Меню
Назад » » »
Шешендік сөздің сапалары
загрузка...

загрузка...
Күні: Пәні: қазақ тілі сыныбы:11
Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздің сапалары
Мақсаты: 1)шешендік сөздің мазмұндылығы,сөз дәлдігі,тіл тазалығы,тіл көрнектілігі жөнінде білім беру;
2) шешендік сөздегі термин сөздер,фразеологизмдер,мақал-мәтелдер,тура мағыналы,ауыспалы мағыналы сөздердің табиғатын таныту;
3)қазіргі шешендердің сөйлеу өнерін үйрету,бос сөз сөйлеуден аулақтату,тауып сөйлеуге төселдіру,тіл тазалығын сақтауды насихаттау.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі:саралап деңгейлеп оқыту,іздендіру әдістері.
Көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы сызбалар,кесте,портрет-суреттер.
Пәнаралық байланыс:тарих-әдебиет.
Сабақтың барысы.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен жүздесіп,амандасу,түгендеу.
Үй тапсырмасын пысықтау.1.Скифтер деген кімдер?
2.Анақарыс Қоңырұлы кім? Анақарысқа мінездеме беріңдер. 3.Эллада елінде шешендік өнердің дамуына не себеп болды? 4.Қазақ елінде қандай заңдар болды?
Сабақты түсіндіру.Психологиялық кезең.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһар ала алмас.
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
Кімнің өлеңі?.Өлеңнің аты қалай?



Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман –эпопеясын оқу барысында Абайдың көптеген дау-дамайлы мәселелерді әділ шеше білетіндігінің куәсі боламыз.Абайды біз шешендік қырынан танып отырмыз.
Біздің бүгінгі тақырыбымыз- «Шешендік сөздің сапалары»
1.Пікір,ой білдіреді.
2.Сөйлеуші сипаты анықталады.

сөйлеу
Тіл амалдары пайдаланылады
Шығармашылық қабілеті.Ой әсері.Дәлелдеуі.Мәнерлеп айтуы.Көркемдеу құралдары.
3.Сөйлеу айшықтары қолданылады.
4.Дайын тілдік амал пайдаланылады.
5.Лексика-грамматикалық жағынан түрленеді. шендестіру дамыту қайталау Риторикалық сұрақ Дауыс ырғағы
Мақал-мәтелдер Жыр-өлеңдер сілтемелер Дәйек сөздер
Оқшау сөздер
Қаратпа сөздер Қыстырма сөздер
Сөйлеу адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы ой,пікір білдіру әрекеті.Сөйлеу адамның психикалық қабілетіне,қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді.Сөйлеу үстінде кісінің өзіне тән ерекшеліктері болады: өз ойын дәл,әсерлі,мазмұнды жеткізу.
Шешендік сөз-сөйлеуші шығармашылығының биігі.Шешендік сөзде сөйлеу айшықтары мол қолданылады.Бейнелі эпитеттер,мақал-мәтелдер,дәйек сөздер(цитаттар)фразеологизмдер кеңінен қолданылады.
Жаттығу жұмысы. 43-жаттығу .
1-деңгей.1.Балалар,Қаныш Сәтбаев кім? 2.Метафора,эпитет,мақал –мәтелдер,тұрақты сөз тіркестері дегеніміз не? Мұғалім тарапынан мәтіннің авторы Қажым Жұмалиев туралы мағұлмат беріледі.

Оқушы мәтінді мәнерлеп оқиды.
1.Мәтіннен фразеологизмді,мақал-мәтелдерді,эпитет,теңеулерді табуы керек.
2.Қаныш Сәтпаевтың сөзінің мазмұндылығын анықтау.
2-деңгей.
1.Мақал-мәтелдерді жалғастыру.
2.Үш бидің шешендік сөзіндегі көркемдегіш құралды тауып,шешендік сөздің түрін ажырат.
1-тапсырма.
Мақал-мәтелдегі сұрақтың орнына тиісті сөзді қойыңыз.
1.Ердің сыншысы-(кім?) Отан
2.Оқу(немен?) құдық қазғандай. Ине
3.Көп сөз-көмір,аз сөз(не?) алтын
4.Өлімнен(не?)күшті. Ұят
5.Атаңның баласы болма,(кімнің?) баласы бол халқыңның
6.Ер жігіттің екі сөйлегені-(не істегені?) өлгені
7.Жеті рет өлшеп,(неше?)рет кес. Бір
8.(қандай? ) үй базар балалы
9.(не?)отбасынан басталады. Тәрбие
2-тапсырма.Төле би мен Қаз дауысты Қазыбектің бір әділ билігіне риза болған Әйтеке би көп адам отырған жиында:
Бүркіт бол заманыңыз түлкі болса,
Бай болар кедей жігіт мүлкі болса.
Жақсылардың белгісі сол емес пе,
Қара қылды қақ жарған әділ болса,-депті
а/қандай көркемдік құралдарды қолданған?
б/шешендік сөздің қай түріне жатады?.
3-деңгей.1.Шешендік сөздің авторларын тап.2 Қазіргі шешендік сөздің түрлеріне ажырат.3. Кестені толтыру.
1-тапсырма.Шешендік сөздермен танысып,кімнің сөздері екенін тап.
1.Біз қазақ деген мал баққан елміз,
бірақ ешкімге соқтықпай жатқан елміз.
Сен темір болсаң ,мен көмірмін.
Еріткелі келгенмін.
Екі елдің арасын теліткелі келгенмін.
2.Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса.
Жол бастау қиын емес,
Соңыңнан ерген елің болса.
Бәрінен сөз бастау қиын:
Тауып айтсаң береке қылады,
Таппай айтсаң келеке қылады.
2-тапсырма.Мәтіндермен танысып,қазіргі шешендіктің қандай түрлеріне жататындығын анықтаңыз.
1.Дүниеде адам өмірінен асқан құндылық болған емес,болмайды да.Сондықтан оны саудаға салып,ойыншыққа айналдырудан өткен күнә жоқ.Әсіресе діні бір,жұртты бір-біріне айдап салып,ажал отына итермелеу-мұсылманшылыққа,жалпы дін жолына жат қадам.
2.Мені күнәлап,айыптау үшін бүкіл ұжымның еңбегін жоққа шығарып,табысын мансұқ етуге барды.Шындыққа жанаспайтын бұл өтірікті көріп-біліп отырып,комиссия құрамына енген бұрынғы өз түлектеріміз де бұған қолын қойып,табансыздық танытты.Міне осы адамдық па,осы да азамат ісі ме?
Біле білсек,адам өмірінің басты жемісі,артта қалдырар қымбат мұрасы-оның жақсы атағы,ел есінде жағымды жан ретінде қалуы.(жақсының аты өлмейді деу осыдан).
3-тапсырма.Кестені толтыр.
Дәуір,ғасыр Шешен немесе авторы Еңбектері
1 Көне дәуір «софист», «парменид»
2 Көне дәуір «риторика», «метафизика»
3 Көне дәуір «жеті жарғы»
4 ХХ ғасыр «әдебиет танытқыш»
5 ХХ ғасыр Балтабай Аманбаев
6 ХХ ғасыр «билер айтысы»
4-деңгей. (Эвристикалық).
«біз қандай жағдайда өркениетті ел бола аламыз?»тақырыбында бәсекеге төтеп беретін50 елдің қатарына кірудің стратегиялық жоспарын құру.
Сонымен балалар,сабағымызды қорытындылайық.
Шешендік сөздің сапаларына не жатады?
Тіл тазалығы
Ой жүйелілігі
Сөздің мазмұндылығы
Сөз қысқалығы
Сөз сапалары Сөз түсініктілігі
Сөз әуездігі
Сөз байлығы
Сөз анықтылығы
Сөз дұрыстығы
Сөз дәлдігі
Балалар,сендер сөзді орнына,мәнді,дұрыс қолдана білесіңдер.Қазақстанның беделді де белсенді азаматтары болыңдар!.
Бағалау.
Үйге:44,45-жаттығулар. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Шешендік сөздің сапалары можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 461 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar