Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ш.Айтматов. «Найман ана» («Ғасырдан да ұзақ күн» романынан үзінді) -

Ш.Айтматов. «Найман ана» («Ғасырдан да ұзақ күн» романынан үзінді)

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2633 | Размер: | Автор: гость
. Г.Утеуова,
№ 22 жалпы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі.
Түркістан қаласы.ОҚО
Cабақтың тақырыбы: Ш.Айтматов. «Найман ана» («Ғасырдан да ұзақ күн» романынан үзінді)

Сабақтың мақсаты: Ш.Айтматовтың өмірі, шығармашылығына
шолу жасата отырып, «Найман ана»
әңгімесінің сюжетін меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: Шығарманы талдай отырып, оқушының
танымдылығын арттыру.Жазушының идеясын түсіне білуге баулу, оқушыларды көркем шығармаға негіз болған оқиғаларды қазіргі таңмен байланыстыра талдауға дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Ана деген құдіретті тұлғаны өмір бойы қадірлеп өтуге,
қасірет, азап шекпеу үшін, елін қорғай білуге қазіргі жас ұрпақты тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Ш.Айтматовтың кітаптары.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі әдіс, сұрақ-жауап әдіс, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды 3 топқа бөлу, топ мүшелерін ережемен,сабақ
барысымен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылар берілген тапсырма бойынша постер қорғайды.
І топ. Ш.Айтматов өмірі .
ІІ топ. Ш.Айтматов шығармашылығы.
ІІІ топ. Ана туралы жазған ақын - жазушылардың шығармашылығымен салыстыру.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы - деп ақын Т.Айбергенов жырға қосқандай , анаға қандай теңеу арнасақ та артықтық етпейді. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын «Ана - өмір шуағы» деп алып отырмыз. Қазір 3 топқа үйге берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасаймыз.
І топ. «Ана мен мәңгүрт бала диалогы» (Сахналық көрініс)
ІІ топ. «Ана іс - әрекеті ерлікпен пара - пар» (Эссе жазу).
ІІІ топ. «Жауыздық адамзатқа тән ба?» немесе «Мәңгүрттіктен сақтан
ұрпақ!» (ой толғау)
Сөздікпен жұмыс. Осы сөздердің мағынасын ашу, постерде орындау.
І топ. Алагеуім сәт - елең-алаң, апақ-сапақ мезгіл.
Сидан - саяқ түйені жалғыз жүрген деген мағынада.
Зілмәуір - зіл батпан, ауыр.
Мәңгүрт - есінен ауысқан, ойлау қабілетінен айырылған адам.
ІІ топ. Келе - түйе тобы.
Баялыш - шөлді, құмды жерде тырбиып өсетін бозғыл түсті, тікенді өсімдік.
Кепеш – түйенің терісінен жасалған бас киім.
ІІІ топ. Сықпыт- нышаны , ұсқыны, түрі, кескіні.
Тұл атты - қадірлі адам өлгенде шаңырақта қара ту байлап, жылына арналған
сойыс атты немесе мінген атын күзеп, қара жамылатын дәстүр.
Ақ інген - қос өркешті ұрғашы түйе.
Барақ түйе- жүні ұзын түйе.
ІV. Сабақты қорытындылау кезінде 3- топқа тапсырмалар берілді.
І топ. Зорлық, зомбылық, мәжбүрлік сөздерінің мағынасына мысалдар келтіру.
ІІ топ. «Ана туралы аңыз» әнін домбырамен айту .
ІІІ топ. Өлең шығару (Оқушы шығармашылығы).
Ү.Бағалау. Сабақ барысында 3- топтың жинаған смайликтерін санап жеңімпаз топты анықтау. Топта белсенді, достарына көмек көрсеткен көшбасшы оқушыларды марапаттау. Әр топтың топбасшылары бағалау парағы бойынша топ мүшелерін бағалайды.
Кері байланыс: Бүгінгі сабақ несімен ұнады? Қандай әсер алдыңдар?
Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек»
Үйге тапсырма: «Ана-өмір шуағы» тақырыбында шығарма жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.