Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сандық жасау -

Сандық жасау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4051 | Размер: | Автор: гость
. Турдалиева Салтанат Абдоновна
БҚО Зеленов ауданы
Трекин ЖОББҚМ-нің бастауыш сынып мұғалімі

3 «А» сыныбындағы еңбекке баулу пәні бойынша
«Сандық жасау» тақырыптағы қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы: 3А Күні: 3 сәуір Тексерілді:
Сабақ тақырыбы: «Сандық жасау»
Сабақ мақсаты: Оқушыларды еңбекке машықтандыру арқылы іске икемділігін, іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды халқымыздың ұлттық өнеріне деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру.
Күтілетін нәтиже: Халық шеберлерінің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан таңғаларлық тамаша шығармаларымен таныстыра отырып, өнерге қанат қаққан шәкірттерді шеберлік шыңына жетелеу арқылы, оқушылар ұлттық сандық жасап үйренеді
Сабақтың түрі: Жаңа білімдерді меңгеру сабағы, дәстүрлі
Көрнекі құралдар: Дайын сандықша, сандық жасаудың нұсқау картасы, ұлттық жиһаз, киіз үй және әдебиет көрмесі. “Қағаз бен қайшыны пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі”, суреттер
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық және өз бетімен жұмыс
Пәнаралық байланыс Өзін-өзі тану пәні, тарих, әдебиет
САБАҚ БАРЫСЫ:

Кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Бағалау
Ұйымдастыру бөлімі Сыныпта кім кезекші?
Сыныпта кім жоқ?
Бүгін бізге қонақ келіп отыр, ол кісі ұстаз. Сабағымызды бастамастан бұрын сәлемдесіп алайық.
«Достық шеңберіне» тұрайық.
Кезекші рапорты.
Сәлемдеседі.
Кезекші:
Салем саған Алтын күн
Салем саған мектебім
Салем саған достарым
Салем саған ұстазым.
Психология-
лық кезең
Сабаққа дайынсыңдар ма?
Олай болса бір бірімізге сәттілік тілейік...
Оқушыларды шеңберге тұрғызып бір-біріне сәттілік тілеуді өтінеді Жұмыс орнын дайындайды, ережелерді қайталайды.
Оқушылар бір-біріне
сәттілік тілейді Бір-біріне қошемет көрсетеді
Үй тапсырмасын тексеру 1. Үйге тапсырма киіз үй жиһаздары туралы мәлімет жинақтау болды. Ұлттық киіз үй жиһазының бірі сандық, кім қандай мәлімет дайындады?
2. Топ басшыларын ортаға шақырайық.

Қалған оқушылар үй жиһаздары туралы мәліметтеріңді тапсырыңыз.
Топ басшылары оқып береді.
Мирас пен Айша, Жансая (реферат, суреттер)

Кезекші тапсырмаларды жинап алады. Бес бармақ
арқылы
Жұмыс тәртібі 3. Бүгінгі сабақта біз жұптасып жұмыстанатын боламыз. Жиһаз түрлері бойынша жұптасады
Мағынаны тану

1,2,3, (назарларын аудару)
Тақтаға сабақ тақырыбын жазады
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
«Сандық жасау»
Бүгін біз сандық жасауға қажетті материалдарды таңдай білуге және оны жасап, көркемдеуге үйренеміз.

Балалар еңбекке машықтану арқылы іске икемділіктерің, іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптасатынын ұмытпаңыз.

Сандық-киім кешек және т.б. заттарды салып сақтауға арналған үй жиһаздарының бірі.

Сандықтың бірнеше түрі бар.
Олар: жағдан, абажа, әбдіре, қобдиша.
Бұл бұйымдардың жасалу тәсілдері бірдей. Сондықтан олар жеңіл әрі тұрмыста қолдануға ыңғайлы. Сандықтың қақпағы тұтас ашылады.

Әр халық сандықты өзінің ұлттық ою-өрнектерімен әшекейлейді.
Біз бүгінгі сабақта жағдан сандығын жасауды үйренеміз. Жағдан- азық-түлік не киім-кешек салуға арналған үй жиһаздардың бірі.

Көрмемен жұмыс
Дайын сандықша, сандық жасаудың нұсқау картасы, ұлттық жиһаз, киіз үй және әдебиет көрмесімен таныстырады.
Ежелден қазақ халқы үй жиһазын ағаштан жасаған. Қазақстанның мына аймақтарында ағаштың түрлері бар: Солтүстік Шығыста, Алтай төңірегінде қайың, шырша, қарағай;
Оңтүстікте терек, жеміс ағаштары;
Батыста қарағай, қайың, жөке.

Жағдан сандығын жасауды бастамас бұрын
қайшымен жұмыс техникасының қауіпсіздігі ережелерін қайталап алайық.


Оқушылар тыңдап, үйде дайындаған мәліметтерді қосып отырады.

Сандық түрлерін салыстырып, ажыратып үйренеді.

Қазақ халқының ұлттық
ою-өрнектерін қайталайды.

Жағданды ауызша сипаттап береді.

Сарамандық жұмыста сынып оқушылары жұптасып тапсырмаларын орындайды.

“Қағаз бен қайшыны пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі” қайталайды.
Өз бетімен жұмыс Оқушылардың жұмыс жасауы үшін құрал-жабдықтар үлгілері үлестіреді.
Оқушылар үшін жұптық жұмысы уақытында музыка ойнап тұрады Оқушылардың жұмыс жасауы үшін құрал-жабдықтар мен үлгілер арқылы сандық жасайды.
Сергіту сәті
Сергіту сәтін ноутбук арқылы өткізеді.
Ұлытау «Жұмыр қылыш» Сынып кезекшісі сергіту сәтін өткізеді
Ой
толғаныс Сонымен , сандық дегеніміз не?
Біз сандықтың қандай түрін жасадық?
Сұрақтарға жауап береді Смайликтер арқылы бағалау
Топтастыру «Сандық» Жұмысты ауызша орындайды. Бес бармақ
арқылы
Кері байланыс
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
Жұмыс барысында нені үйрендіңдер?
Нені білгілерің келеді? Оқушылар ой-пікірлерін айтады. Жұлдызшалар арқылы бағалау
Үйге тапсырма
Соңғы сабақтарымыз наурыз, қазақтың ұлттық заттарына байланысты. Келесі сабаққа қазақтың ұлттық аспаптар үлгілерін алып келерсіңдер.
Бүгін өте жақсы жұмыстандыңдар, рахмет Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады

Бір-біріне қошемет көрсетеді Шапалақ арқылы бір-біріне қошемет
Бағалау
Бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалайды Күнделіктеріне бағаларын қойғызады. Жиынтық бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.