Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Санды 9-ға көбейту кестесі -

Санды 9-ға көбейту кестесі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2235 | Размер: | Автор: гость
. Қызылорда қаласы №178 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мажитова Бақыт
1. «Лепті сөйлем» Қазақ тілі. 2 сынып.
2. «Негізгі және туынды зат есім» Қазақ тілі. 3 сынып.
3. «Санды 9-ға көбейту кестесі» Математика. 3 сынып.

Сабақтың тақырыбы:Санды 9-ға көбейту кестесі
Сабақтың мақсаты: а) 9-ға көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру.9-ға бөлу,кеміту,есе арттыру,есе кемітуге арналған есептер шығару.
ә) ұлттық дүниетанымын байланыстыра отырып,ой-өрісінің ауызша есептеу қабілетін дамыту.
б) сабақ үстіндегі әрекеттерді орындай отырып,ұқыптылық пен әдептілікке,ұйымшыл болуға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,интерактивті тақта,үлестірме қағаздар.
Сабақтың түрі: дамытпалы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,ізденушілік,ойын сұрақтар,СТО.
Сабақтың типі:Жаңа сабақты игерту
Пәнаралық байланыс. Қазақ тілі,әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу,сынып тазалығы
ә) оқушыларды түгелдеу
б) оқушы назарын сабаққа аудару

Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
«Ғалымдар патшасы»-деп дараланып,
Математика қызыққа тоймайтұғын.

-Олай болса,балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз,сендерге әр ісімізге сәттілік тілеймін.
Біздің апталығымыз қалай аталады?
«Математика адам үшін,адам математика үшін жаратылған» тоқталу

Үй жұмысы
«Кім зерек?» ойыны арқылы өтілген көбейту кестесін пысықтау.
№9 тапсырма.Электронды оқулықтан периметрін табуды пысықтау.

Жаңа сабақ
Бүгін біз топтармен жұмыс жасаймыз.
Алғырлар.Білгірлер.Тапқырлар.
Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз.Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып,олардың қасиеттерін пайда болуы кезеңін тамашалаймыз.Сандарға тоқталу:1,2,3,4,5,6,7,8,9
Сыйлыққа тоқталу.

Ойланайық бір мезет,
Бақылайық,байқайық.
Есептерді шығарып
Жауап берген балаға
Күн шуағын сыйлайық!-деп оқушыларды күн шуақтары арқылы бағалаймын.
Күлімдеген күн –«5»
Мұңайған күн –«4»
Жылаған күн –«3»
Тапсырма:
Тоғыз бірдей санының қосындысын табу және одан шыққан қосындыны көбейтумен алмастыр.9+9+9+9+9+9+9+9+9=9*9

81 дәптерді 9 балаға нешеден бөліп алады? 81:9=9
-Барлығында 9 шықты,бәрекелді!Енді бүгінгі сабағымыз Санды 9-ға көбейту кестесін түсіндіру.
9*9=9*8+9 9*9=81 81:9=9
Электронды оқулық.
Көбейту кестесін не үшін қолданамыз?-Көп таңбалы сандарды тез есептеу үшін,есептерді жеңілдету үшін қолданамыз.
Көркем жазу.
9-цифрын көркемдеп жазайық.

№2 тапсырма. «Тоғызқұмалақ ойыны»
Бұл тапсырманы дұрыс орындасақ ,тоғызқұмалақ ойынының ережесін білетін боламыз.
А)18 банан мен 36 апельсин 9 балаға тең бөлініп берілді.Әр бала неше жемісін алды?
18:9=2
36:9=4
4+2=6
ә) 15 сәбізді 5 қоян тең бөліп жеді.Осылайша бөліп жесе,24 сәбізді неше қоян жейді?
15:5= 3
24:3=8

№3 тапсырма «Кім тез ойлайды?» ойыны арқылы ауызша орындаймыз.
А)9*9 9см*9 81:9 81см:9 10см*9
90*9 90см*9 810:9 810см:9 100см*9

ә) Тақтамен жұмыс. «Үш байлық» видео ролик
63:9*7 =49 48:8*9 =54 54:6*9=1
90-9*9 =9 32:4*9 =72 72:8*9=1
36:9*8 =32 86+27:9=89 62-72:9 =54

№4 тапсырма. «Математикалық диктант»
82:9=9(қ.1) 71:9=7(қ.8)
80:9=9(қ.8) 75:9=8(қ:2)
74:9=8(қ.2) 48:9=5(қ.3)
70:9=7(қ.7) 42:9=4(қ.6)

№5 тапсырма үйге.
80-ге дейінгі сандардың ішінен 8-ге бөлінетіндерін теріп жаз.Сол сандардың ең кішісін және ең үлкенін ата.

Сергіту сәті.
Сандарға байланысты мақал-мәтел білемізбе?
№6 тапсырма
Өз бетінше орындауға арналған тапсырма.(парақшаларға орындап апайларға тексерту.)
(40+40):10 100:( 18+32) (75-70)*50
(90-90)*100 100:(45-40) (80+120):50

№7 тапсырма «Әлемнің жеті кереметі»
Осы тапсырманы дұрыс орындасақ әлемдегі жеті кереметке не жататынын білетін боламыз.
Есептердің шешуін және жауабын жаз.

 А)Кітапта 63 бет бар.Әлібек күніне 9 беттен оқиды.Ол кітапты неше күнде оқиды?
 Ә)Түйеқұс жұмыртқасының массасы 2кг.Түйеқұстың 9 жұмыртқасының массасы неше кг болады?
 Б)Бір собықта 6 дән бар.9 собықта неше дән бар?
 В)Құстардың 5 тобының әрқайсысында 9 торғайдан бар.Барлығы неше торғай?
 Г)Сары шымшық 9 жыл тіршілік етеді.Ал қырғауыл одан 3 есе артық тіршілік етеді.Қырғауыл неше жыл тіршілік етеді?

Сабақты қорыту.

 Шығармашылық тапсырма

А-дан В-ға жету үшін мына сандардың қайсысын таңдау керек?Сандар қайталануы мүмкін.
А В
150 ----- ------- ------- -------36
А Б
305------- ------- ------- --------90
А Б
60------- -------- --------- --------36

 “Кубизм”әдісі арқылы өткен көбейту кестесін қайталау.

 Үйге тапсырма №5 9- ға көбейту кестесі.
 Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім.

Сабақтың мақсаты:
1. Зат есім туралы оқушылардың білімдерін бекіту. Негізгі және туынды зат есім туралы түсінік беру, сөйлем ішінен зат есімді табу.
2. Зат есім туралы білімдерін толықтырып, балалардың ойлау қабілетін, белсенділігін арттырып, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру.
3. Ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: СТО элементтері, слайдтар.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Амандасу

2. Психологиялық тренинг. Сыныптағы психологиялық атмосфераны орнату үшін, көңіл – күйді көтеру үшін өткіземіз.

Тренингтің аты: «Сәлемдесу»
1. Шеңбер құрып тұрамыз.
2. Бір – бірімізбен жымиып күліп амандасамыз.
3. Қолмен амандасамыз.
4. Арқамен амандасамыз.
5. Көбен амандасамыз.
6. Аяқпен амандасамыз.
7. Тіземен амандасамыз.

3. Топқа бөлу. СТО әдісі (сыни тұрғыдан ойлау әдісі бойынша)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Ротация» әдісі бойынша. Әрқайсысы әр топ өзінің тобындағы түстері бойынша жауап береді.

1 – сұрақ:
1. Тұрлаулы мүшелерге нелер жатады?
2. – шы жұрнақтарын жалғау арқылы туынды зат есім жаса.
3. Төрт түлікке нелер жатады?

2 – сұрақ:
1. Сөз таптарын ата.
2. Қосымшаның неше түрі бар?
3. Отбасы мүшелері.

3 – сұрақ:
1. Негізгі зат есім дегеніміз не?
2. Жұрнақ дегеніміз не?
3. Қияр, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз – бір сөзбен қалай атайды? Сағат тілімен ауысамыз. Сөйтіп өз орнымызға келіп, өз тобымыздағы сұрақтарға жауап береміз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Қызығушылығын ояту. СТО бойынша мағынаны ашу.

Бүгінгі жаңа тақырыбымыз: «Жаттығу жұмыстары».

Көркем жазу.

Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз

2. Мағынаны ашу. «Нақ тапсырма, дәл жауап» әдісі.

І – топ:

аң сый жүз
жұмыс шы тату лық өшір гіш
мал бай біл

ІІ – топ:

ұзын сурет өнер
адал дық мүсін ші ас паз
орын кен

ІІІ – топ:

әділ ескерт ұш
сөз дік кес кіш бас қыш
бел тес қыс

«Ассосация» әдісі. Топтастыру әдісі.

Зат есім Етістік

Сын есім Сан есім

Сергіту сәті. Бүгін қандай тамаша көңілді күн.

ІҮ. Оқулықпен жұмыс. 33 – жаттығу. «Автордың орындығы» әдісі бойынша жүргіземін. 3 топ та бұл жаттығуды көшіреді.

1. Өзім қоямын. Туынды зат есімді тап.
2. 1 оқушы. Туынды зат есімнің негізгі түбірін айт.
3. Мақалдың мағынасын аштыру.

Ү. «Ойлы болсаң, озып көр» ойыны.

34 – жаттығу. Тақтаға жазу.
Ұш – етістік, ұшқыш – зат есім.

ҮІ. Қорытындылау. Ой қозғау.

І – топ: Достық. ІІ – топ: Аспаз. ІІІ – топ: Ойыншық.

ҮІІ. Бағалау.
Кері байланыс. Сәтті жол.
4.

Сабақтыңтақырыбы: Лепті сөйлем. Қазақ тілі. 2 сынып.
Сабақтыңмақсаты:Оқушыларғалептісөйлемніңмағынасынтүсіндіру, көңіл -
күйді, сезімдібілдіретінсөздертуралыалғашқытүсініктерін
қалыптастыру.Лептісөйлемдітиістідауысырғағыменоқуға
жаттықтыру; лептісөйлемніңқандаймағынабілдіріптұрғанын
анықтату.
Өзбетіменжұмысжасайбілуінжәнеөзінбағалайбілугеүйрету
байланыстырыпсөйлеуін, жазбатіліндамыту. Сөздікқорларын
молайту.
Ұйымшылболуға, әділдікке, адалдыққатәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: слайд шоу «Астана арман қала»
Сабақтың барысы:І. Психологиялық дайындық
Өзімізге: Сәттілік, қуаныш!
Қонақтарымызға: Жақсы көңіл - күй!
Елімізге: Ашық аспан, молшылық!
ІІ. Қызығушылықты ояту
Сыныпты 3 топқа бөлу (хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем)
Қайырлы күн,достар!
Бүгінгі күн,міне,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестіктер болсын!!!
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні екенін еске сала отырып, Елбасының халқына жолдауынан үзінді оқу. Тыныс белгісіне назар аудару.
Бүгінгі күн жадысын жазып, лепті сөйлем екенін жазу
Балалар, бүгін біз Астана қаласының көрікті жерлерін тамашалап қыдырамыз. Слайдқа назар аудару (1)
Топтарға тапсырма:
1. Сөйлем дегеніміз не?Сөйлем аяқталған ойды білдіреді
2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?Сөйлем айтылу мақсатына қарай 3 түрге бөлінеді
3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз
ІІІ. Мағынаны тану
Көтеріңкі көңіл күймен қарап, тыныс белгілері туралы түсінік алайық
Кітаппен жұмыс
190-жаттығу.Лепті сөйлемдерді көшіріп жазу
-Міне,жігіт!
-Көп жаса!
-Өркенің өссін, қарағым!
-Қатарыңның алды бол!
Слайдқа назар аудару (2)
191-жаттығу. Тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз.
Мына тау қандай биік! Сен қысқы демалыста қайда барасың? Қыста коньки тебу қандай тамаша!Бөлменің ауасын тазартып отырған жөн!
Слайдқа назар аудару (3)
192-жаттығу. Сөйлемдер құра.
Оқушылар саяхатқа шықты. Сыныпта кезекші кім? Қазақстан халқы жасасын!
ІV.Сергіту сәті
Слайдқа назар аудару (4)
193-жаттығу. Әр топ тыныс белгісіне қарай сөйлемдерді көшіріп жазады.
Слайдқа назар аудару (5)
Шығармашылық тапсырма әр топқа
Мысық қалай дыбыстайды? Міне, жігіт! Қасқырдың төлі не? Мал жайылды. Жүйрік озады. Өркенің өссін, қарағым!
V.Ой толғаныс
Ойын «Сәйкестендір»
Өкіну --- Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!
Армандау --- Қап, бақшаның есігін жауып қоймағаным - ай!
Бұйрық ---- Қане, күнделігіңді берші!
Ұрандату ----- Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!
Бағалау. Тыныс белгісіне қарай бағалау
Үйге тапсырма: 194-жаттығу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.