Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі. 748•634 және 474232:634 2 сағат -

Үш таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі. 748•634 және 474232:634 2 сағат

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 7139 | Размер: | Автор: гость
. Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы Үш таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмі. 748•634 және 474232:634 2 сағат
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор
Сабақтың жабдығы суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндірі, Тақырыпқа байланысты берілген тапсырмаларды орындату. Математикалық сауаттылыққа тәрбиелеу. Білім,білік дағдыларын жетілдіру.
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топқа бөлу Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
Ынтымақтастық атмосферасы Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау:
Көбейту кестесін еске түсіру
6. Дүкенде екі күнде 80 жейде сатылды. Сатылған жейделерден бірінші күні 24000 теңге
ал екінші күні 14400 теңге түсті. Әр күні неше жейде сатылған?
1–күні – 24000 тг
80 жейде
2–күні – 14400 тг
Әр күні неше жейде сатылды?
1) (24000+14400) :80=480 (тг) – 1 жейденің бағасы
2) 24000:480=50 (ж.) – 1–күні
3) 14400:480=30 (ж.) – 2–күні
Ж:
8. Бөлменің ұзындығы 6 м, ені 4 м. Егер 1 м жерге 300 г сыр жұмсалатын болса, осы
бөлменің еденін сырлау үшін қанша сыр қажет?
Берілді: бөлме
а=6 м
в=4 м
Жұмсалды – 1 м жерге 300 г сыр
Қажет – неше кг сыр
(6×4)×300=24×300=7200 (г) – сыр
7200 г= 7кг 200 г
Ж. Оқушылар ауызша орындайды
Жаңа сабақ: 1. Үш таңбалы санға көбейту тәсілін талда және түсініп ал:
748 Екінші көбейткіш неше таңбалы сан? Неше толымсыз көбейтіндінің
х 634 мәнін табу керек? Әр толымсыз көбейтіндінің мәні қандай ретпен
2992 жазылған?
+ 2244 748-ді 4 бірлікке көбейтсек, онда....
4488 748 –ді 3 ондыққа көбейтсек, онда ...
474232 748-ді 6 жүздікке көбейтсек, онда...
2. а) 748 х 634 = 474232 екендігі белгілі. Көбейтуді бөлу амалымен тексер.
Сондай бөлінділерді жаз.
ә) Мысалдың шығару жолын талда және түсініп ал:
Бірінші толымсыз бөлінгіш қай разрядтың бірлігін көрсетеді? Бөліндінің мәні неше таңбалы сан болуы керек? Неліктен?
Неше толымсыз бөлінгіш құруға болады? Әр толымсыз
бөлінгішті 634-ке қалай бөлдің? Бөлінді мәнінің байқау цифры қай толымсыз бөлінгішті бөлгенде өзгертуге тура келді?
Сергіту сәті: «Қолымда не бар?
Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке , үлкен-кіші, оң-сол жайлы білімдерін бекіту. Түйсіну сезімдерін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: ұсақ тастар, жаңғақтар.
Ойынның мазмұны: Баланың қолына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату. Мысалы, үлкен және кіші тастар. Бала қолына қарамастан, сипап-сезу арқылы үлкен-кіші заттың оң және сол қолында екенін анықтайды. Қалған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке, ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі.
Ой толғаныс: 3. Көбейтуді орында және бөлу арқылы тексер:
639 х 356=227484
227484:356=639 баған түрінде орындау
548 х 237 496 х 318 935 х 327
4. Санды 256-ға қалдықпен бөлгенде шыққан нәтижелер бойынша бөлінгішті тап:
а) бөліндінің мәні 24, ал қалдық 137;
ә) бөліндінің мәні 348, ал қалдық 247;
б) бөліндінің мәні 20, ал қалдық 255;
в) бөліндінің мәні 486, ал қалдық 2.

256×24+137=6281
256×348+247=89335
256×20+255=5375
256×486+2=124418
Топтық жұмыс: 5. Есепті әр түрлі тәсілмен шығар.
Арасы 17 км екі ауылдан бір мезгілде екі шаңғышы бір-бірінен қарама-қарсы бағытта
шықты да, біраз уақыттан соң аялдады. Аялдаған кезде шаңғышылардың бір-бірінен
ара қашықтығы 110 км болды. Бірінші шаңғышының жылдамдығы 14 км/сағ, ал
екіншісінікі 17 км/сағ. Шаңғышылар аялдағанға дейін неше сағат жолда болды?
Бір-бірінен қарама-қарсы бағыт
Бастапқы қашықтық – 17 км
Кейінгі қашықтық – 110 км
1–шаңғышы жылд. – 14 км/сағ.
2–шаңғышы жылд. – 17 км/сағ.
Шаңғышылар аялдағанға дейін неше сағат жолда болды?
(110–17) : (14+17)=93:31=3 (сағ.)
Ж:

6. Шартын толықтырып алып, есепті шығар.
Әр сиырға 52 центнерден, ал әр жылқыға 48 центнерден, барлығы х ц шөп
Дайындалды. Шаруа қожалығында х сиыр бар. Жылқы нешеу?

8. 896 : 224 Ұқсастығы неде?
620 : 306 Айырмашылығы неде?
9. Ұзындығы 12 м, ені 8 м бөлменің еденіне төсеу үшін ауданы 4 дм неше плита керек?
Сабақты бекіту Бүгінгі сабақта біз не істедік? Саған қайсы тапсырма қиын болды?
Үй тапсырмасы Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. Бағалау парақшасын толтырады
Кері байланыс
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.