Меню
Назад » » »
Сансызбай Сарғасқаев "Шыбық".
загрузка...

загрузка...
Қызылорда қаласы
№2 «Мұрагер» мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Аманова Нургул Бегликқызы

Сабақ тақырыптары:

1. Сансызбай Сарғасқаев "Шыбық". 4 сынып. Ана тілі.
2. Санға 2-ні қосу, саннан 2-ні азайту. 2 сынып. Математика
3. «Рәміздерім - мақтанышым» Сыныптан тыс іс-шара.

Сабақ тақырыбы: Сансызбай Сарғасқаев "Шыбық".
4 сынып. Ана тілі.
Жалпы мақсат: Көктемгі ағаш отырғызу науқаны жайлы шығармамен таныстыру, Оқушылардың тілін дамыту, мәтіннен негізгі ойды анықтау,
Сілтеме: Оқулық, суреттер,слайд
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
Жас шыбық пен ағашты ажырата білу, ағаштардың ерекшелігі мен өсіп - өнуіне түсінік беру. Табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын білу. Алған білімдерін қорыта білу
Негізгі идеялар: Еңбексүйгіштікке, табиғат әсемдігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Оқыту әдістері: «Блум таксаномиясы», АКТ - ны пайдалану, Ойлан, жұптас, талқыла, постер қорғау, топтық жұмыс, сұрақ – жауап
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Түстер бойынша 5 топқа бөлу. Топ ережесін құру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақ - жауап әдісі арқылы
Қарлығаштың ұясы туралы не айтар едің?
Қарлығаш балапанын қалай басып шығарады?
Ұяда қанша балапан бар дейді?
Бір күні қарлығаш ұяға жақындап қалған нені көрді?
Қарлығаш қандай әрекет жасады?
Өлеңде кездесетін құстар мен жәндіктерді ата
Жыланды сипатта
Қарлығаш жыланды көргенде қалай қиналды?
Кімді көмекке шақырды?
Осы оқиғадан кейін қарлығаш не істеді?
Қарлығаштың орнында болсаң не істер едің?
Әр топқа бағалау парағын беру.
ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын айту. – Бүгінгі сабаққа қандай мақсатпен келдің? сұрағына жауап алу.
Білу категориясы
-Шыбық туралы не білесің?
-Қайда өседі?
-Шыбықты не үшін егеді?
-Шыбықтың қандай пайдасы бар?
-Сансызбай Сарғасқаев туралы не білесіңдер?
Түсіну категориясы
- Мәтінді түсініп оқы
- Қысқаша бір-бірлеріңе айтып беріңдер
- Негізгі ойды анықта
Қолдану категориясы
-Бақыттың табанды, еңбекқор екендігін оның қандай әрекетінен байқайсың?
-Темір неге келіспеді деп ойлайсың?
-Темірдің көңілін неліктен өкініш кернеді?
-Бақыттың шыбық егуінің қандай пайдасы болды?
-Қандай жаңа сөздермен таныстың?
Талдау категориясы
- Балалардың орнында сен болсаң не істер едің?
- Ауа райының өзгерістері туралы не айтылған?
- Бақыт пен Темірдің іс-әрекеттерін салыстыр
ІV. Қорытындылау
Жинақтау категориясы
- Темірге хат жаз
- Мәтін бойынша сурет сал
Бағалау категориясы
- Шыбық мәтінінің маңызы бар ма?
- Неге? Неліктен?
- Сен не істер едің?
- Қалай баға берер едің?
V. Үйге тапсырмасын беру. Мәтінді мазмұндау.
Мәтінді толықтыру мақсатында эссе жазу. «Табиғатқа қамқорлық» немесе «Еңбекқорлық»
VI. Бағалау.
Топ басшысының ұпайлық бағалауы. Мұғалімнің қорытынды бағалауы.
VII. Рефлексия. – Мақсатыңа жеттің бе?

Қызықты математика
Сабақтың тақырыбы: Санға 2-ні қосу, саннан 2-ні азайту
Сабақтың мақсаты: 10 көлеміндегі санға 2-ні қосу және азайту тәсілімен таныстыру. Оқушылардың математикадан алған білім біліктіліктерін қолдана отырып қызықты математикалық тапсырмаларды орындауға үйрету.
2) Оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлау қабілет, математикалық тілін дамыту
3)Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, жарыс, ойын т.б.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, карточкалар, суреттер.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, музыка, шет тілі, бейнелеу
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: сыныпты бес топқа бөлу.
Психологиялық дайындық.
Математика керек әр күнге,
Математика керек әркімге.
Есеп қажет өмірде,
Есепсіз білім білім бе?!
Топқа бөлу: 1-топ: Тапқыр , 2-топ:Білгір, 3-топ:Алғыр, 4-топ:Жүйрік, 5-топ:Зерек Топтарды орындарына отырғызып, сайыстың шартымен таныстыру.
«Бой жазу» сұрақтарға жауап алу. 1. Төртбұрыштың неше бұрышы бар? 2. Қосуға кері амалды ата. 3. Бір аптада неше күн бар? 4. Партаның неше бұрышы бар? 5. Бүгін аптаның нешенші күні? 6. Шеңберде бұрыш бола ма? 7. 3 алма көп пе, әлде 3 алмұрт көп пе? 8. Біздің сыныпта неше қыз бар? 9. Сыныпқа қанша қонақ келіп отыр? 10. 2 + 2 қанша болады?
Демек бүгін сендермен санға 2-ні қосу, саннан 2-ні азайтуды өтетін боламыз. -2 саны қандай сан?(жұп сан) Слайд бойынша түсіндіру –Суретте нені көріп тұрсыңдар? Олар нешеу? Қане санайықшы. -Ағашта неше құс бар?- Нешеу келіп қонды? –Гүлде неше көбелек бар?-Нешеуі ұшып кетті? –Қояндардың саны нешеу? 2 қоян келіп қосылса неше болады? Енді суреттерді салыстырайық:


1-тур: ( -минут)
Дәптермен жұмыс. №1 тапсырма
2+1 10-2
1+2 9-2
0+2 8-2
2+3 7-2
Сергіту сәті: Ән орындалады (Оқушылар жаттығу жасайды)
2-тур: ( -минут)
№2 тапсырма Есептер шығару
Қорада 6 қозы және 2 лақ жүр.Барлығы нешеу?
3-тур ( -минут)
Топпен жұмыс : геометриялық фигураларды торкөздерге орналастыру

Сергіту сәті: «Көбелек» әні (Оқушылардың орындауында)
№3 тапсырма Сандарды салыстыру
1*2 8*2 5*2 8*3 2*9
Топ басшылар сайысы: Кім шапшаң? 1. Екі сиырдың мүйізі нешеу? 2. Бес баланың аяғы нешеу 3. Бес қойдың басы нешеу? 4. Үш адамның қолы нешеу? 5. Таяқшаның екі шеті бар. Бір шетін кескенде таяқшаның шеті неше болады? 6. Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? 5 қоян
7. Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды? 1адам

Әр топтың асықтарын санау. Қай топтың жеңіске жеткенін айту.
Сабақты бекіту:
1-топ. Ағаш бұтақтарына 2-ге байланысты қосынды жазу.
2-топ. 2-үшбұрышты пайдаланып сурет құрастыру.
3-топ.2- төртбұрыш пайдаланып сурет құрастыру.
4-топ. 1-ден 10-ға дейін 2 тілде санау.
5-топ.Санға байланысты мақал айту.
Сабақты қорыту.Мадақтау

Тақырыбы: «Рәміздерім - мақтанышым»
Мақсаты: 1) Білімділігі: жас ұрпақты Отанын сүюге, ел рәміздерін қастерлеуге үйрету.
2) Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Заман талабына сай жан – жақты, білімді, жігерлі болуын дамыту.
3) Тәрбиелігі: Оқушыларды Отанын, туған жерін, халқын сүйетін тұлға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: рәміздер, өлең жолдары
Пәнаралық байланыс: ана тілі, музыка
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан Республикасының әнұраны айтылады.
1. Рәміздерге не жатады?
2. Н.Ә. Назарбаев кім?
3. Әнұранның авторлы кім?
4. Қазақстан халқының бас қаласы қалай аталады?
5. Әнұран қалай аталады?
Мұғалім: Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай – қайсысында да мемлекеттігінің белгісі – рәміздері бар. Жалпы нышындар көптеген халықтар тарихында ерте дүниеден бері кездеседі.
Бәрі болған қазақ деген көне елде,
Ел белгісі де, ерлік, өнер де
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді?
Ту болмады дегенге?!

Тудың қабылданған күні – 1992 жылы 4 маусым. Ресми тұсауы кесілген күн – 1992 жылы 6 маусым, Алматы қаласы. Авторы Ш. Ниязбеков
«Елтаңба» сөзі немісше – «наследство», полякша – «эмблема» деген сөздерден шыққан.
Сахналық қойылым.
1- оқушы.(Жұлдыз): Мен жұлдызбын, ұдай жарқырап, жанып тұрамын. Көк жүзінде адамзат баласына үстемдік сыйлаймын.
Жұлдызбын көктегі жымыңдаған
Қасиетімді сәуегей дана білген,
Ұрпақпен болашаққа бірге барам,
Ақ сәулемді бойыма ала білгем.
2 – оқушы. (Шаңырақ):
Шаттық қонған ұяға,
Шаңырақтан нұр төгер жадырап күн
Бақытқа қолын созған бар қазақтың,
Сан ғасыр отын үрлеп, шамын жақтым.
3 – оқушы (уық)
Мен – уықпын, шаңыраққа шашыламын,
Бойымда байсалдылық, бар шыдамм
Ей, ұрпақ, сен де өмірдің уығы бол,
Өшпестен қолыңда шам- шырағың.
4- оқушы (кереге)
Мен – керегемін, керегемін,
Ілінген ақ сауыты, берені ердің.
Ірге ұрып қарасы керегеден,
Кеңістігі көрінер кемел елдің.
5 – оқушы (пырақ)
Мен – тұлпармын, дүлдүлмін, пырақ атпын,
Жаяу жүріп аттыны сынамақ кім?!
Арасында адалдық орнатамын,
Жұптасқан ел – жұрт пенен жұрағатын.
6 – оқушы. (Қазақстан):
Мен – Қазақстанмын!
Болашаққа сәлемін жолдайтұғын
Бәйгелерде оздырып қос тұлпарын,
Тұғырын сары алтыннан сомдайтұғын.

Барлығы:
Елтаңба - өжеттік, ерліктің белгісі,
Елтаңба – тәуекел, ерліктің белгісі
Елтаңба – кемелдік, кеңдіктің белгісі
Елтаңба - өзге елмен теңдіктің белгісі,
Елтаңба – егемен елдіктің белгісі.

Мұғалім: Балалар, қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты. Олай болса, еліміздің болашағы сендерсіңдер! Отанды сүюге, қорғауға әрқашанда дайын болыңдар.

Ойын: «Сөзден көп сөз құрау»
1 –қатар: Елтаңба
2- қатар: Қазақстан
3 – қатар: Әнұран

Y. Қорытындылау
Кестені толтыр

Сенің Отаның Қазақстан қандай мемлекет? Қазақстан елінің Президенті Қазақстан елінің рәміздері Қазақстанның бас қаласы Қазақстанның әнұраны Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Сансызбай Сарғасқаев "Шыбық". можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 354 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar