Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу. -

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1865 | Размер: | Автор: гость
. Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Аққұм бекеті
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Әбдиева Қалия

Сыныбы: 4 (төртінші)
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлуге оқушыларды машықтандыру. Берілген тапсырмаларды орындату арқылы жаңа сабақты меңгерту.
Тәрбиелік мақсаты: Сабақ барысында көрнекіліктерді пайдалана отырып, ұлттық салт-дәстүрді сақтай білуге, еңбекті сүюге, жалқаулықтан боййларын аулақ ұстауға, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білімін алуға қызығушылығын арттыру, ойындар арқылы шапшаңдығын қалыптастыру, есептеулер арқылы ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Танымдық ойын сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сайыстық ойындар (жұптық, топтық).
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, мектеп макеті, плакат.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Пәнге бағыттау
Ә) Оқу құралдарын даярлау
Б) Мақал-мәтелдер айту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 6-тапсырма:
Жүздіктері, ондықтары және бірліктері 3-ке бөлінетін сандарды бір
қатарға, ал жүздіктерін, ондықтарын және бірліктерін 3-ке бөлгенде қалдық қалатын сандарды екінші қатарға теріп жаз: 578, 630, 603, 306, 875, 758, 600.
ІІІ. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру. Қызығушылықты ояту.
Үш таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау: 123, 456, 807, 716, 901, 315.
ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту:
326*3 және 978:3 жағдайларындағы жазбаша көбейту және бөлуді оқулықты басшылыққа ала отырып түсіндіру. 326 санының бірліктерін, ондықтарын және жүздіктерін атау. Олардың әрқайсысын 3-ке көбейтіп, толымсыз көбейтінділердің мәндерін табу.
6 бірл. * 3 = 18
18 бірл. = 1онд. 8 бірл.
2 онд * 3 = 6 онд.
3 жүзд. * 3 = 9 жүзд.
Сонда 9 жүзд. 7 онд. 8 бірл. Шықты, яғни 326*3=978. Жауабы: 978.
978 санының разрядтық құрамын анықтау. Неше толымсыз бөлінгіш шығатынын анықтау арқылы, олардың әрқайсысын 3-ке бөлу, сәйкес бөлінділердің мәндерін табу. Бөліндінің мәні үш таңбалы сан болады.
9 жүзд. : 3 = 3 жүзд.
7 онд. : 3 = 2 онд. (қалд. 1 онд.)
1 онд. 8 бірл. : 3 = 6 бірл.
Сонда 3 жүзд. 2 онд. 6 бірл. Шықты, яғни 978:3=326. Жауабы: 326.
Тапсырманы түсіндіре отырып ойын ойнату. Қыз қуу ойыны бойынша көбейтулер мен бөлулерді орындату және тексерту.
852:4, 437*2, 876:4, 128*3.
2-тапсырма: Сыныпты үш топқа бөлу. Бәйге ойыны бойынша берілген тапсырманы орындату. Қай топ дұрыс әрі тез есептей білсе, сол топ жеңімпаз атанады.
(42+18)*6=36 (28+28):7=8 (17+25):3=126
3-тапсырма: Берілген есепке теңдеу құру.
х*5=50
х=50:5
х=10
10*5=50
50=50
Ү. Сергіту сәті: Еңбек.
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты еңбек.
Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
ҮІ. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
Кубизм әдісі негізінде «Асық» ойынын орындату. Жаңа сабақты қалай меңгергендігін тексеру.
4-тапсырма. Көктемгі көгалдандыру жұмыстарына орай мектеп ауласына көшеттер отырғызу. Кім есепті дұрыс есептесе, сол оқушы өз білімі арқылы бір көшет отырғызады.
420:2+100:5=230 109*2-99:9=207 480:4=4
164:4-84:4=20 369:3+16*4=187 75:5=15
ҮІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс. «Кім жылдам?» ойыны арқылы білімдерін пысықтау.
400*2, 200*3, 600:3, 800:4, 80*2.
8. Оқушыларды бағалау.
9. Үйге тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.