Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Шеңберге жанама және оның қасиеттері. Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы.» тақырыптарына арналған есептер ше -

«Шеңберге жанама және оның қасиеттері. Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы.» тақырыптарына арналған есептер ше

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 7973 | Размер: | Автор: гость
. «Шеңберге жанама және оның қасиеттері.
Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы.» тақырыптарына арналған есептер шешу.

Бозова Шахзада Хамракуловна
Ибрагим Ата атындағы жалпы орта мектебінің
математика пәні мұғалімі.
Сайрам ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Сабақтың тақырыбы: «Шеңберге жанама және оның қасіеттері.
Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы.» тақырыптары-на арналған есептер шешу. Слайд1
Сабақтың мақсаты: Қиюшы, шеңберге жанама, жанасатын және қиылысатын шеңберлер үғымдарын есептер шешуде қолдану
Негізгі идеялар: Сыни тұрғыдан ойланады, есептер шығарады
Күтілетін нәтіже: • Қиюшы, шеңберге жанама
жанасатын және қиылысатын шеңберлер ұғымдарын есептер шешуде қолданады
Уақыт Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті Ресурстар, көрнекі құралдар

5мин Сабақ барысы:
1. Кіріспе
Сәлемдесу
2. Топқа бөлу
Геометрик фигуралар сызбасы бар стикерлер арқылы оқушыларды 3топқа бөлемін.Топ басшыларына критериалды бағалау парақтарын таратамын
2. Психологиялық дайындық
Смайликтер арқылы көңіл-күйін анықтаймын

«Миға шабуыл»әдісі
«Аудармашы» әдісі
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау мақсатында қолданамын. Стикерлердегі фигуралар туралы толық мәлімет беруді тапсырамын. Жауаптарын слайдтармен бекітемін

Үш топқа үш тілде қурастырылған кроссвордты шешіп, сабақтың та-қырыбын анықтауды тапсырамын.

Ауызша есептер.
1.Радиусы 8см болатын шеңбердің центрінен түзуге дейінгі қашықтық 5см. Түзу мен шеңбер қалай орналасады?
2. Радиусы 4см болатын шеңбердің центрінен түзуге дейінгі қашықтық 7см. Түзу мен шеңбер қалай орналасады?
3. Радиусы 9см болатын шеңбердің центрінен түзуге дейінгі қашықтық 9см. Түзу мен шеңбер қалай орналасады?
4.Шеңберлердің радиустары 6см және 4см, ал центрлердің арақашықтығы 7см. Шеңберлер қалай орналасады?
5. Шеңберлердің радиустары 4см және 3см, ал центрлердің арақашықтығы 7см. Шеңберлер қалай орналасады?
6. Шеңберлердің радиустары 5см және 9см, ал центрлердің арақашықтығы 11см. Шеңберлер қалай орналасады?

Ауызша тест. Тесттің кілті «Ыбырай»

«Сергіту сәті».
«Кел,балалар, оқилық» сергіту сәтін жариялаймын

Тестпен жұмыс.
Оқушыларға деңгейлеп тест карточкалары таратылады
Тест-1
1.Шеңберге жанама
А) кесінді; В) сәуле; С)түзу
2. Егер шеңберлердің центрлерінің арақашықтығы олардың радиустарының қосындысынан артық болса, бұл шеңберлер
А) қиылысады; В) қиылыспайды; С) жанасады
3. Теңбұірлі үшбұрыштың
А) үш қабырғасы өзара тең;
В) екі қабырғасы тең;
С) қабырғалары өзара тең емес
4. 90º тан кіші бұрыш
А) тік; В) сүйір; С) доғал
5. Шеңбердің центрінен түзуге дейінгі қашықтық шеңбердің радиусына тең. Шеңбер мен түзу
А) қиылысады; В) қиылыспайды; С) жанасады
6. Доғал бұрышты үшбұрыштың
А) бір бұрышы доғал; В) екі бұрышы доғал; С) үш бұрышы доғал
Тест-2
1.Тікбұрышты үшбұрыштың
А) бір бұрышы тік; В) екі бұрышы тік; С) үш бұрышы тік
2. 90º тан үлкен бұрыш
А) тік; В) сүйір; С) доғал
3. Егер шеңберлердің центрлерінің арақашықтығы олардың радиустарының қосындысынан кіші болса, бұл шеңберлер
А) қиылысады; В) қиылыспайды; С) жанасады
4. Шеңбердің хордасы
А) кесінді; В) сәуле; С)түзу
5. Шеңбердің центрінен түзуге дейінгі қашықтық шеңбердің радиусынан үлкен болса, шеңбер мен түзу
А) қиылысады; В) қиылыспайды; С) жанасады
6. Әртүрлі қабырғалы үшбұрыштың
А) үш қабырғасы өзара тең;
В) екі қабырғасы тең;
С) қабырғалары өзара тең емес
Тест-3
1. Шеңбердің центрінен түзуге дейінгі қашықтық шеңбердің радиусынан кіші болса, шеңбер мен түзу
А) қиылысады; В) қиылыспайды; С) жанасады
2. Шеңбердің радиусы
А) кесінді; В) сәуле; С)түзу
3. Сүйір бұрышты үшбұрыштың
А) бір бұрышы сүйір; В) екі бұрышы сүйір; С) үш бұрышы сүйір
4. Егер шеңберлердің центрлерінің арақашықтығы олардың радиустарының қосындысына тең болса, бұл шеңберлер
А) қиылысады; В) қиылыспайды; С) жанасады
5. 90º қа тең бұрыш
А) тік; В) сүйір; С) доғал
6. Теңқабырғалы үшбұрыштың
А) үш қабырғасы өзара тең;
В) екі қабырғасы тең;
С) қабырғалары өзара тең емес

Сәлемдеседі
Геометрик фигуралар сызбасы бар стикерлер арқылы 3 топқа бөлінеді.
Топ басшылары бағалайды
Көңіл-күйіне сай смайликтің түбіне сызады

Стикерлердегі фигуралар туралы толық мәлімет береді.
Геометриялық фигура-лардың атауын және олардың түрлерін немесе элементтерін үш тілде айтады

Кроссвордты шешіп, сабақтың тақырыбын анықтайды.

Ауызша есептерді шығарады.Жауаптары интербелсенді тақтадағы сүреттермен
бекітіледі.
Жауаптары:
1.қиылысады
2. қиылыспайды
3. жанасады
4. қиылысады
5. жанасады
6. қиылыспайды

Тесттердің жауабын табады. Ыбырай кім екенін айтады.

Ұлы жазушы, ақын Ыбырай Алтынсарин-ның «Кел, балалар, оқилық!» өлеңін орындайды

Тест пен жұмыс істейді
Топ басшылары тексереді.
Тест-1
1) С
2) В
3) В
4) В
5) С
6) А

Тест-2
1) А
2) С
3) А
4) А
5) В
6) С
Тест-3
1)А
2)А
3)С
4)С
5)А
6)А
Стикерлер
Критериалды бағалау парақтары
Смайликтер

Слайдтар 2-4

Үйлестірме қағаздар

Слайдтар 6-11

Слайд12

Тест карточкалары
10мин
Кітаппен жұмыс.
Есептер шешу.

№210 (А.Н.Шыныбеков)
Радиустары 30см және40см шеңберлер бір-бірімен жанасады. Шеңберлер сырттай және іштей жанасқанда, олардың центрлерінің арақашықтығы қандай болады?

№218 (А.Н.Шыныбеков)
Центрлері О және О1 болатын шеңберлер А және В нүктелерде қиылысады.
1) ОАО1 = ОВО1; 2) ОАВ және
О1АВ теңбүйірлі болатынын дәлелдеңдер. Оқушы есепті тақтада шығарады, оқушылар есептер шешімдерін дәптерлеріне жазып алады.
№210
Берілген:
W1 (O1; 30)
W2 (O2; 40)
W1 ваW2 жанасады
S –центрлер арақашықтығы
Табу керек:
Sсырттай жанасу - ?
Sіштей жанасу -?
Шешуі:
1)

Sсырттай жанасу=R+r
Sсырт.жанасу=30см+40см=
=70см
2)

Sіштей жанасу=R–r
Sіштей жанасу=40см-30см=
=10см
Жауабы: 70см;10см

№218
Берілген:
W(O;R)∩W1(O1;R1)=A;B
Дәлелдеу керек:
1) ОАО1 = ОВО1;
2) ОАВ және О1АВ- теңбүйірлі
Дәлелдеу:
В

А
1)Үшбұрыштардың теңдігін дәлелдеу үшін,олардың үш өзара тең элементтерін анықтау керек.
ОАО1 және ОВО1 үшбұрыштарда ОО1 – ортақ қабырға, ОА=ОВ=R, O1A=O1B=R1
Бұдан ОАО1 = ОВО1 (үшбұрыштар теңдігінің III белгісі )
2) Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш теңбүйірлі үшбұрыш деп аталады.ОА=ОВ=R. Бұдан ОАВ – тең бүйірлі.
O1A=O1B=R1 Бұдан
О1АВ– тең бүйірлі.
Дәлелденді.
Оқулық «Геометрия»
А.Н.Шыныбеков

3мин Қорытынды:
Топ басшылардағы бағалау парақтарын жинап аламын, бағалаймын.
Сабаққа рефлексия жазуды тапсырамын
Смайликтерге көңіл-күйлерін белгілеуді тапсырамын Бағалау парақтарын тапсырады

Стикерлерге өз ойларын жазып тапсырады
Смайликтерге өз көңіл-күйлерін белгілейді Бағалау парақтары

Стикерлер

Cмайликтер
Үйге тапсырма №211 №211 есептің шешімін жазып келеді Оқулық «Геометрия»
А.Н.Шыныбеков

Бағалау парақтарының үлгісі:
№ Оқушының аты-жөні Ауызша сұрақтар Кросс-ворд Ауызша есептер Тест
(ауызша) Тест(жаз-баша) Есеп-тер ше-шу Баға-лар қосындысы бағасы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.