Меню
Назад » » »
Сатқын жапалақ
загрузка...

загрузка...
Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Баутин ауылы
Ж. Мыңбаев атындағы
Мектеп-гимназиясының
Бастауыш сынып мұғалімі
Сисембаева Умитгуль Орысбаевна

Пәннің аты. Әдебиеттік оқу Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Сатқын жапалақ
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақтың жабыдығы
Түрі Сабақтың мақсаты: Ертегі мазмұнын ұғынып, ой түйін шығару.
Міндеттері: - халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, оқушыны адалдыққа, батылдыққа, нысапшылыққа
тәрбиелеу;
ертегідегі оқиға желісінің байланысын, ертегідегі кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.
Қолданылатын модулдер: Диалогтік оқыту, Оқыту үшін бағалау, Оқудағы көшбашшылық, АКТ.
Стратегиялық іс әрекет: «Ой шақыру», «Ой қозғау», «Кезектесіп қайталау»
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Жұмбақ шешу.
Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнінен жұлып
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?
( үкі)

Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен тыс қалдым
( жапалақ)»

Тапсырма Топтық тапсырма
1-топ
Жоспар құру
а) Патшаның жарлығы
б) Үкінің бауырмалдығы
в) Жапалақтың сатқындығы
2-топ
Ертегідегі құстаға мінездеме беру
Үкі- ақылды, бауырмал,батыл
Жапалақ – өз басын ойлайтын опасыз, сатқын
Көкжендет – мейірімсіз, жағымпаз
3- топ
Ертегідегі құстардың суретін салу
Сүлеймен патшаның жарлығын сызба бойынша дәптеріңе жаз.
Қызықты мәліметтер» кезеңі
Үкі – негізінен орманды мекендеп, жемін түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Жұптарын өмір бойы сақтайды.Дене мөлшеріне қарай 2-12-ге дейін жұмыртқа басады.Қазақта үкінің қауырсыны пәле-жаладан сақтайды деген ұғым бар.
Байғыз- жапалақ тәрізді.Орман байғызы, торғай тәрізді байғыз деген түрлері бар.Жартастағы үңгірлкерге ұя жасап, төрт-алты ғана жұмыртқа салады.Салмағы 195-260 грамдай болады.
Жапалақ қауырсындары қалың және қопсып тұрады. Сондықтан ұшқанда дыбысшығармайды. Қорегін есту органының көмегімен іздептабады.Құлағының қалқаны біршама жақсы жетілген.Жемсауы болмайды.
Сергіту сәті. Ұшты – ұшты» ойыны
ҮІІ Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Кімдер және не жайлы? Сүлеймен патшаға қандай мінездеме беруге болады? Ертегі арқылы адам бойындағы қандай кемшіліктер сыналады? Бұл ертегінің қандай түріне жатады?

Ой толғаныс Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеру және өзін, достарын бағалау.
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
Оқушылар өзінің дайындалып келген эссені оқиды.
Әр топ бойынша басбармақ бойынша бағалау
Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Екі жұлдыз, бір тілек
Ертегіден алған әсерлерін тілек ағашына қағазға жазып жапсырады Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Сатқын жапалақ можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 325 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar