Меню
Назад » » »
Сенім менің серігім
загрузка...

загрузка...
Қыпшақбаев Жасұлан Сабденбайұлы
Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылы, Бөген жалпы орта мектебі
5-сынып

Сабақтың тақырыбы Сенім менің серігім
Сабақтың мақсаты: оқушылардың адамдардың бір-бірімен сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
• «сенім» ұғымының мәнін ашу;
• Өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту;
• Өзіне, өзгеге, қоғамға сенім білдіруге үйрету.
Шаттық шеңбері
Оқушылар шаттық шеңберіне шақырылады, оқушылар бір-біріне деген жылы лебіз игі тілектерін айтады. Барлығы қол ұстасып Ә.Табылдиевтің «Сенім» өлеңің орындайды. Мұғалім -Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сенім – менің серігім». Маған енді сұрақтарға жауап беріңдерші, қалай ойлайсыңдар?
-Сенім деген сөзді қалай түсінесің?
-Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?
-Қандай адам сенімге ие болады?
-Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?
-Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды?

Оқушылардың айтылған ойын тиянақтау үшін Б.Тұрсынбаевтың «Жаңа дүкенде» мәтіні оқылады.
- Сендер, Ерланның «Біреулер төлемей кетсе ше?» деген сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
- Адамдарға сенім білдіретін тағы қандай қоғамдық орындарды білесіңдер?
Тыныштық сәті ұйымдастырылады. (Жеңіл әуен қосылады) - --------Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.
Мұғалім; Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне–өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.
Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.
Сенімді болу дегеніміз – ол сөзіне берік болу, тосқауыл мен ескертусіз өзіне уәде еткенді жасау. Сенімді кісі жанымызда болғанда біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз. Сенімді кісі уәде берсе, соны істейді және дәл уақытында орындайды.
Сахналау Оқушылардың ойларын білу және жан сұлулығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында оқулықтағы «Сахналау» айдарымен берілген диалогты сахналау ұсынылады «Кімге сенім артуға болады?» .
- Сенімге ие болу үшін не істеу керек?
Шығармашылық жұмыс
«Сенім» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар
С - сенімді, сыпайы, ...
Е – ерен, ерекше,...
Н – намысшыл, нәзік, нағыз ер, ...
І - ілтипатты, ...
М – мәдениетті, момын,
Дәйексөз
Жақын адамдардың, достарыңның, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу – әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.
М.Жұмабаев
Дәптермен жұмыс
Жүректен жүрекке
Жүректен жүрекке айдарында оқушылар шеңберге жиналып өздерінің кімге сенім артатыны туралы өз ойларын кезекпен айтып шығады.
Үйге тапсырма
«Сенім» өлеңін жаттау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Сенім менің серігім можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 248 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar