Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шаршы (квадрат) -

Шаршы (квадрат)

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1186 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Шаршы (квадрат)
Мақсаты:
1. Шаршының мәнді белгілерін,яғни ең жақын тегін және түрлік ерекшелігін анықтайды және ажыратады. Ондықтан аттап кестелік қосуға және азайтуға қатысты білімдерін бекітеді.
2. Ой-өрісін дамыту.
3. Шапшаңдыққа, жүйрік, әділ болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Шаршы және оның мәнді белгілерін біледі.
Қолданатын ресурстар: АКТ, тірек-схемалар, геометриялық фигуралар.
Қолданатын әдістер: топтық жұмыс, сто.
Сабақтың барысы: Психологиялық жағымды ахуал.
Шаттық шеңберін құру.
1. Топқа бөлу.
1-топ: Тіктөртбұрыш. □
2-топ: Шаршы. □
3-топ: Шеңбер. Ο
4-топ: Үшбұрыш. Δ
- Балалар мына жерде әртүрлі геометриялық фигуралар жатыр. Қазір сіздер өз жүрек қалауларыңыз, ішкі дауыстарыңыздың ақыл беру арқылы бір фигуралар бойынша орналасамыз.
Топтың ережесімен таныстыру.
1. Тыныштық сақтау.
2. Бірін – бірі тыңдау.
3. Қол соғу.
4. Ойын ашық айту.
5. Тапсырманы дұрыс орындау.
6. Әділ болу.
Сыныптағы ережені сақтайық.

2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Бәйге» ойыны.
1. Тіктөртбұрыштың қасиеті. (қарама-қарсы қабырғалары тең)
2. 1 ғасырда неше жыл. (100жыл)
3. 2 жағы тұйықталған сызық. (кесінді)
4. Ең үлкен екі таңбалы сан. (99)
5. Ең үлкен бір таңбалы сан. (9)
6. Теңдеу деген не. (белгісіз санды табу)
7. Логикалық есеп. Бақдәулет з стакан судың 1 стаканын ішіп қойды. Неше стакан қалды?
3.Жаңа сабақ.
- Балалар қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? Ерекшелігіне тоқталып өту.
- Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрышты атаңдар?
- Сызғыштың көмегімен тексеріңдер.
- Геометриялық фигураның атауы «Шаршы» енгізіледі. 1 қабырғасын өлшеу арқылы анықтайық.
- Барлық қабырғасы тең болады.
- Дәптерге сыздыру.
- Сергіту сәті. (демалыс аялдамасы) АКТ-жұмыс.
- Оқулықпен жұмыс. «Ынтымақсыз іс бітпес»! 4 тапсырманы 4 топқа бөліп орындату.
1-есеп.
Қыз бала – 20
Ұл бала – 10 -?
Келгені – 4

2-есеп.
Барлығы – 48 кітап
Т.д – 20 кітап түктеді
Т.д – 10 кітап
Қалғаны?
3-тапсырма. Ауызша орындалады
Қосылғыштардың орны ауысқаннан қосындының мәні өзгермейді деген қорытындыға келеді. Қосудың ауыстыру қасиеті.
50+10+20=80 20+10+50=80
50+20+10=80 20+50+10=80
4-тапсырма.
7+6=13 13-7=6 9+5=14 14-9=5
5+8=13 13-5=8 6+8=14 14-8=6
9+4=13 13-4=9 7+7=14 14-7=7
Топпен жұмыс.
1. Шеңберден не құрауға болады?
2. Шаршыдан не құрауға болады?
3. Тіктөртбұрыштан не жасауға болады?
4. Үшбұрыштан не жасауға болады?
2-тапсырма: Кел, ойнайық ойын: «Сөз құрастыр ойынын ойнаймыз» санды өсу ретімен орында.
9+5=Р
8+8=Ш
7+8=А
7+6=Ш
6+6=Ы
- Шаршы деген не? (барлық қабырғалары бірдей болады.)
- Ең жақын тегі. (тіктөртбұрыш)
- Түрлік ерекшелігі. (4 бұрышы бар)
- 1 қабырғасын өлшеу арқылы анықтаймыз.
Ойын: «Ойлан, тап!». Топпен жұмыс. Әртүрлі геометриялық фигуралардың көмегімен (поезд, машина, ұшақ, т.б заттар) құрастыру ұсынылады.
Ойын: «Көкөніс жеміс жина».
2+4=6 6+6=12
2+8=10 13-6=7
3+6=9 14-8=6
4+7=11 15-9=6
Шаршыларды сана.
1-топ 2-топ 3-топ 4-топ


Ертегі есеп: «Қасқыр мен түлкі»
Қасқыр тақ сан: 1+3+5+7+9=25
Түлкі жұп сан: 2+4+6+8+10=30
«Кане кімнің ойы жүйрік» деген ойын ойнаймыз.Мұнда логикалық сұрақтарға жауап береміз.Жауап беруге дайынбыз ба?
1. Тышқан аулағышты басқаша қалай атауға болады? (мысық)
2. 50 саусақ көріну үшін қанша баланың қолы көріну керек?
3. Үстелдің 4 бұрышы,бір бұрышын кесіп тастасақ қанша бұрышы қалады?
4. Үргенде не жеңіл?
5. Енді 10жылдан соң тақта қандай болады деп ойлайсыңдар?
6. 1кг темір мен 1кг мақтаның қайсысы ауыр?
7. 4жұмыртқа 4 минутта піседі 1жұмыртқа неше минутта піседі?
8. 1сағ 25мин неше минут бар?
9. 1тәулік 20сағ қанша сағат бар?
10. 1жыл 4айда неше ай бар?
11. 1апта 5күнде неше күн бар?
12. 4дм 8смде неше см бар?
13. Неше үшбұрыш бар?

14. Шаршының қандай қасиеті бар? (түрлік)
15. Шаршының ең жақын тегі? (тіктөртбұрыш)
Рефлексия. Кері байланыс.
- Балалар алма парақшасын алайық.
- Сабақ бүгін сендерге несімен ұнайды?
- Нені білдік?
- Алма ағашына ілу.
Бағалау, 2 жұлдыз 1 тілек.
Салют атып жіберейік деп сабақты аяқтау.
Үйге тапсырма 6-мысал беріледі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.