Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шеберлік сынып тақырыбы:  «Еркін жазу» әдісі -

Шеберлік сынып тақырыбы: «Еркін жазу» әдісі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 6240 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Шеберлік сыныптың қысқа мерзімді жоспары

Мерзімі:27.05.
Шеберлік сынып тақырыбы: «Еркін жазу» әдісі
Мақсаты:«Еркінжазу» әдісінмеңгерту, оқушылардыңшығармашылыққабілетінарттырукезіндегі
тиімділігін түсіндіру.
Күтілетіннәтиже: «Еркінжазу» әдісінмеңгереді,оқушылардыңшығармашылыққабілеттерін
арттыру кезіндегі тәжірибеде пайдалана алады.
Шеберлік сыныбын өткізу әдістері: Жұптық,топтық жұмыс,СТО стратегиялары, «Еркін жазу»
әдісі,сергіту сәттері,бейнежазбалар,

уақыты Коучтің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс- әрекеті Ресурстар ,
көрнекі құралдар

2 мин

8 мин

1мин

10мин

5 мин

5 мин

2 мин

2 мин

2 мин

5 мин

3 мин Сабақтың барысы:
Мұғалімдермен сәлемдесемін. Аудиториядағы ахуалды жақсарту жаттығуы
«ӨЗІҢЕТІЛЕГЕНДІ - БАСҚАЛАРҒАТІЛЕ!» жаттығуы орындалады.

ЖАҢА САБАҚ
ТАНЫСТЫРЫЛЫМ БОЙЫНША
«ЕРКІН ЖАЗУ» ӘДІСІ туралы мұғалім жалпы түсінік береді. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
ТОПҚА БӨЛУ
Мұғалімдерді нөмірленген түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөледі.
ТАПСЫРМА:
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» тақырыбындағы мәтін
мұғалімдерге таратылып беріледі.
Мұғалім тапсырманы топтарға бөліп береді.

Тапсырманың орындалу барысын үнемі бақылап жүреді.

Постер қорғауда сұрақтарды түрлендіруге көп мән беріледі.

Топтар өзара,бірін-бірі бағалайды.

Оқыту үшін бағалауға үнемі мән беріледі.

Тапсырманы орындап болған соң,
СЕРГІТУ СӘТІ
«АҚИҚАТ НЕМЕСЕ ЖЕҢІС» мәтіні оқылып, талданады.
ОЙ ТОЛҒАНЫС.
1.Сіз қалай ойлайсыз,ақиқат дегеніміз не?

2.Мәтіндегі пікірге көзқарасыңыз қалай?

«ЕРКІН ЖАЗУ» ӘДІСІ бойынша тапсырма
Барлық топтағы мұғалімдерге «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» мәтіні жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіру тапсырылады.

Бағалау: 1. Өзін—өзі бағалауғаBLOB ағашының суретін береді,
2. Топтағы өзара бағалауғасабақ басында таратылған бағалау парақшаларына белгіленген баллдық жүйе бойынша тексеріледі.
3.Топ арасында «2 ЖҰЛДЫЗ, БІР ТІЛЕК»
арқылы бағаланады.

РЕФЛЕКСИЯ

Рефлексия парақтарын және стикерлерді таратады.
БББ бойынша пікірлерін жазу тапсырылады.



СЕРГІТУ СӘТІ
«Сабақтан шығудағы көңіл-күйді жақсарту .» бейнежазбасын ұсынады. Сабақтың барысы:
«ӨЗІҢЕ ТІЛЕГЕНДІ - БАСҚАЛАРҒА ТІЛЕ!»жаттығуы орындалады. Әр мұғалім 10-15 секунд уақыт аралығында іштерінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек ,тілеу тілейді. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолдарынан ұстап, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айтады..

ЖАҢА САБАҚ
Мұғалімдер «Еркін жазу» әдісі туралы оқып,танысады.

Мұғалімдер нөмірленген түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөлінеді.



ТАПСЫРМА:
Мұғалімдер «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» тақырыбындағы мәтінмен танысып,ой қорытып, постер қорғайды.
№ 1 топ
«Қызығушылықты ояту» кезеңін талдап,постер қорғайды
№ 2 топ
«Мағынаны тану» кезеңін талдап,постер қорғайды
№ 3 топ
«Ой-толғаныс» кезеңін талдап,постер қорғайды
№ 4 топ
Сын тұрғысынан ойлау туралы талдап,постер қорғайды
Мұғалімдер тапсырманы орындап,талдайды.

ОЙ ТОЛҒАНЫС. Мәтін бойынша өз пікірлерін айтады.

«ЕРКІН ЖАЗУ» ӘДІСІ бойынша тапсырманы орындайды.

Әр топта өзара талқылап,жақсы деген еңбекті оқиды.
Бағалау:
1. Өзін—өзі бағалау BLOB ағашы
арқылы бағаланады.

2. Топтағы өзара бағалау
бағалау парақшасы арқылы.

3.Топ арасында «2 жұлдыз, бір тілек»
арқылы бағаланады.

Рефлексия

Рефлексия парағы
1.Бүгінгі үдерісте сізге не қатты ұнады (ұнамады)? Неліктен ұнады(ұнамады) ?
2.Бұл тәсілдер қаншалықты тиімді болады деп ойлайсыз?
3.Қандай нәтиже күтесіз?
4.Оқушы шығармашылығын дамытуда «Еркін жазу» тәсілінің тиімділігі неде деп ойлайсыз?
5.Шеберлік сабағынан шыққанда қандай көңіл -күйде болдыңыз?

Стикерлер арқылы
БББ бойынша пікірлерін жазады.

СЕРГІТУ СӘТІ
«Сабақтан шығудағы көңіл-күйді жақсарту .» бейнежазбаны тыңдап,көріп ,көтеріңкі көңілде шығады.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
АКТ
Плакат,
Маркер т.б
Формативті бағалаулар,бағдаршам-карточка,смайликтер,
Бағалау парақшалары,
«Екі жұлдыз,бір тілек»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.