Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шаршы салу -

Шаршы салу

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1120 | Размер: | Автор: гость
. Математика
Сабақтың тақырыбы: Шаршы салу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Алгоритмді пайдаланып шаршы салуға, периметрін табуға, кестелік қосу мен азайтуға үйрену.
Дамытушылығы: Ауызша есептеу дағдыларын, өз ойларын толық жеткізу айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Ұлы Отан соғысы батырларын еске ала отырып, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, сызғыш, қарандаш.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
-Бүгін біздің сабағымыз ерекше сабақ. Мен сіздерді болашақта Отанын қорғайтын азамат пен азаматшалар деп ортаға шақырғалы отырмын.
Оқушылар сапқа турады.
Топ басшысы: Сап, түзел! Тік тұр!
1,2,3 ке санал!
1-шілер 1адым алға!
2-шілер 2 адым алға!
3- шілер 1адым алға!
Гүлбаршын Жолдасқызы, біз математика сабағына әзірміз!
-Ендеше балалар 1-топ «Ұландар», 2-топ «Қырандар», 3-топ «Сұңқарлар» орындарыңа жайғаса қойыңдар.
2. Психологиялық дайындық.
Аялап туған ел,
Даңқымыз шырқады.
Атандық жас ұлан
Бабалар ұрпағы.
Қырандай түлеттің
Асқақтап самғаймыз.
Алғысын жүректің
Өзіңе арнаймыз.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
№6 мысал.
Бірліктерін қосқанда 12 ал ондықтарын қосқанда 1 таңбалы сан шығатын екі таңбалы екі санның қосындымын жаз. Қосуды азайтумен тексер.Олардың мәндерін тап.(ауызша тексеріледі)
36+46=82 82-46=36
47+25=72 72-47=25
17+73=92 92-19=73
4. Өтілген сабақты қорытындылау.
-Балалар, сендер болашақта Отанды қорғайтын, оны гүлдендіретін азамат пен азаматшаларсыңдар.
-Алдымызда қандай ұлы мереке келе жатыр?
-Ұлы отан соғысының 70-жылдығы.
-Соғыс қай жылы басталды?
-1941 жылы.
-Қай жылы аяқталған еді?
-1945 жылы 9-мамыр.
-Осы Ұлы Отан соғысына қатысып өз өмірлерін қиған қандай батырларды білеміз?
-М.Маметова,Ә.Молдагулова,Т.Тоқтаров,Б.Момышұлы,Б.Нысанбаев, Т.Бигелдинов, Қ.Смагулов.
-Осы батырларымызды ұмытпай ол кісілердің рухына басымызды иеміз. Ол кездегі қазіргідей телефон жоқ. Бір-біріне, еліне хат жазған. Ол хат ∆ болған.
-Ендеше ұшбұрыштың неше төбесі, неше бұрышы, неше қабырғасы бар? Оның периметрін қалай табамыз?
-Ал Ұлы Отан соғысы кезінде соғысқа аттанған ағаларымызға жақсы көретін қыздары, апалары, аман-есен оралсын деп кестелі сыйлаған.
-Мен сендерге орамал бергелі отырмын. Сол орамалдардың қабырғаларын өлшейік.
-Барлы қабырғаларының ұзындықтары бірдей.
-Ендеше бұл шаршы, шаршының барлық қабырғалары бірдей болады. Периметрі-?
Олай болса, Бүгінгі жаңа сабағымыз «Шаршы салу»
-Оқулығымызды ашып, 2-мысалды қараймыз. Сызғыш, қарандашымызды алып, алгоритм бойынша қабырғасы 3см шаршы саламыз.
1. 3см кесінді өлшеп саламыз.
2. Төбелері кесінді ұштары болатын бұрыш саламыз.
3. Әр сәуледен 3см кесінді өлшейміз.
Р=3см+3см+3см+3см=12см
-Сонымен шаршы қалай салынады екен?
-Қабырғалары бірдей болады, оның периметрін табу үшін қабырғаларын қосамыз екен.
Оқулықпен жұмыс. (Топтық жұмыс)
1-топ «Ұландар» №3 есеп
2-топ «Қырандар» №4мысал
3-топ «Сұңқарлар» №5(а)мысал
№4 мысал
39+а а=61,0
39+61=100 39+а=39
a<39 a=100, 39
100-39=61 39-39=0
№5 1см 0дм 0см
3дм 9см
6дм 1см
Әр топ шығарған есептерін 2топқа тексертуге беріледі. Дұрыс болса жазып аламыз.
Танграм ойыны (сергіту)
Танграм- геометриялыққұрастырғыштар
-Аңызды айта кету.
-Қытайдың егде тартқан императорының көптен күткен ұлы, мұрагері дүниеге келіпті. Жылдар өтіп жатады. Бала өте зерек болып өседі. Алайда үлкен елдің болашақ әміршісі оқығысы келмейді. Содан император өзінне 3ақылгөйді математик математик, суретші, философты шақырады да ермек еткенде ұлына математика бастамасын ұғындыратын, қоршаған әлемге суретші көзімен үңіле қарауды үйрететін нағыз философ сияқты шыдамды болғызатынын ойлап табуды тапсырады. «Танграм» үш ақылгөйдің ойлап тапқан ойыны.
Оқушыларға қағаздан фигуралар ұсынады.
5-мысал .
3 оқушы тақтаға орындайды.
Өтілген сабақты қорытындылау.
«Кел ойнайық, Сөз құрастыр»
74-44=30 →Ұ 65-5=60→Л 13-6=7 Ы 100-10=90Ж 18+2=20Е
24+26=50Ң 80-7=73І 9+9=18С 70-5=65К 42+17=59Е
27+13=40 70 46-24=22Ж 68+32=100Ы 64-36=28Л

30 60 7 90 20 50 73 18 65 59 40 22 100 28
Ұ Л Ы Ж Е Ң І С К Е 70 Ж Ы Л
Қандай сөз шықты?
Ия, балалар, ата-апаларымыз біз үшін құрбан болған ұлы адамдарды еске ала отырып, олардың рухына тағзым ете отырып бүгін Ұлы Жеңістің 70-жылдығы құтты болсын деп сабағымызды аяқтаймыз.
Үйге тапсырма. №6 мысал.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.