Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Секіртпемен жасалатын жаттығулар. -

Секіртпемен жасалатын жаттығулар.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 7090 | Размер: | Автор: гость
. Секіртпемен жасалатын жаттығулар.
(5- сынып)
Төлеубаев Қайрат
Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Аманкелді ауданы
Қостанай облысы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Секіртпемен секіру жаттығуларын бағалау, дененің жылдамдық, ептілік, иілгіштік, төзімділік күш сапалық қасиетттерін дамыту
2.Дамытушылық: Шапшандық, икімділік және күш сапаларын дамыту.
3.Тәрбиелік ; Сабақтағы жүктемені дұрыс орындау, тәртіпке тарту.
Сабаққа керекті құралдар: ысқырық , секіртпелер.
Сабақтың өтетін орны: Спорт алаңы .

№ Сабақтың мазмұны Уақыты Методикалық нұсқау
1 Дайындық бөлімі
Сапқа тұрғызу. Амандасу.
Спорт секторының доклады.
Сабақтың барысымен таныстыру.
Оңға бұрылу 3 – 5
Бір сызықтың бойымен тұру.
Тыныштық сақтау.
Мұқият тыңдау.
2 Жүгіру жаттығулары.
Жүріс, спорттық жүріс, жүгіріс, тізені көтеріп жүгіру, аяқты артқа серпе жүгіру.
Оң және сол жақ бүйірмен секіру.
Спорттық жүгіру, жүріс
Жүріс... 3 – 5 Сапты бұзбау .
Дұрыс жасау.
Бірқалыпты жаттығуды өз деңгейінде орындау.
3 Жүру жаттығулары
Орта қалыпта отырып жүру.
Аяғымыздың басымен жүру.
Өкшесімен жүру.
Аяқтың ұшымен жүру, сыртымен жүру. 3 – 5 Жаттығуды өз деңгейінде жасау.
Денемізді тік ұстау. Басымызды тік ұстау.
4 Ж.Ж.Ж.
Аяғтың арасы ашық, қол белде.
1,4 Басынды айналдыр, келесі жаққа.
Б.Қ. Қолымызды қайшылау.
Б.Қ. Белімізді айналдыру.
Тіземізді кеудеге жеткізу. 3 – 5 Жаттығуды өз деңгейінде жасау.
Қолымызды бүкпеу.
Тіземізді бүкпеу.
Тізеңді кеудеге жеткізу.
5 Негізгі бөлім
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Оқушылар, бүгін біз, секіртпемен жасалатын жаттығу түрлерімен танысамыз.
Секіртпемен жасалатын жаттығулардың пайдасы өте зор. Жалпы, дене шымыр, сау болуы үшін керемет жаттығулардың бірі - секіру жаттығулары. Ол жүректі жаттықтырып, ағзаның жалпы саулығын қамтамасыз етеді.
«Секіру»- сөзі ағылшын тілінде -«Скиппинг» деп аталады.
Секіру жаттығулары аяқтың ұшымен жасалады.
Қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Сыныпты топқа бөлу, жаттығу жасату.
Секіртпемен орындалатын жаттығулар:
• Аяқты ауыстыра тұра секіру.
• Жартылай отыра секіру.
• Аяқты айқастыра секіру. Бір секіргенде аяқты айқастырып қою, екінші секірісте орнына алып келу.
• Секіртпені алдыға, артқа қарай айналдыра секіру.
• Алдыға жүгіріп, секіртпеден секіру.
• Бір аяқпен секіру.
• Қос аяқтап секіру
• Сыңар аяқтап, алма кезек секіру
• Аяқты қайшы қойып секіру
• Отырып секіру
• Екеулеп қол ұстасып секіру
• Көзді шарт жұмып секіру
• Теріс айналып тұрып секіру
• Қолды қайшы ұстап секіру
Сыныпты сапқа тұрғызу.
Ойын ойнату, ережесін түсіндіру:
«Секіртпемен секіре түс» ойыны
1. «Кім шапшаң» секіріп жетеді?
Шарты: Командаға бөлініп, межелі жерге дейін секіріп бару.
Берілген тапсырманы орындау, секіртпемен секіріп қайтып келу
Тапсырмалар.
І топ.
1. Мақалды жалғастыр:
1. Денсаулақ -..........................................................
2. Бірлік болмай,.....................................................
3. Білікті – бірді жығады, ....................................
Тапсырмалар.
ІІ топ
1. Өнер- білім бұлағы, ...........................................
2. Дені сауды,-........................................................
3. Бұлақ көрсең,......................................................
2. Жұмбақтың шешуін тап: І топ
Шар секілді домалақ,
Тепсең кетер домалап.
Өзін ит те қаппайды,
Суға салсаң батпайды. ............................

Теуіп жүріп темірді,
Серуендаган қызықты. ..............................

Қыс айында, мұз айдында.
Жүгірсе зыр етеді.
Бір адымды екеу ара,
Көтеріп ап кетеді. ...............................
ІІ топ
Бес ін, бес іннің,
Аузы бір ін. ......................

Тыңдап әнін, өлеңін,
Үйде кино көремін. ..........................
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады. ........................

3.Сұрақтарға жауап бер:
І топ
1. Жылқының сүті қалай аталады?.........................
2. Қандай спорттық құрал-жабдықтарды білесің?
...................................................................................
ІІ топ
1. Қандай спорт түрлері бар?....................................
2. Қандай спортшыларды білесің?.............................
3.
4.Есепті шығар: І топ
1. 3+3+3+3+3=
2. 2х1=
ІІ топ
1. 5+5+5=
2. 10: 5=
2. «Кім ұзақ секіреді?» топ басшылар сайысы
Шарты: Секіртпемен ұзақ секіруі керек. Кімде-кім ұзақ секірсе, сол ұтады. 21 – 24 Тыныштық сақтау.
Сапта тұзу тұру.
Жаңа сабаққа назар аудару.

Қауіпсіздік ережесін ескеру.
Ара қашықтықты сақтау.
Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау.

1.Ойын шартын тыңдау,
Берілген мақалды жалғастыру, жұмбақты шешу, есеп шығару, сұраққа жауап беру.

2.Ойында ойыншының секіртпемен тоқтамастан секірген санын есептеу.
6 Қорытынды
Сапқа тұрғызу, сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды атап өту, үйге тапсырма беру, баға қою 5 - 8 Оқушылар тыныш тұру.
Сапта түзу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.