Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Үшбұрыштардың ұқсастығы -

Үшбұрыштардың ұқсастығы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1760 | Размер: | Автор: гость
. ОҚО, Шымкент қаласы,
Техникалық лицейі,
математика пәнінің мұғалімі
Мусабекова Рабиха Узенбаевна
Сыныбы: 9
Пәні: геометрия

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштардың ұқсастығы

Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, жаңа білім беру, қызығушылығын ояту. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін түсіндіру, оларды есеп шығаруда пайдалана білуге үйрету.
Оқушылар белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу;
Батылдыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, таратпа қағаздар, кесте, слайдтар.

Сабақтың әдісі: салыстыру әдісін қолдана отырып жаңа білімді өздігінен меңгеру, сұрақ-жауап, өздігінен ізденіс.

Сабақтың өту жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ барысымен таныстыру.

Балалар бүгін сабағымызды біз екі топтың жарысы түрінде ұйымдастырамыз
Алдын ала екі топқа бөлінген

Сабақ барысы
• Ұйымдастыру кезеңі
• Тренинг
• Үйге берілген тапсырманы қайталау
• Жаңа сабақты өздігінен меңгеру/ екі топ болып постер құру, қорғау/
• Жаңа сабақты бекіту/ сұрақтарға жауап беру/
• Кесте толтыру
• Сергіту сәті
• Диктант
• Есептер шығару
• Сабақты бағалау
• Қорытынды
• Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг/ өз бойыңдағы 5 жақсы қасиетті айту/
Абай атамыздың 5 асыл ісін еске түсіру /талап,еңбек,терең ой, қанағат,рақым ойлап қой ,бес асыл іс көнсеңіз/
/ адамгершілік,мейірімділік, кешірімділік, адалдық,сыпайылық /

• Жаңа сабақты өздігінен меңгеруге бағыттау
• Үйге 7 сыныпта өткен үшбұрыштар теңдігінің белгілерін қайталау берілген.
1.Оқулықты ашып үшбұрыштардың ұқсастығы деген ұғымды ажыратып алайық ;/ үшбұрыштар ұқсас болса,онда бұл үшбұрыштардың сәйкес бұрыштары өзара тең және сәйкес қабырғалары пропорционал/
2.математика тіліне аударып жазайық;
∆АВС ∆А 1В 1С1
 А= А 1,  В= В 1,  С= С 1,
А 1В 1 =к А В , В 1С 1=к ВС, А 1С 1 =к А С
к= , к= , к= ,
3.Теңдік белгілеріне постер құру/ екі топ /,қорғау

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту /көрнекілікте жазылған сұрақтарға жауап беру/
1.Үшбұрыштар ұқсас болу үшін І белгі бойынша қандай шарт орындалу қажет?/ бір үшбұрыштың екі бұрышы екінші үшбұрыштың екі бұрышына тең болу керек/
2. Үшбұрыштар ұқсас болу үшін ІІ белгі бойынша қандай шарт орындалу қажет?/бір үшбұрыштың екі қабырғасы екінші үшбұрыштың екі қабырғасына пропорционал, арасындағы бұрыштар тең болу керек/
3. Үшбұрыштар ұқсас болу үшін ІІІ белгі бойынша қандай шарт орындалу қажет?/ бір үшбұрыштың үшқабырғасы екінші үшбұрыштың үш қабырғасына пропорционал болуы қажет/
Есептер шығару : екі топқа бірдей кесте таратылады,тексеріледі/ екі топ бір-бірін тексереді/

Кесте
Берілгендерді пайдалана отырып, ұқсас үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау АВС А1В1С1
№ АВС үшбұрышында А1В1С1 үшбұрышында
А В С а b c А1 В1 С1 а1 b1 c1
1 40о 30о
2 5 4,6 2,5 ? 2,3 ?
3 7 5 4 ? ? 1,5
4 60о 2 1 ? ? 5

Сергіту сәті: музыка әуенімен екі қолымызды тіземізге қояйық, көзімізді жұмайық,кеудемізді кере демалайық, жасыл табиғат , таза ауаны жұтып-жұтып, болашаққа бір сәт киялдайық,өзімізге, барлық адамзат баласына жақсылық ,тыныштық тілейік! Тәтті қиялымыздан оянайық

Диктант бос орындарды қажетті ұғымдармен толықтыру
1. Бір үшбұрыштың екі бұрышы екінші үшбұрыштың__...__________
тең болу керек;
2. Бір үшбұрыштың екі қабырғасы екінші үшбұрыштың екі қабырғасына__...__________ , арасындағы__...__________ тең болу керек
3. Бір үшбұрыштың __...__________екінші үшбұрыштың үш қабырғасына __...__________ тең болуы керек

Есептер шығару оқулықтан

Бағалау

Үйге тапсырма
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.