Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сандар сырының құпиясы. -

Сандар сырының құпиясы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2529 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі
Математика пәні мұғалімі
Қосанова Кенжегүл Боранбаевна

Пәні: математика
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: Сандар сырының құпиясы.
Оқушыларды білімдерін, білік-дағдыларын кеңейту және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, зейінін, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру мақсатында « математика- ғылымдар патшасы» атты сайыс өткіземіз. Төменде осы сайыстың өту барысын ұсынып отырмыз.
Сайыстың өту барысы:
І. Топтардың сәлемдесуі.
ІІ. « 1001 мақал» жалғасын тап.
ІІІ. Сандар сыры 5,7 қасиетті сандар ұғымдары.
ІV. “Арифметика» жұмбақ-есеп
V. « Ойлан, тап» логикалық есеп.
VІ. Кім жылдам? Сұрақ-жауап
VІІ. « Кім жүйрік» есеп
VІІІ. Үй тапсырмасы
ІХ. Қорытынды.
Сан сұрақ сырына үңілсек, күнбе- күн көзбен көріп, құлақ шалып жүрген көптеген сандар сырының құпиясының қыр-сыры бүгін міне ашылады.
І топтардың сәлемдесуі.
І-топ: Шаршы алаңға жарысқа
Шықты біздің тобымыз
Жеңілсекте, жеңсекте
Ашық болсын жолымыз!
ІІ- топ: Құрметтеп бар ғылымды, ой-сананы
Тапқырлар тобы сәлем беріп қарсы алады
Математика –ғылымдар патшасы сайысында
Қашанда тапқыр болам деп ой салады!

ІІІ. « Сандар сыры» 5,7 қасиетті сандар ұғымы
Сандардың сырына біз үңілеміз
Үйренбеген достардан түңілеміз
Қасиетті сандарға байланысты
Дәстүрлі ұғымдарға тоқталамыз
Бес саны
Бес дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ
Бес асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
Бес қару: садақ, найза, қылыш, мылтық, айбалта
Бес парыз: қажыға бару, намаз оқу, ораза ұстау, қайыр садақа зекет
Жеті саны
Жеті күн: бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, ауыр күн, соңғы күн, азына
Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, тазы, қыран бүркіт, берен мылтық
Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат
Жеті жұт: құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт, соғыс, сел, жер сілкінісі
ІV. «Арифметика» жұмбақ есеп
1. Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бес ешкі
Екі қоян, үш түлкі
Табалмасаң бос күлкі
( барлығы 28)
2. Бес бұтақта ағашта
Бұтақ сайын бес алма
Біреуін бер алашқа
Қалады сонда неш алма?
( барлығы 24)
V. Ойлан тап. Логикалық есеп.
Сансыз есеп болмайды
Есепсіз дана болмайды.
Қызық есеп айтайын
Сынап сені байқайын
Жауап берші бөгелмей
Шешуін кім тез шешеді
А) екі санның қосындысы сегізге тең, айырмасы екіге тең, көбейтіндісі 15 ке тең. Олар қандай сандар. ( 3 пен 5)
Ә) Сызғыштың төрт бұрышы бар, оның бір бұрышын кессең неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
Б) Қолымызда он саусақ, оң қолда неше саусақ бар? ( 100)
В) Торғайлар бұтаққа бір- бірден отырса бір торғай , ал олар екеуден отырса бір бұтақ артық қалады. Бұтақ неше, торғай неше? ( 3 бұтақ, 4 торғай)
Г) Екі әкесі мен екі баласы 3 апелсин тауып алды. Теңдей ғып бөлгенде әрқайсысына бір апелсиннен келді бұл қалай? ( атасы, әкесі , баласы)
Ғ) Бір үйде екі шеше , екі қыз, әже немерелерімен тұрады. Барлығы неше адам тұрады? ( 3)
Д) Динаның 4 ұлы, олардың әр қайсысының туған қарындастары бар. Динаның неше баласы бар? ( 5 баласы бар)
Е) Бала тақтаға 86 санын жазып, жолдасына айтты « ешқандай амал қолданбай 12ге арттыр» деп . Ол қалай арттырды? ( 98)
Ж) Үш ағайынды жолда кетіп барады. Біреуі алдында екеуі артында . Артындағы екеуі алдындағыға жете алмайды . Ол неге ? ( Ағасы , екі інісі, жас ерекшелігі)
З) 10 санын нөлсіз қалай жазуға болады? ( х)
VІ. « кім жылдам» сұрақ- жауап
І- топ
Қандай өрнек әріпті өрнек деп аталады? ( құрамында әріпі бар өрнек)
Алымы бөлімінен үлкен бөлшек ( бұрыс бөлшек)
Бір километрде неше метр бар ( 1000)
Ең үлкен үш таңбалы сан ( 999)
Бес санына кері сан ( 1/5)
Ең кіші жәй сан ( 2)
Кесіндіні өлшейтін құрал ( сызғыш)
Көбейтіндісі 1ге тең болатын сан ( өзара жай сан)
Бөлудің нәтижесі не ( бөлінді )
ІІ- топ
Алымы бөлімінен кіші бөлшек ( дұрыс бөлшек)
Ең кіші үш таңбалы сан ( 100)
Барлық қабырғалары тең тік төрт бұрыш ( шаршы)
Бірлік кесіндісі берілген сәуле ( кординаталық сәуле)
Ең кіші натурал сан ( 1 )
Қосудың нәтижесі ( қосынды )
Егер үш пар ат 60 км шауып өтсе онда 1 ат неше км шауып өтеді. ( 60км)
Алты санына кері сан (1/6 )
БҮтін бөліктен ж/е бөлшек бөліктен тұратын сан ( аралас сан)
VІІ « Кім жүйрік» есеп
Алдарыңызға парақпен есеп беріледі. Осы есепті шығарыңыздар.
VІІІ. Үй тапсырмасы
ІХ. Қорытынды
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.