 тұтам
2. Биіктік өлшемдері:
1) Оқ бойы ≈ 1,0 – 1,5м – жебе ұзындығы;
2) Найза бойы ≈ 3-5м;
3) Арқан бойы ≈ 10-12м, т.б.
Халқымыз құдықтың, судың тереңдігін адам бойымен, ал үлкен арақашықтықтарды күндік жер, қоналқамен өлшеген. Мәселен, бір қоналқа жер, яғни бір тәулік жүріп баратын жер.
3. Қашықтық өлшемдері:
1) Қозы көш жер ≈ 10км;
2) Өгіз көш жер ≈ 15-20км;
3) Түйе көш жер ≈ 25-30км;
4. Аудан өлшемдері:
1) шаршы;
2) танап;
5. Көлем өлшемдері:
1) Қатты денелердің көлемі:
а) жұдырықтай
ә) үйдей
б) ат басындай
2) Сұйық дене (қымыз, сүт, су) көлемі:
а) қасық ≈ 50г
ә) ожау ≈ 0,5л
б) тостақан ≈ 0,5л
в) аяқ ≈ 1л
г) шара ≈ 1,5-2л
д) тегене ≈ 8-10л
е) торсық ≈ 8-10л (ешкі терісінен тігілген ыдыс)
ж) көнек ≈ 15-16л ( бие сауғанда пайдаланылатын, былғарыдан тігілген ыдыс)
з) саба ≈ 180-200л (жылқы терісінен тігілген ыдыс)
3) Сусымалы денелерді өлшеу бірліктері:
а) уыс
ә) қалта
б) қоржын ≈ 40кг
в) қап ≈ 4 пұт ≈ 54-56кг
г) тағар ≈ 6-8 пұт ≈ 100-130кг
д) батпан ≈ 3 тағар ≈ 300-450кг
4) Салмақ өлшемдері:
а) пұт ≈ 16кг, жарты пұт ≈ 8кг
ә) қадақ ≈ 400г, ширек қадам ≈ 100г
6. Ұсақ заттарды, асыл тастарды өлшеуде «мысқал» өлшемі қолданылған:
1 мысқал ≈ 100 арпа дәні салмағы
12 мысқал ≈ 50г, 1 түгерек ≈ 1 қадақ ≈ 96 мысқал.

2-жүргізуші: Келесі кезекті «Сандар тарихына» сөз береміз.
1. Мысыр елі Анель
2. Грек елі Ахмет
3. Үнді елі Шапағат ( 5ә сынып оқушылары )
1. Мысыр елі
Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі-математика еді. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан жаңалығы ол – жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр. Неге ? өйткені олар бұл әдісті соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазудың негізінде пайда болған таңбалардың бірі цифр. Цифр дегеніміз – сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріпьер қандай қажет болса, сандарды да жазу үшін керекті таңбалар. Цифр дегеніміз сөздің төркіні арабтың «Әс-сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы – үнді халқының бос орын – «Сунья» деген сөзінің аудармасы екен.
Сан есептеу мен өлшеудің нәтижесін білдіретін ең негізгі математикалық ұғым. Сан ұғымы көптеген математикалық теориялардың негізі болып саналады. Сандар химия, физика, механика, астрономия және көптеген ғылым салаларында кеңінен қолданылады. Күнделікті өмірде де сандарды үнемі пайдаланамыз.
Пифагордың оқытуы бойынша, заттардың тылсым мәні математикалық абстракциялы әлемді құпия басқарып отыр, онда белгілі бір тәртіп орнатуда. Пифагоршылардың болжамы бойынша әлемнің барлық заңдылықтары сандармен берілген. Сандар тек заңдылықтар тәртібі емес, олар әлемнің материалдық негізі болып саналады.
Пифагорлықтар өз теорияларында үйлесімділікті жоғары бағалаған. Сандар олар үшін бірліктер жиыны деп есептеледі. Бірліктер сандарды құрай отырып, бөлінбейтін нүктелер арқылы дұрыс геометриялық денелер құрайды.

2. Грек елі
Ежелгі дүние тарихында Грек елінің алатын орны ерекше. Себебі, көне Грек елінің ұлы ғалымы Пифагор б.д.д. V ғасырда Самос аралында дүниеге келген. Жасынан білім ғылымға үйір ол Египет елінде білім алып, б.д.д 530 жылы Гректердің Оңтүстік Италиядағы отар қаласы Кротонға келіп, Пифагорлық одақ құрды. Пифагорлықтар бірге өмір сүріп, ашқан жаңалықтарын барлықтарына ортақ деп санады. Пифагорлықтар өздерінің зерттеулерін «Математа» деп атады. Бұл сөз «ғылым» деген мағына білдірді. Олар «Математаны» төрт бөлікке бөлді. Олар: арифметика, геометрия, астрономия және гармония (музыка туралы ілім). Олардың бастысы болып сандар туралы ғылым – арифметика болды. Себебі, арифметика геометрия, астрономия және гармония негізі болып саналды.
3.Үнді елі
Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін оларды атап үйренді. өмір оларды санауға, өлшеуге үйретті. Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. әуелі олар табиғи сандарды (1,2,3,4,5,6,7,8,9) меңгерсе нөлдің пайда болуынан сандарға революция жасалған, сөйтіп сандарды игеруге жаң жүйелерді өмірге әкелді. Олар 10-дық, 12-лік, 60-тық санау жүйелері болды.
0 – «цифр» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Үнді жерінде Цифр – «шунья», арабтарда «сифр» сөзімен түсіндірілген. Яғни, «бос орын», «түк жоқ» мағынасында алынған. Ғылым мен өнердің қайта өркендеген дәуірінде (ХV-XVI ғасырларды) математикалық еңбектер латын тілінде аударылып, «сифр» сөзі сол қалпы қалдырылды. Тек алғашқы әрпі «ц» деп өзгертілген. «Цифр» - 0, «бос орын» мазмұнында жазылғанымен, кейін 1-ден 10-ға дейін сандар кестесі арқылы өрнектеліп, жаңа күрделі сандар тізбегі өмірге келген. Ол математикада натурал сандар деп атайды. Нөл таңбасы басқа сандарға елеулі өзгерістер алып келіп, санау, сату және уақытты белгілеп берді.

1-жүргізуші: Сандар сыры таусылмас,
Ұшаң-теңіз мол дария.
Ол сандардың сырларын,
Үйренуге біз дайын.
2-жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
Білімді оқушыларды халайық,
Қол соғып қарсы алайық!
1-жүргізуші: Келесі кезекте 5ғ сынып оқушылары «Математика – шетсіз, шексіз – дария жыры» айтуға ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: «Ал математика пәні нені зерттейді?»
Оқушылар жауабы: «Сандарды, геометриялық формаларды».
1-жүргізуші: «Олар шын мәнінде бар ма, ұстап көруге бола ма?»
Оқушылар жауабы: «Жоқ»
2-жүргізуші: Ендеше математика көзге көрінбейтін нәрселерді зерттейді. Бұл ғылым тек адам ойы арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан математика – адам ойын тәртіпке келтіретін ғылым деп саналады.
(Интерактивті тақтадан «Ұлағат» сөзін тарқатып көрсетеміз )
Ұ – ұранымыз
Л – лайықты
А – абыройлы
Ғ – ғасыр
А – адамын
Т – тәрбиелеу
Оқушылар

сандарды қолдарына ұстап шығады. Сандар туралы, мына шумақтардан тұратын өленді айтады.

«Математика-шетсіз, шексіз-дария жыр»

Оқушылар қормен: Санға саяхат жасаймыз,
Сандар сырын ашамыз.
Уа, халайық, халайық!
Қанша сан бар жазайық
Қарап тұрмай, сандарды,
Қайта-қайта санайық.

0: Дөңгелекке ұқсаймын,
Доп сиақты ұшпаймын.
Досым нөлді О дейді,
Десем бұл нөл ұқпайды.

1: Достар мені бір дейді,
Қарайды да бүйдейді
Мұқтажсың қол-аяққа,
Ұқсап тұрсын таяққа.
Мен сиақты біреу де,
Бағанада тіреуде.
Шырпы, қалам, қарындаш
Деме мысал табылмас
Жалқау бала жазықты,
Көп алған соң қызықты
Бірлік баға алмаңдар
Ұятты боп қалмаңдар.
2: Мен екімін балар,
Екі деген баға бар.
Аз болған соң талабы,
Үлгере алмай қалады.
Екі аяқпен жүремін,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің
Еку құлақ білемін.
Бірім артық екіден,
Аздығына өкінем.
3: Мен ғой үштің таңбасы,
Зейін қойып тыңдашы.
Екі қисық қосылған,
Үш жазылған осыдан.
Шідері аттай тұсалып,
Жүр біреулер үш алып.
4: Достар мені төрт дейді,
Беске бірім жетпейді.
Бірақ үшке ағамын.
Жақсысымын бағаның.
Оқуға дос барғанда,
Риза мені алғанда.
Қуанады анасы,
Төрт алғанда баласы.
5: Бестік деген бағаны,
Бақыт күнде алады.
Беске оқыған баланы,
Бәрі жақсы көреді.
Бір мен екі алмандар,
Үшке алданып қалмандар.
Кілең төртті алғандар,
Бесті ғана армандар.
6: Алақай дер келді күн,
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада тағы кім?
7: Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер,
Жығылмай-ақ жүреді.
8: Сен де, мен де баламыз,
Сегіз санын саламыз.
Сегіз деген екі төрт,
Сегіз жаста ағамыз.
9: Тоғыз жасқа келгенім,
Тоғыз жылды көргенім
Тоғыз жаста тәнті еткен,
Талабымды көр менің.
10: Он жыл, он жас он деген,
Он жас кіші ол менен.
Онды жаза аламыз,
Он-тұрғын бір нөлі менен.
Бәрі: Біздер санай білеміз,
Білмегенге күлеміз.
Біреу, екеу, уш, төрт деп,
Бес, алты деп жүреміз.
1-жүргізуші: Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық.
Математика құрметтеуге ылайық.
Дүниедегі құбылыстың бәріне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес, сандарсыз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.

2-жүргізуші: «Сандар сырына саяхат» жасау үшін 5ә сынып оқушылары ортаға шақырамыз.
Оқушылар қолдарына

деген сөйлемді плакатқа жазып, ұстап шығады. Сосын сандар туралы мәлімет берген кезде, әрқайсысы плакатты кері айналдырып,

сандарды көрсетеді.
Сандар сыр шертеді
0 саны: бұл сан абсалюттік символ. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалы жоба бойынша сқина немесе дөңгелек ретінде белгіленеді.
1 саны: Пифагор және оның ойшылдары барлық басқа сандардан жоғары қойды. Олар оны барлық санның бастамасы, бар әлемнің басы деп есептеді. Бірліксіз қарапайым санаудың өзі де болмас еді. Графикалық бейнелеуі вертикаль сызық.
2 саны: Пифагорлықтарда 2 саны бірліктің жоғалуын білдіреді. Бұл сан махаббат, тұрақсыздық және теңсіздік символы болып табылады. Екі саны бұл жұмсақтық және дәлдік. Ол жылық пен суықтық, мейірімділік пен қатыгездік, жарық пен қараңғылық, байлық пен жұтшылдықтың арасында жүреді.
3 саны: Пифагорлықтарда 3 санының негізінде жан-жақтылық пен бірліктің үйлесімділігі қалыптасқан. Көптеген халықтарда 3 саны есептеудің соңы деп саналды. Оны толықтың, толудың, аяқталудың символы деп есептейді. Ежелгі Грекияда бұл сан бақытты деп саналса, Ежеогі Вавилонда үш құдайға: Күн,Ай,Шолпанға табынатын болған. Діни сенім нанымдарда, ертегілерде 3 саны қасиетті сан болып есептелген. Оның сиқырлығы сол ол алдыңғы екі санның қосындысынан тұрады (1+2=3) үш өткеннің, осы шақтың, келешектің символы.
4 саны: Ертеде бұл сан тұрақтылық пен беріктілік, әділдіктің символы болып саналды. Ол шаршы түрінде болғандықтан, әлемнің4 бұрышын, жылдың 4 мезгілін, табиғаттың төрт құбылыс – от, жер, су, ауаны білдірді. Геометриялық бейнелеуі шаршы немесе ромб. Славьян символикасында – Жер. Жапондар мен Қытайлар 4 санын қауіпті, сәтсіз сан деп түсінеді.
5 саны: Пифагордың аса көп көңіл бөлген, бақыт саны деп есептеген, ертеде оны тәуекелге бару символы деп болжаусыздықты, қуаттылықты және тәуелсіздікті жатқызды. Санның дұрыстығы 5-жай сан, 5-саусақ-санау жүйесінің бестігі, 5-тармақты жұлдыз, 5-сезім (көру,есту, тітіркену, сезіну, тепе-теңдік). Проваслав шіркеуінде 5 басты діни мереке бар. Буддизм ілімінде 5 басты өсиет, ал Ислам дінінде әр мұсылман баласы күніне 5 мезгіл намазға жығылуға тиіс.
6 саны: Бұл сан туралы бір нәрс айтуға бола ма? 6 саны дүниенің жаралуын білдіреді. әрине Пифагор оны ерекше сан деп есптеген, басқа сандардан ерекшелігі оның өзіне тән ерекше қасиеті бар. Ол өзі бөлінетін сандардың қосындысы мен көбейтіндісінен тұрады. 6 саны 1,2,3 – ке бөлінеді. Оларды қосып немесе көбейтсек қайтадан 6 саны шығады (1+2+3=1*2*3=6). Мұндай қасиет басқа ешбір санда қайталанбайды. 6-шығармашылық сан. Геометриялық дәлдігі дұрыс алтыбұрыш-жетістік, еркіндік, махаббат, адам бейнесі(екі қол, екі аяқ, бас,дене) тегіс, шығыңқы фигуралар алтыбұрыш. 6 саны шай және ас ішу сервиздарының саны. 6 саны бұл әсемдік пен үйлесімдік саны.
7 саны: Бұл санды Пифагоршылар Афинамен байланыстырған. Ежелгі египет философиясы мен астрономиясында ол өмірлік екі санның 3 пен 4-тің қосындысы деп қарастырылды. 3 адам-әке, шеше, бала өмірдің негізін қалайды. Ал 4 – бұл жарық, жел жаңбыр, ылғалдылық жерді жеміс беруге дайындайды. Пифагордың ой қорытуы бойынша, 3 пен 4-тәмамдалғанның, қорытындының белгісі деп саналған. Сондықтан 7 саны қасиетті сан, өйткені адам баласы қоршаған ортаны (жарықты, дыбысты, иісті,дәмді) басындағы 7 «тесік» арқылы түсінген (2 көз, 2құлақ, мұрынның екі танауы, аузы). Мұсылмандарда Аллаһтың қасиетті орны жеті қат аспан деп саналады. Жапондарда 7 қайырымды құдай, адам өмірінде 7 рет сәттілік болады. Жеті саны – халық ұғымы бойынша қасиетті сан. Жеті ата, жеті қазына, жеті ғашық, жеті күлше тарату, әлемнің жеті кереметі, апта күнінің саны жетеу, ғарыш әлеміндегі «жеті қарақшы».
8 саны: Көне заман адамдары 8 санын сенімділіктің, шыңдалудың шыңы деп есептеген. 8 саны 8 төбесі бар кубты білдіреді. 8 санының құпиясы әлемдегі мәңгілік үздіксіз қозғалысты білдіреді. 8 саны-мәңгілік символы. Символдық белгісі қос квадрат, егероны бөлсе онда ол тең екі бөлікке бөлінеді. Тағы да бөлгенде, ол тең төрт бөлікке бөлінеді (2,2,2,2).
9 саны: қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі. 9 санының қасиетіне тоқаталсақ, ана құсағындағы нәресте тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі. Бұл сан адамның ғұмырында пайда болып, жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі. 9 өмірге адамды әкеледі. Ол үш үштіктен құралған. Көшпенділер 9 санын болмыстың шыңы деп санаған, олардың салт-дәстүрлері мен наным-сенімдеріндк тоғыз саны қасиетті болып есептелінген. (тоғыз шелпек, тоғыз құмалақ, қалың малға үш тоғыз, т.б.).
10 саны: Он саны үйлесімділік пен рухани толығудың бейнесі болып саналады. Ол орта ғасырлық Еуропада 1+2+3+4 сандардың қосындысы ретінде философиялық тастың символы болып есептелген. 10 саны ондық санау жүйесінің негізі болып қалыптасып, барлық әлем халықтарында қолданылады.
12 саны: Он екі санының қасиеті өз алдына. Бір жыл он екі айдан тұрады. Кейде бұл сан теңеу тіркес ретінде қолданылады. «Он екіде бір гүлі ашылмаған» деген тұрақты тірке пәк, бейкүнә деген ұғымды білдіреді. әр жылға он екі жануар, хайуанаттар аты берілген.
13 саны: сәтсіздік саны. 13 санына сенбеушілік пен қорқақтаушылық көп елдерде кеңінен жайылған.
40 саны: Қырық санына байланысты оның қасиетін ашатын мағыналы тіркестер көп көлемде таралған. «Қызға қырық үйден тыйым» дегенде ұғатынымыз қыз әдебіне деген көзқарас. Той жасап, қуаныш қызық болар болса, қазақ елінің бұрыннан қалыптасқан ұғымында «Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасады» деген сөз қолданысы бар. Ер азаматтарға байланысты «Отызында орда бұзбаған, қырқында қыр аспайды» дейді. «Қырықтың бірі-Қыдыр» деп қонағын күтіп қалғанды айтады.
60 саны: Вавилон аңыздарында бұл сан үлкен мағынаға ие. Олар оны «Құдай саны» деп атаған.

Интерактивті тақтадан «Қанатты сөздерде-сандардың қолданылуы»-атты рубрикада халқымыздың әдет-ғұрпы, ұлттық мінез бітімдері, сезімдері, ойлары мақал-мәтелдер мен қанатты сөздері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа тарап, тәрбиелік мәні зор дәстүрге айналып отыр. Күнделікті өмірде қолдануда халық педагогикасымен байланыстырылғанын байқаймыз.













1-жүргізуші: «Математика қандай ғылым?» деген сұраққа жауап беру үшін 6г сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: Оқушылардың математика ғылымын оқуға, үйренуге және зерттеуге деген құштарлықтарын жоғарылату және математика ғылымына деген көзқарастарын айқындау үшін, оларға математиканың қандай ғылым екенін жан-жақтылы түсіндіруіміз қажет. Ендеше математика қандай ғылым? Оның мәні (тегі) не? Міне бұл жеңіл желпі жауап бере салатын әдеттегі мәселе емес, бір ғылымының жүйесін тануға, тегін зерттеуге апарып саятын күрделі мәселе. Бір ғылымыды жетік тану үшін ең алдымен сол ғылымға берілген анықтаманы дұрыс білу керек. Дәуірдің дамуына ілесіп кез-келген ғылымының жүйесі де дамып отырады, соған сәйкес әрбір ғылымыға берілетін анықтамалар да өзгеріп, кемелденіп отырады. Сол үшін оқушылардың математиканы тереңдей түсініп, шынайы оқуларын аз да болса математиканы әр қырынан, әр түрлі орнына қарай талдау жасап, оның қандай ғылым екеніне тоқталамыз.
(интерактивті тақтадан мына схема көрсетіледі)

Математика қандай ғылым?

1.Математика-тарихы 2.Математика- бір 3.Математика-бір
ұзақ ғылым. салалы ғылым. салалы құрал.

Бірінші кезең 1.Математика- 1.Математика-
жаратылыстық жаратылыстық
Екінші кезең ғылым. ғылымдардың
2.Математика- құралы.
Үшінші кезең ойды жетілдіретін
ғылым.
Төртінші кезең 3.Математика-
тәжірибелік
ғылым.
4. Математика-
жалқылай
тұжырымдау ғылымы
1-жүргізуші: Мен, қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуарғанда күлкімнен түн тірілген.
2-жүргізуші: Мінекей залда тыныштық,
Естілмейі дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Математика жайында,
Сайысты біз бастайммыз.
1-жүргізуші: Біріміз – Күн, біріміз – Ай болайық,
Сайыстың атына тек сай болайық.
«Іске сәт!» деп көпшілік бата берсе,
Бабалардың арманын қолға алайық,- деп «Ғажайып үштік» сайысына шақырамыз.
Пән мұғалімі: «Ғажайып үштік» сайысына 5ә, 5ғ, 6 г оқушылары қатысады.
Олар 2012 жылғы 15 қаңтар күні сайлаудан өткен бәсекелес үш паритияның атынан:
1. «Нұр отан» - 5ә сынып оқушылары
2. «Ақжол» - 5ғ сынып оқушылары
3. «Коммунистік халық партиясы» - 6г сынып оқушылары
шығып, өздерінің алдағы сайланған 5 жылда атқаратын елдің алдындағы міндеттері туралы өзара сайысқа түседі.
Әр партия халық алдындағы өз бағдарламаларын айтады, партия туралы мәлімет береді.
1. Сандар сырына саяхат жасаймыз;
2. Теориялық сұрақ;
3. Қазақтың байырғы есептері мен жұмбақтары;
(сайыс жүріп жатқанда интерактивті тақтадан «Ұлағат» сөзі тарқатылып көрсеіледі).
Кемел елдің келешегі – білім, білік, тәрбие.

1. «Ғажайып үштік»
(әр топқа 5 сұрақ беріледі, әр сұрақ бір ұпай)

1. «Нұр Отан»
1. Үш қуат? (ақыл,жүрек,тіл)
2. Дүниенің төрт бұрышы? (Шығыс, Батыс,Солтүстік, Оңтүстік)
3. Бес қатер? ( от,жау,борыш,ауру,сөз)
4. Жеті ата? (бала,әке,ата,арғы ата,баба,түп ата,тек ата)
5. Алты асқар? ( ақыл,білім,жомарттық,әділдік,шыншылдық, кең пейіл)
2. «Ақжол»
1. Жеті күн? (бүгін,ертең,бірсүгіні,арғы күн, ауыр күн, соңғы күн,азына)
2. Төрт түлік? ( Ойсыл қара, Қамбар ата, Зеңгі баба, Шопан ата, Шекшек ата)
3. Үш тәтті? (жан, мал,жар)
4. Бес қару? ( садақ,мылтық, найза, қылыш,айбалта)
5. Алты алаш? ( Қазақ,Қарақалпақ,Өзбек,Түркімен, Қырғыз, Жайылған)
3. « Коммунистік партия»
1. Үш арсыз? (ұйқы,тамақ, күлкі)
2. Төрт тұлға? ( от,су,жел,жер)
3. Үш биік? ( билік, дәулет,даналық)
4. Жеті ғалым? (Шығыс,Батыс,Оңтүстік,Солтүстік, Аспан(жоғарғы ғалам),
Жер (орта ғалам), Жер асты(төменгі ғалам) )
5. Бес жаратылыс? ( Күн,Ай,Жұлдыз,Күндіз,Түн)

2. Теориялық сұрақ

1. «Нұр Отан»
1. Натурал санның мағынасы? (табиғи)
2. Шаршының қабырғасы қандай болады? (бірдей)
3. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек? (бұрыс)
4. Тәуліктің төрттен бір бөлігі? (6 сағат)
5. Көбейтіндісі бірге тең бөлшек? (кері сандар)
2. «Ақжол»
1. Ең кіші натурал сан? (бір)
2. Табиғи жарық көзі? (Күн)
3. Алымы бөлімінен кіші бөлшек? (дұрыс)
4. Жарты алманың жартысы неге тең? (
5. Бір және өзіне бөлінетін натурал сандар? (жай сандар)
3. « Коммунистік партия»
1. Бір жылда неше күн бар? (365)
2. Қарама-қарсы сандардың қосындысы? (0)
3. Құрамында әріпі бар өрнек? (әріпті өрнек)
4. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)
5. Екі теріс санның көбейтіндісі? (оң сан)

3. Қазақтың байырғы есептері мен жұмбақтары

1. «Нұр Отан»
1. Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде қаламыз,
Көбейіп те қаламыз.
Ол не? (сандар)
2. Бір ағаштың он екі бұтағы бар. Әр бұтағында отыздан жапырағы бар. Жапырақтың бір жағы ақ, Бір жағы қара. Кәнікей ойлан-тап?
(жыл,ай,тәулік,күн,түн)
3. Бір таудың екі күзетшісі,
Екі тыңшысы,
Отыз екі бөрісі бар.
Бұл не? (Бас)
4. Кішкентай қыз атасынан: «Сіз нешедесіз?» - деп сұрайды. Сонда атасы: «Менің жасымды алты есе кемітіп, 6-ны алса, 6-ға тең болады. Сонда атасы неше жаста болғаны? ( 72 жаста)
5. Ертеде әдет бойынша, нәрсенің ұзындығын өлшегенде «шынтақ елі», «бір елі», «кере қарыс», «сынық сүйем» деген өлшемдерді пайдаланған. Қайсысы бөлшек ұғымын білдіреді? ( сынық сүйем)

2. «Ақжол»
1. Алпыс төрт бөлмеде,
Отыз екі тұрғын бар.
Ақ,қара кып бөлгенде
Бірін-бірі қуғындар.
Халі үшін де, жаны үшін де,
Бермейді олар намысын. (шахмат)
2. Санға қосып, алсақ, сол санның өзі шығады. Сонда оған бөлуге болмайтындығын математиктер ұғады. Көп адамдар сол санға, шекесіен қараған. Сан өсінен қақ бөлуге, сол саныңыз жараған? (нөл)
3. Жаңылмастан жетеуі, кезек қызмет етеді? (апта күндері)
4. Бөлмеде екі апа және екі қыз болған. Бөлмеде неше адам болған?
( үшеу)
5. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? ( түйеқұстар ұшпайды)
3. « Коммунистік партия»
1. Бір-бірімен жарысқан
Бес ат, бес арыстан.
Екі қой мен үш түлкі,
Бәрі нешеу, кім біледі? ( 11)

2. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі.
Екі қозылы екі қой,
Бәрін бірге санап көр? (15)
3. Жыл он екі айдын ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (28 саны барлық айда бар)
4. Қара ағаштың басында 5 алма өсіп тұр. 1-уі жерге түсіп қалды, нешеуі тал басында қалды? ( қара ағашта алма өспейді)
5. Бөлу таңбасын алғаш еңгізген кім? ( 1684 жылы неміс ғалымы
Г. В.Лейбниц)

Қорытынды

Сандық ұғымдар математика пәні бойынша бізді қоршаған дүниенің бір жағын, яғни сандық қатынасын білдіреді. Демек, тіл – адамзат қоғамының дамуы барысында қатынас құралы ретінде ерекше қызмет атқарса, сан ұғымдары да ұзындықты, уақытты, салмақты, бөлшекті және заттың құнын анықтаса, ол да осы белеске ие болған.
Егер сан таңбалары болмаса, рухани өміріміз бен күнделікті жұмысымызды өз дәрежесінде жүргізе алмай, халқымыздың тарихи кезеңдерін де тани алмаған болар едік ХХ ғасырдың басында қазақ халқының ар-ожданы болған ұлы Абай да былай деген: «Дүние – үлкен көл, алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын – інілер, кезекпенен көрісер, баяғыдай көрінер».
Адам жас кезінде есейгенді аңсаса, елудің белінен асқанда, балалығын еске алып, содан қуат алады. Егер әр жас ұрпақ көңілінде ұялап қалған өмір суреттерінен өкінбес үшін, тал бесікпен жер бесік арасындағы жылт еткен өмір сәулесін мағаналы өткізсе, уақытпен жарысып, артына із қалдырса, ата-ана тілегі осы емес пе? Уақытты босқа өткізу ессіздіктің ісі ғой.
Адамдар алыптыққа, кеңістікке, биіктікке, жаңалыққа құмар болғанын білеміз. Соының нәтижесінде Египет пирамидасы мен Вавилон Зикураты сол көне дүниеде өмір сүрген адамдардан қалған ескерткіштер болса, ХХ ғасырда ғарышқа кибернетика мен компьютер деген ұлы жеңістерін байқаймыз.
Сан – ел өмірі экономикасының көрсеткіші. Сондықтан адам өмірінің қай саласы болмасын санмен өлшенеді, сансыз ойыңды жеткізу мүмкін емес, сөзбен спырылысқан заттық ұғымдардың бәрі де санмен араласып келсе, сан адам ғұмырымен дүниеге келіп, аяқталады.
1-жүргізуші: Математика барлық пәндердің патшасы,
Онсыз құрылмайды өлшеусіз картасы.
Нақты жауап, ой-толғауын ашатын,
Жауаптарын дұрыс шешіп табатын.
Ғылымдардың сыр сандығын жинақтап,
Дәлелдейді, шығарады салалап
Керегіне жаратамыз біз оны
Онсыз пәннің келіспейді ажары.
2-жүргізуші: Шыдамды еңбек алғыр ой,
Көңілге оны тоқып қой.
Ғылымдардың патшасы,
Анық оны біліп қой.
Математикадан табылмақ,
Өмірдегі болатұғын заңдылық.
1-жүргізуші: Сахынаға «Сандар сырына саяхат» жасаған 5Ә, 5Ғ, 6Г сынып оқушыларын ортаға шақырамыз. Осы жиынды ұйымдастырған математика пәні мұғалімі Искакова Дина апайға, көмекшісі математика пәнінің мұғалімі Жанерке апайға, музыка пәнінің мұғалімі Әнипа апайға, сурет пәнінің мұғалімі Жәмила апайға алғысымызды білдіреміз.
2-жүргізуші: Осымен «Сандар сырына саяхат»» атты танымдылық ойынымыз аяқталды. Осы кештен бір әсер алды деп ойлаймыз. Ойларыңыз толысып, математика саласынан жетістікке жете беріңіздер. Зейін қойып, ойларыңызбен бөліскендеріңізге көп рахмет. Келесі кездескенше, сау - саламат болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.