Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Санды  8 – ге,9-ға  көбейту  және  бөлу. -

Санды 8 – ге,9-ға көбейту және бөлу.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3353 | Размер: | Автор: гость
. С.Көбеев атындағы №56 жалпы орта мектеп
Онназарова Ләззәт
3 сынып
Математика
Сабақ тақырыбы: Санды 8 – ге,9-ға көбейту және бөлу.
Сабақ мақсаты: 8 – ге, 9 – ға көбейту және бөлудің дербес жағдайын
қарастыру.Көбейту бөлу амалдарын пысықтау
2. Оқушының ой – өрісін,өзіндік іс – әрекетін дүние
туралы танымын дамыту. Өздігінен қорытынды
шығаруға машықтандыру, пәнге қызығушылығын және
белсенділігін арттыру.
3.Ұтқыр ойға, ұтымды жауап беруге тәрбиелеп баулу.
Көрнекілік, Суреттер,интерактивті тақта, слайд, оқулық.
Сабақ түрі,Ойын сабақ,
Әдісі, Сұрақ жауап,ойын көрсету,түсіндіру
Сабақ барысы, Ұйымдастыру бөлімі,
а)Балалардың қатысымын түгендеу .
ә) Дайындығын тексеру
б) Зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық ахуал
Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде.
Математиканы оқимыз,
Миымызға тоқимыз.
Өткенге шолу
«Кубизм» әдісі бойынша өткенге шолу.
Көбейту бөлу амалдарын сұрау.
1- Топ
2- Топ
3- Топ.

- Балалар сендер көбейту кестесін жақсы меңгеріпсіңдер.Өте тамаша. Ал бүгінгі сабақта осы алған білімдеріңді пысықтап
қайталаймыз

SMSхатты оқу
- Балалар бізге хат келді.Мұнда бізді білімділер еліне шақырып жатыр екен. Математика ғалымдар патшалығы деген екен ұлы ғұлама аталарымыз. Ендеше сол патшалыққа бізде барып көрелік.Ол жаққа баруға бізге жол картасы көмектеседі.
- Ең әуелі біз әуежайға барамыз.Алғашқы сапарымызға ұшақпен барамыз.
-
- Оқулықпен жұмыс
-
- 1- есеп
-
- Ұшақ- 18 Ұшақ- 18
-
- Тік ұшақ - ? 6 есе кем Тік ұшақ -? 6-уы кем
- 18 : 6= 3 18- 6 =12
- Жауабы, Тік ұшақ 3 Жауабы Тік ұшақ 12
- (Тақтамен жұмыс) (Ауызша)
-1-нші есепте қандай амал қолдандық ?
2- нші есепте қандай амал қолдандық?
Есе артық ұғымы берілсе не істейміз?
Есе кем ұғымы берілсе не істейміз?

Балалар біз ұшақпен біраз жерге ұшып келіппіз.Қараңдаршы «Күзгі баққада» келіп жетіппіз.Бұл бақта бізге берілетін тапсырмалар бар.Ендеше бірлесе отырып орындап тастайық.
№3 мысал
3 х * * х 8 10 х * * х 9 0 х *
*: 3 * : 8 * : 10 * : 9 0 : *

Санды таңда және есептеп шығар
2- ге қалдықсыз бөлінетін бір таңбалы сандарды бір жолға,ал қалдықсыз бөлінбейтіндерін екінші жолға теріп жаз.

4: 2 3 : 2
6 : 2 5 : 2
8: 2 7 : 2
2 : 2 9 : 2

2- ге қалдықсыз бөлінетін сандарды жұп сандар деп, ал 2 – ге қалдықсыз бөлінбейтін сандарды тақ сандар дейміз.

Балалар бақ іші жапыраққа толып кетіпті.Шашылып жатқан жапырақтарды жинастырып ретке келтірейік.
№ 5 мысал Амалдарды орында
(9 + 71 )x 10 5 x 9 – 5 (300 + 50):10 7 x 7 – 7
9 x (19-11 ) 6 +8 x6 ( 20+5 ): 5 8 + 8 x8
(10 – 0 ):5 16:8 x 100 48 :(18 – 10 ) 9 : 9 + 9
Мысалдың жауабын тексеру

Балалар бақ ішін жинастырып тазартып алдық.Енді жаттыіу жасап біраз сергіп алайық.

Сергіту жаттығуы
Балалар біз жинастырған жолдарда іздер жатыр.Ол іздер қайда апарады екен,көрейікші.

«Қадам» ойыны

Аяқ іздерінің астында тапсырмалар жазылады.Тапсырманы оқып жауабын айту.
(Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс)

Балалар «Күзгі бақтың» сыйлығын алдық,енді келесі тапсырманы
орындайық
№ 6 есеп Сұрақтарға жауап бер.

Тік төртбұрыштың ұзындығы Тік төртбұрыштың ені Тік төртбұрыштыңпериметрі

8 см 2 см ? cм
8 см 5 см ? см
9 см 9 см ? см
9 см 6 см ? см

.

Балалар біз соңғы аялдамағада келіп жетіппіз.Біз « Лабиринт» қалашығына келіппіз. Бұл қалашықтың тапсырмасы «Математикалық диктант»

1. 9 машинада 18 жолаушы отырды.Әр машинада неше жолаушы отырды?
2. 7- нің көбейтіндісінің мәнін тап.
3. Бір собықта 6 дән бар. 8 собықта неше дән бар ?
4. 81- ді 9 есе кеміт.
5. Бөлінгіш 9 бөлгіш 9 бөліндінің мәнін тап.
6. 8- ді 6 есе арттыр.

Жауаптары тексеріледі.
Балалар мінеки «Ғалымдар патшалығына да» келіп жеттік.
Бұл патшалыққа кірмес бұрын сабағымызды ұорытып алайық.

Қорытынды.
Бағалау, « Бағдаршам» арқылы
Үйге тапсырма, 75 бет №2 76 бет №4, 7.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.