Меню
Назад » » »
Сезім мүшелерін сақтайық
загрузка...

загрузка...
Аманшеева Бибажар Тамабайқызы

Ақтөбе қаласы,
№36 «Балақай» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі

Білім беру саласы: «Денсаулық».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Валеология».
Тақырыбы: «Сезім мүшелерін сақтайық»
Мақсаты: Денсаулық туралы түсінік беру, зейнін тұрақтандыру. Сезім мүшелерін күте білуге үйрету. Қауіпті жағдайлардан сақтана ережелерін есте сақтап, қиын жағдайда көмек беруге дайын болуға баулу. Салауатты өмір сүру салтын ұстану іскерліктерін жетілдіру. Тазалыққа, ұқыптылыққа, мейрімділікке тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Армысын алтын күн
Армысын жер-Ана
Армысыңдар конақтар
Армысыңдар достарым
Аман болсын халқымыз
Заман болсын ең таным
Аман болсын аналар,
Аман болсын балалар.
Тәрбиеші:
- Балалар сендер таңертең тұрғанда терезеден не көресіндер
Балалар:
- Күннің шуағын, нұрын.
Тәрбиеші:
-Дұрыс айтасындар , күннің шуағын, нұрын көргенде қуанасындар ма
Балалар:
- Алақай
Тәрбиеші:
- Енді барлығымыз осы күннен алған жылуымызды алақан арқылы бір-бірімізге таратып сыйлайық.
Балалар:
Аспанымыз ашық болсын
Еліміз тыныш болсын
-Бақшамыз гүлдене берсін
-Денеміз сау балсын
-Елімізде бейбітшілік болсын
-Ынтымыға жарасқан ел болсын
-Қақстаным гүлдене берсін
-Отанымыз аман болсын
– Жеріміз бай болсын
– Гүлдей жайнасын
– Отбасымыз аман болсын
Тәрбиеші:
- Балалар мынау ненің дауысы
Балалар:
- Сауысқанның.
-Дұрыс, ол бізге бір хабар әкелгелі тұр. Орманда ертегілер кейіпкерлері ауырып қалған дейді.
Енді қайттік. Оларға көмек беру қажет. Ертегі кейіпкерлеріне көмек береміз бе?
Балалар:
- Иә,көмек береміз
Тәрбиеші:
- Дұрыс баруымыз керек,мына сиқырлы дәрі-дәрмек жәшігін ала кетейік.
Міне бәрі дайын болды,аттанайық
- Олай болса кеттік. Жолда көптеген кедергілер кездеседі, абайлап жүріңдер. Жолдағы ағаш бұтақтары бетімізді жырып кетпес үшін еңкейіп, белімізді бүгіп жүрейік, жолдағы тастан-тасқа секіріп, адымдап өтеміз, судағы көпірден құлап қалмас үшін абайлап өтейік.
-Жарайсыңдар. Міне, біз орманға да жеттік.Айнала қандай тамаша.Мына жерде үйшік тұр. Міне қызық. Бұл кімнің үйі болды екен.
-Қанекей, сиқырлы сөздер айтып, үйішікте кім тұратынын білейік.
Балалар:
- Үйшік-үйшік бізге қарай бұрылшы.
Үйшіктен мыстан кемлір шығады.
Мыстан кемпір:
- Бұл кімдер орманда жүрген. Мен еш нәрсе көріп тұрған жоқпын. Көзім көрмей нашарлап кетті. Соқыр болып қалатын болдым ғой.
Тәрбиеші:
- Әже сен көзіңді күте білесің бе?
Мыстан кемпір:
- Жоқ қайдан білейін, мен орманда тұрамын ғой.
Тәрбиеші:
- Ал біздің балалар көзді қалай күту керек екенін біледі.
- Балалар,көзімімізге қандай күтім керектігін әжеге айтып берейік.
Балалар:
- Көзді лас қолмен ұстауға ,сүртуге болмайды.
Жап-жарық шамға,күнге тікелей қарауға болмайды.
Жарық жеткіліксіз жерде оқуға болмайды.
Жұмыс үстінде үшкір заттармен көзді жараққаттап алмас үшін, абай болу керек.
Теледидарды жақын қарауға болмайды.
Көзді таза сумен жуған пайдалы.
Жақсы көру үшін көкөністер,жеміс-жидектер жеу керек.
Мыстан кемпір:
- Жақсы-жақсы бәрін ұқтым.Бірақ менің көзім әбден нашарлап кеткен.Енді қайтсем екен?
Тәрбиеші:
- Қазір сиқырлы қорапшамды қарайын, қандай ем бар екен?
Балалар әжеге түймедақ шөбін беріп, көзді шаю әдісін түсіндіреді. Көзіне көзілдірік кигізеді.
Мыстан кемпір:
- Ой,рахмет балалар. Көзім ашылды ғой.
Тәрбиеші:
- Әже,көздерің әлде де жақсы көру үшін балалармен бірге жаттығулар жасайық:
Көзді жұму-ашу.(бес рет)
Оңға қарау,жоғары,солға,төмен қарау.(керісінше)
Сағат тілі бойынша көзді айналдыра жүгірту.
Оң қолды алға созып саусақ ұшына қарап оны көз алдына әкелу, керісінше қолды орнына апару.
Бір минут терезеге (бір нүктеге) қарау.
Мыстан әже:
- Бәрекелді, сендер мені біраз нәрсеге үйреттіңдер. Көп-көп рахмет. Өркендерің
өссін, дендерің сау болсын.
Тәрбиеші:
- Әжеге көмек бердік,енді енді әрі қарай жүрейік.
Балалармен төмпешіктерден секіріп, кедргілер арасынан өту.
Қатты әуен дыбысы естіледі. Ағаш арасынан Қарақшы-Бұлбұл басын ұстап шығады.
Балалар:
- Саған не болды?
Бұлбұл-қарақшы:
- А,не дейсіңдер? Ештеңе естімей тұрмын? Басымда қатты ауырып барады. Балалар орамжапырақты басына басады.
Балалар:
- Сен қатты әуеннен басың ауырып, құлағың естімей қалған.
Бұлбұл-қарақшы:
- Жоқ мен сендерге сенбеймін. Мен музыканы қатты жақсы көремін.Бұл жерде музыканың қандай қатысы бар.
Балалар:
- Қатты әуеннен ми шаршайды,сондықтан бас ауырады .
Бұлбұл-қарқшы:
- Сонда маған не істеуге болады. Мен музыкасыз өмір сүре алмаймын.
Балалар:Табиғатты тыңдап көрші: орман дыбысы, құстар әні, Судың сыбдыры-бұл да тамаша әуен емес пе.Тек оны тыңдай білу керек. Бұндай әуеннен біз дем аламыз. Әуен өте қатты естілмеу керек, біреумен сөйлескен кезде де жәй сөйлесу қажет. Айқайдан, шудан бас ауырып шаршап кетеміз.
Балалармен бірге табиғат әуенін тыңдау.
Бұлбұл-қарақшы:
- Рахмет сендерге балалар. Мен енді табиғатты тыңдайтын боламын.
Тәрбиеші:
- Құлақты қалай күтуге болтынын балалар айтып берейікші.
Балалар:
- Құлақты қаламмен, шырпымен, т.с.с.үшкір, қатты затпен шұқуға болмайды.
Салқын күндері жылы бас киім киіп жүру қажет.
Құлағыңа бөгде зат түссе, үлкен адамға немесе дәрігерге көрсету керек.
Бұлбұл-қарақшы:
- Балалар сендерден көп ақыл-кеңестер алдым рахмет, дендерің сау болсын.
Балалар қарақшымен қоштасып ,әрі қарай жүреді.
Қимылды ойын: «Кім шап-шаң?» «Аралар»
Балалар әрі қарай жүреді. Алдарында апан көреді. Апаннан жөтелдің, түшкірген дауыстар естіледі.
Тәрбиеші:
- Бұл кім болды екен?
Ортаға аю жөтеліп,түшкіріп шығады.
Аю:
- Мен ауырып қалдым-ау деймін ,күні бойы осылай түшкіріп-жүтеліп жүремін.
Тәрбиеші мен балалар апан ішіне кіріп түшкіріп-жөтеліп шығады.
-Туу, не деген шаң, сен қашан соңғы рет апаныңды тазаладың? Сенің жөтелің салқыннан емес сен шаң-тозаңнан түшкіріп жүрсің!
Аю:
- Білмеймін, мен апанымды бес па, он ба жыл бұрын тазалаған шығармын. Есімде жоқ!
Тәрбиеші:
- Онда бәрі түсінікті. Балалар саған қалай таза, түшкірмей, ауырмай жүру керектігін түсіндіріп атып береді.
ДЕНСАУЛЫҚ - тазалықтан тұрады. Таза ауа, таза су. Ендеше тазалық туралы өлең-шумақтарын тыңдайық
1.Тазалықты іздесең; 2.Тазалықты іздесең
Желдетіп тұр бөлмені Шампунь,сүлгі керегі
Таза ауада шынықтыр Бірі жуып шашыңды
Шымыр болсын денені Бірі сүртіп береді


3.Тазалықты іздесең 4.Тазалықты іздесең
Айна, тарақ келеді Сабын көмек береді
Бірі тарап шашыңды Кірді жолтпай
Екіншісі көреді Кірді қуып жүреді.

5.Тазалықты іздесең 6.Тазалықты іздесең
Кір қоқысты баспа
Тіс пастастадан табасың Киіміңді өтектеп,
Тістеріңді шөткеге Жалқаулықты таста.
Тазалатып аласың
Тәрбиеші:
- Балалар әрқашанда қандай болып жүру керек?
Сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, шешіп көрелік

Ертемен күнде сен
Шомылған баланы
Қолыңа сүйкесең Аймалап алады
Сүртеді қолыңды
Кетіп кір ласың Сүртеді жоныңды.
Тап-таза боласың Бұл не? (Сүлгі)
Бұл не (Сабын)
-Балалар тыныс алу жолдарын күте білу керек
Тыныс алу жаттығуларын орындату.
Аю:
- Рахмет сендерге балалар,сендерден қалай ауырмай жүру керектігін үйрендім.
Сау болыңдар балалар!
Тәрбиеші:
- Ал, балалар енді өзіміздің тобымызға қайтатын кез болды.
Музыка әуенімен жүріп шеңберге тұру.
Тәрбиеші:
- Балалар біз қайда бардық? Не істедік? Кімдерге көмектестік?
(Балалардың жауаптарын тыңдау.)
Бүгін біз көптеген жақсы істер істедік. Сезім мүшелері:көз, құлақ, мұрынға дұрыс күтім жасай білуді үйрендік. Бүгінгі саяхатымыз сәтті өтті ме? Саяхатқа шыққан ұнады ма? ЖАРАЙСЫҢДАР!
Денсаулық туралы қарапайым ережелерді есте сақтаңдар
Менің соңымнан қайталаңдар
- Күніне кем дегенде 2-рет тіс жуу керек.
- Ұқыпты таза жүру керек .
- Әрдайым спортпен шұғылдану керек.
- Әрдайым жеміс-жидек,көкөністерді жуып жеу керек
Қорытындылау:
Сонымен балалар біздер бүгін не үйрендік?
Тазалықты сақтауды
1Денсаулықты сақтауды Жалқаулықты тыюды.
Табиғатты қорғауды
Үйренеміз әрдайым 2.Хош иісті сабынның
Көбігіне малынып
Қолымызды жуамыз
Барлық кірден арылып.
3.Сақтағаннан тазалықты
Тазалықты сақтасаң
Көкөністіжуып жеп,
Қайнаған су ішеміз
Ауырмайды ішіміз
Ауырмаймыз ешқашан!
САУ БОЛЫҢЫЗДАР ҚОНАҚТАР!



Ақтөбе қаласының білім бөлімі
№36 «Балақай» мектепке дейінгі ұйымы

ВАЛЕОЛОГИЯ
Тақырыбы: «СЕЗІМ МҮШЕЛЕРІН САҚТАЙЫҚ»

Өткізген: Аманшеева Б.Т.

Ақтөбе, 2014 жыл Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Сезім мүшелерін сақтайық можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 272 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar