Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ш. Смаханұлы. Тәкаппар -

Ш. Смаханұлы. Тәкаппар

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1623 | Размер: | Автор: гость
. Кожагулова Кулжан Мухажановна,
№162 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Алматы облысы, Алматы каласы
Сабақтың мақсаты: Ш. Смаханұлы. Тәкаппар

Алматы қаласы С. Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі. Алматы Мемлекеттік Университетінің 1993 жылғы түлегі. Педагогикалық еңбек өтілі 22 жыл Өмірін жасөспірім балғын балаларға арнаған білікті, білімді жаңа технологияны меңгерген жоғары деңгейлі жоғары санатты мұғалім. Танымал педагогтардың еңбектерімен, іс- тәжірибесімен танысып ,өз білімін үнемі көтеріп кәсіби деңгейін және оқушылардың білім сапасын арттыру жолдарын жетілдіруде еңбектеніп жүреді.Оқушылары жылма –жыл білім байқауларында, пәндік олимпиадаларда, конкурстар мен сайыстарда, халықаралық «Ақбота », «Кенгуру» «Золотое руно» интеллектуалды марафондарына қатысып ,оқушыларды зерттеу жұмыстарымен айналысуына ықпал етіп, бастауыш сыныптар арасындағы ғылыми жоба байқауына қатыстырып ,үнемі жүлделі орынға ие болып жүр. Осындай еңбектері жоғары бағаланып ,Қалалық, аудандық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды. «Үздік кабинет » байқауының жеңімпазы. 1-4 сыныптарға арналған « Грамматика сыры» бейімделген бағдарламасының авторы.

Сабақтың мақсаты: а/ . Мысалды оқыта отырып оқушыларды жаман әдеттерден сақтануға үйрету.
ә/ Сөздік қорын, ой-өрісін, дүниетану көзқарасын дамыту.
б/ . Жағымпаз әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: диалогтык оқыту, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары , АКТ,
Оқу нәтижесі: Мысалды түсініп, мәнерлеп оқиды. Ондағы негізгі ойды анықтай алады.
Түйінді идеялар: Мақтаншақтық – жаман қасиет

Көрнекіліктер: Суреттер, үлестірмелі материалдар, слайдтар.
Формативті бағалау түрі: мұғалім мен топ басшысының бағалауы
Бағдаршамның түстері бойынша дайындалған дөңгелектермен бағаланады.
жасыл «өте жақсы» сары «жақсы» қызыл «орташа»

Уақыты Жұмыстың түрі Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
2 мин Сыныпты ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой.
Бес асыл іс көнсеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Бес дұшпанын білсеңіз Оқушылар
өлеңдегі
жағымсыз әрекеттерді талдайды.

10 мин

3 мин

3 мин

2 мин

3 мин

6 мин

3 мин

1 мин


Үй жұмысын сұрау

топтық жұмыс

Жаңа сабақ
а/ қызығушылықты ояту.

Сөздік жұмысы

Оқыту

Мәтінмен жұмыс

Сергіту сәті


а) «Даңғой» рөлмен ойнау
ә) Сызбаны талдау жұмысы
Мысалда берілген сөздер Мағынасы
Даңғой Мақтаншақ
Даңғойланды Мақтанды
Алып, нән болам Үлкен болам
Қалтарыста Таса жерде
Дәнеңе Керекке, қажетке

Б) Үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы пысықтау
1. Қиярдың қандай әрекеті суреттелген?
2. Қияр қандай күйге ұшырады?
3. Осы мысалды оқу арқылы қандай әрекеттерден аулақ болуды үйрендің?

а) «Такаппар». Автор туралы қысқаша мәлімет.
Ақын Сықақшы
Жамбыл «Шимайбек пен
облысы Шыңқетпе»
Талас «Жүз шымшыма,
ауданы қырық қышыма»
1924 жыл – 1988 жыл
Жұмбақ шешу:
Суда өседі, өнеді,
Судан шықса өледі.
(балық)
Жұмбақтың шешуі арқылы бүгінгі өтілетін материалдың мақсаты хабарланады.
Тәкаппар – өркөкірек – мақтаншақ
Сұрақ – жауап:
-Балықтар қай жерде тіршілік етеді?
Олардың қандай пайдасы бар?
Мысалды түсіндірмелі әңгімелеу.
Оқушыларға оқыту.
Рөлмен оқыту.
Мысалды талдау
Оқиға желісіне орай мысалды бөліктерге бөлу
а) Балықтың мақтануы
ә) Балықтың құрлыққа тап болуы
б) Балықтың өкінуі
в) Қорытынды сөз

Қызыл балық, ақ балық
Сансыз балық, сақ балық
Бізді аңқау деп ойлайды.

Рөлмен ойнайды.

Тапсырманы талдайды.

Топтастыру жасайды.

Жұмбақтың шешуін табады.

Сөзерді талдайды,

Рөлмен оқиды.

Мәтінді талдайды.

Топпен жұмыс жүргізеді.

Пікірлерін ортаға салады.

Ой түйіндейді.

Өзін-өзі бағалау

4 мин

3 мин

2 мин

2мин

1мин Топпен жұмыс

Сызбамен жұмыс

Сабақты қорытындылау

Бағалау

Үйге тапсырма 1-топ 2-топ 3-топ
Оқушылардың топтық жұмысы тыңдалады.
І, ІІ топ тапсырмасы
Балық туралы білетініңді жаз
Балықтар – суда тіршілік ететін жануарлар. Балықтар желбезек арқылы демалады. Олардың түрлері көп. Олар уылдырық шашу арқылы көбейеді. Балықтың етінде дәрумендер көп, майын емге пайдаланады. Балықтарды қорғау керек.
ІІІ, ІҮ топ тапсырмасы
Өзің білетін балықтардың атын жаз:
Сазан, табан, шортан, жылан балық, ақ балық, кит, акула, дельфин.

1. Сусыз өмір сүргісі келген балықтың жағдайы қалай болды? Неліктен?

Е.Ерботин
«Даңғой» Ұқсастығы

Ш.Смаханұлы
«Тәкаппар»

Осы мысалдарды оқи отырып, өзіңе қандай сабақ алдың?
«Ақылды мақтанса іс тындырар
Ақымақ мақтанса тіс сындырар»
Мақалдың мағынасын талдау.
Мақал мағынасын түсіндіре отырып, қорытынды оймен түйіндеу.
«Тыңдамап еді ешкімді
Қателігін кеш білді.»

Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау, бағалау.

Мысалды мәнерлеп оқу

Мұғалімі: Кожагулова Кулжан
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.