Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шаңырақ жарастығы -

Шаңырақ жарастығы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1191 | Размер: | Автор: гость
. Аудандық семинар
Түлкібас ауданы, Керейт ауылы
О.Ағыбайұлы атындағы жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдина Қалжан
Сыныбы-з
Пәні: Өзін өзі тану

Тақырыбы: Шаңырақ жарастығы
Сабақтың мақсаты:
1. Шаңырақ мүшелері, олардың қарым-қатынастары туралы мағлұмат беру.
2. Отбасы құндылықтары туралы түсінік беру.
3. Оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Сабақтың барысы:
1. Шаттық шеңбері
2. Жұмыс топтарын құру
Ойын
3. Үй тапсырмасын қайталау ойын «Жасырын сөздер»
4. Жаңа сабақ
Шаңырақ жарастығы (киіз үйдің суретін қою)
А) «Мен қазақ баласымын» (түгел жазу өлеңді екі топқа оқыту)
Ә) «Сүйіспеншілік» әңгімесі
Б) «Көмек» өлеңі
5. Бекіту
Дәптермен жұмыс
6. Пысықтау
Ойын «Шаңырақ жарастығы»
7. Қортыныды
Жүректен жүрекке «Балалы үй базар» өлеңі
8. Үй тапсрымасы «Мен қазақ баласымын» өлеңін жаттау.
9. Оқушылар жауабын саралау.
1. Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушыларды түгелдеу
Ә) сабақтың ерекшелігімен таныстыру
Б) «Шаттық шеңбері» (бір-біріне жылы лебіз айту)
Ойын: «Құрастырғыш»
1. Өткен сабақты қайталау
Ойын «Жасырын сөздер»
Сұрақтарға жауап беріп жаңа тақырыпты әріптерден құрау.

Сұрақтарды екі топқа бөлу.
1. Өткен тақырып қалай аталады?
2. Аялау деген сөзді қалай түсінесің?
3. Сендерді кімдер аялайды?
4. «Жанашыр» әңгімесіндегі басты кейіпкер кім?
5. Ол кімге жанашыр болды?
6. Ақбөпе қайда тұрады екен?
7. Ақбөпе қандай қыз?
8. Ақбөпе Дастанды қалай танып біледі?

1. Дастан өскенде кім болам деді?
2. Ақбөпе кім болуды армандайды?
3. Ақбөпенің достары оны қалай қарсы алды?
4. Дастан үйіне қандай көңілмен қайтты?
5. Дастан қандай қасиетін танытты? (аяушылық, адамгершілік)
6. Өткен сабақта қандай нақыл сөз үйрендік?
7. Өзіңді де, өзгені де аяла дегенді қалай түсінесіңдер?
8. Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

Сергіту сәті
Қандай сөздер шықты?
1. Жаңа сабақ (жасырын сөз бүгінгі сабақ тақырыбы)
2. Мақсатын айту.
Шаңырақ деген не?
Киіз үй тағы қандай бөліктерден тұрады?
Киіз үйде кімдер тұрған?
Біз кімбіз? (қазақпыз)
Олай болса Е.Өтетілеуовтың «Мен қазақ баласымын» атты өлеңін оқимыз.
Бір шаңырақта кімдер тұрады?
Шаңырақта жарасымдық болу үшін отбасы мүшелері қалай тұру керек?
- Еліміздің қай рәмізінде шаңырақ бейнеленген?
- Елтаңбадағы шаңырақ ненің белгісі? (Қазақстан халқы бір шаңырақ астында тұрады)
- Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
- Басқа ұлт өкілдерімен біз қандай қарым-қатынастамыз?
- Біздің аулыда, біздің сыныпта қандай ұлт өкілдері бар?
- Шаңырақ шайқалмасын дегенді қалай түсінеміз?
Осыған орай А.Асылбековтың «Сүйіспеншілік бар жерде байлық пен сәттілік бар» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сергіту сәті.
Өлең оқу.
Отбасымызда сүйіспеншілік болу үшін біз – бір-бірімізге көмектесуіміз керек.
Е.Ашықболовтың «Көмек» өлеңімен таныс болайық.
Отбасымыздағы көмектерің туралы айтып беріңдер.

4. Дәптермен жұмыс
А) Әр апта күнін мереке етіп жазу.
Ә) Жазбаларды оқу.
5. Қорытынды
Ойын «Шаңырақ жарастығы» шаңырақ пен керегелерді тұтастырып, шаңырақты шайқалмастай етіп тұратын киіз үй бөлігі қалай аталады? (уық)
Шаңырағымыз мықты болу үшін уықтарды жақсы сөздерден құрайық.
(кеспе сөздерді бекіту)
Сүйіспеншілік
Жарастық
Мейірімділік
Сыйластық
Адамгершілік
Еңбекқорлық
Кішіпейілділік
Бейбітшілік
Достық
Кешірімділік
Әдептілік
Мақтаншақтық
Өтірікшілдік
Көреалмаушылық
Жанашырлық
Жалқаулық
Әдепсіздік
6. Жүректен жүрекке
Әртопбасшысы 1 шумақ өлең оқиды. (Н.Әлімқұлов «Балалы үй базар»)
Соңғы шумақты бәрі қосылып айтады.
Бүгінгі шаңырағымыға келген қонақтарға қонақ кәде ұсынайық (түрлі түсті қағаздарға тілек жазып беру)
Қоштасу.
Слайд түрінде өтілген семинар сабағы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.